Когнитивті лингвистика


«..... адамның дүние танудағы



Pdf көрінісі
бет15/81
Дата21.12.2022
өлшемі0,63 Mb.
#163766
түріОқулық
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   81
Байланысты:
document (3)

«..... адамның дүние танудағы
жетістіктері сөзде, сөйлем
құрылысында тіркеледі»
С. Аманжолов
«Ғылым да адам санасының
жемісі, адам тәжірибиесінің
қорытындысы»
Қ. Жұбанов
«Лебіз ашық мағыналы болу үшін
айтушы айтатын нәрсесін анық
танитын болу керек»
А. Байтұрсынұлы
«Тілдің ішінен бәрі табылады, тек
тани білетін қырағылық керек»
Ғ. Мұсабаев
Қазақ тілтаным ғылымының
тұжырымдамалық негізі
«Жеке сөздер жеке ұғымдарды
білдіреді..... ұғымдардың өзі
айналадағы құбылыстың,
жаратылыстың , әрекеттің санадағы
сәулесі»
Н. Сауранбаев
29


Пайдаланған әдебиеттер: 
1. Оразалиева Э. Қазақ тіл біліміндегі когнитивтік парадигма (Филология
ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған
диссертация) Алматы, 2007
2 Байтұрсынов А. Тіл тағылымы – Алматы: Ана тілі, 1992. – 448 б.
3 Кемеңгерұлы Қ. Үш томдық шығармалар жинағы. Зерттеулер, 
мақалалар, пьесалар, әңгімелер т.б. І- том – Алматы: Алаш, 2005. – 320 б.
4 Жанұзақ Т. Дарынды ғалым – ұлағатты ұстаз // Жұбанов тағылымы. VI 
Халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. – Ақтөбе- 2005.
– 530 б. – 12-15 бб.
5 Сыздықова Р. Сөз құдіреті – Алматы: Санат, 1997. – 224 б.
6 Аманжолов С. Қазақ әдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы – Алматы:
Санат, 1994. – 320 б
№4 дәріс
Когнитивтік лингвистиканың ғылымдар арасындағы орны 
Жоспар:

Когнитивтік лингвистиканың басқа ғылымдармен байланысы.

Когнитивтік лингвистика және тіл білімінің салалары
Дәріс тезисі
Когнитивтік лингвистиканың басқа ғылым салаларымен байланысы
тығыз. Өзге лингвистикалық пәндер арасында өзіндік мәртебе иеленуі оның
антропоөзектік парадигманың белең алуымен байланысты нақтылана түсті.
Оның ішінде психолингвистика мен когнитивтік лингвистиканың
байланысының өзіндік мәні бар. 
Кез-келген халық тілі – сол халықтың реальды этникалық болмысының
айнасы. Тіл ғалам туралы білімді сыртқа көрсетіп қана
қоймайды,ғұмырнамалық тәжірибенің түпсанада бедерленіп үздіксіз
сұлбалануына және оның айқындалуына, ұрпақтан-ұрпаққа жетуіне қалтқысыз
қызмет етеді. М.Хайдеггер «язык как протранство мысли и дом «духа»» деген
пікір айтқан. Адамзат өзін қоршаған шындықты,әлемдегі сан алуан құбылыстар
мен олардың сапа –қасиетін сезім мүшелері арқылы сіңіріп, санамен түйсініп
қана қоймайды,оған жауап қайырады, ақпаратты өзінше жаңғыртып, жаңа
сапада қайта жасауға саналы-санасыз күйде талпыныс жасайды, өңдейді,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет