Кіріспе Микробиологияның даму тарихы



бет29/69
Дата18.12.2023
өлшемі177,17 Kb.
#197487
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   69
Байланысты:
микробиология лекция (копия)

Таралу жолдары. Ауа түйіршіктері, ауа шандыры, тамақ арқылы, тұрмыстық – жанасу арқылы таралады.
Ауру экзогенді және эндогенді жұқтыру арқылы (мұрын қуысындағы, аңқадағы, қынабтағы шартты – патогенді стрептококктардан) болады. Организмнің қарсыласу қабілетінің төмендеуінен аутоинфекция болуы мүмкін.
Ауру адамдарда А серологиялық тобының β – гемолитикалық стрептокогі тудырады. Олар патогенді ферменттер өндіреді:
1. гиалуронидаза
2. фибринолизин
3. дезоксирибонуклеаза
Сонымен қатар стрептококктарда капсула, М - протеин анықталған, олардың фагоцитозға қарсы қабілеті бар. Стрептококкалар адамдарда жедел және созылмалы іріңді және іріңсіз инфекциялық аурулар қоздырады.
Іріңді аурулар- флегмона, абсцесстер, жарақат инфекциясы.
Іріңсіз аурулар – жедел жоғарғы тыныс жолдары инфекциялары, (рожа) тілме қабыну, скарлатина, ревматизм, т.б.
Иммунитет тұрақты емес. Стрептококкты ауруларда организм жоғары сезімталды, сондықтан кейбір аурулар қайталанып тұрады.
Алдын - алу шаралары. Санитарлы - гигиеналық шаралар, организмнің қорғанысын нығайту.
Арнайы шаралары жоқ.
Емі. Көбінесе антибиотиктер қолданылады: пенициллин, тетрациклин, эритромицин, т.б.
Ревмокардит этиологиясында стрептококктың маңызы.
Ауруды стрептококктың қоздыратынын мына факторлар көрсетеді:
1. Ауруды аңқасынан β – гемолитикалық стрептококк алынған.
2. Ревматизм, ангина, тонзиллит, фарингит ауруларынан кейін пайда болады.
3. Аурудың қансаруынан стрептококктың ферментіне, токсиніне қарсы антистрептолизин, антистрептогиалуронидаза анықталған.
Ревмокардитке қарсы алдын – алу шарасы: көктемде- күзде пенициллинмен егеді.
Скарлатина этиологиясында стрептококктың маңызы. Скарлатинаны эритрогенді токсин өндіретін А – тобының стрептокогы қоздырады. Аурудан кейін тұрақты иммунитет пайда болады. Оның күшінДИК реакциясын қою арқылы біледі, яғни тері астына эритрогенді токсин енгізеді. Ауырмаған адамда енгізген жерде ісік және қызару пайда болады- яғни реакция оң (қансарысуда антитоксин жоқ). Ауырған адамда мұндай реакция болмайды, себебі пайда болған антитоксин эритрогенді токсинді нейтралдайды (бейтараптандырады).
Алдын- алу шаралары. Ауруды оқшаулайды, ауруханада. Жанасқандарға, балаларға гаммаглобулин енгізеді.
Арнайы шаралары жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   69




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет