Емі. Пенициллин, тетрациклин, ауыр жағдайларда токсинге қансарысу енгізеді.
Микробиологиялық зерттеу.
Зерттеу мақсаты. Стрептококкты табу және оның сероварын анықтау.
Зерттеу материалы. 1. Аңқадан шырыш алу (ангина, скарлатина)
2. Зақымданған теріден жағынды алу (стрептодермия, рожа)
3. Ірің (абсцесс)
4. Зәр (нефрит)
5. Қан (эндокардит, сепсис)
Материалды алу әдістері.
Кілегей қабатынан шырыш- стерильді мақта тампонымен алады.
Іріңді ашық жарақаттан – стерильді мақта тампонымен алады.
Іріңді жабық жарақаттан – стерильды шприцпен алады.
Қан- тамырдан шприцпен 10-15 мл алады.
Зәр- катетермен стерильді ыдысқа алады.
Негізгі зерттеу әдістері.
Бактериологиялық
Микроскопиялық
Пневмококктар.
Пневмококктарды бірінші рет 1871 жылы Р. Кох анықтаған.
Морфология. Пневмококктар бұл диплококктар – екі – екіден орналасқан, көлемі 0,75 – 0,5 * 0,5 – 1 мкм. Сұйық ортада тізбектеліп стрептококктарша орналасады. Пневмококктар қозғалмайды, спора түзбейді, организмде капсула құрайды. Капсулада ыстыққа шыдамды антифагин деген зат болады, ол пневмококкты фагоцитоздан және қарсыдененің әсерінен қорғайды. Жасанды қоректік ортада капсуласы жойылады. Пневмококк Грам оң.
Кильтивирлеу. Пневмококктар факультативті анаэробтар 36-37 градус температурада, рН 7,2 – 7,4 ортада өседі. Олар қоректік ортаға талғампаз, себебі өздері аминқышқылдарын синтездей алмайды. Қансарысу агарда ұсақ нәзік, мөлдір колониялар құрайды.
Қанды агарда жасыл аймақпен қоршалған, жасыл- сұрғылт түсті дымқыл колония құрайды, жасыл түс – бұл гемоглабиннің метгемоглабинге айналуы.
Пневмококктар қансарысу сорпада және 0,2 глюкоза қосылған сорпада жақсы өседі. Сұйық ортада өсім лайланған және түбінде тұнба болады.
Достарыңызбен бөлісу: |