Кудьярова гульнара базарбаевна


Метафораның ағылшын тілінен қазақ тіліне аударылуы



бет15/20
Дата28.01.2022
өлшемі229,68 Kb.
#115287
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
дипломный Гульнар нов

2 Метафораның ағылшын тілінен қазақ тіліне аударылуы

2.1 Түпнұсқа мәтініндегі метафоралық ауысулардың когнитивтік жолдары
Соңғы кездерде метафора когнитивтік бағытта қарастырыла бастады. Тілдің ойды қалыптастырушылық маңызын негізгі бағыт етіп алған А.А.Потебня тілдік семантиканы дамытудың бір құралы ретінде - метафоралық ауысу деп көрсетеді. В.Г.Гак және В.Н.Телия метафораның аталымдық, когнитивтік қызметіне назар аударады. Тілдік даму мен адамның когнитивтік процестермен тығыз байланысы тіл біліміне жаңаша көзқараспен келуді талап етті. Осы мәселе туралы Е.С.Кубрякова: «Когнитивная наука поставила перед собой воистину глобальные задачи и, вовлекая в их решение специалистов по лингвистике, заставила последних пересмотреть и цели теоретической лингвистики, и ее методологические основания, и само понимание языка, и его роль в познавательных процессах человека» - деп тұжырымдайды [92, 13 б.]. Метафораның когнитивтік тұрғыда қарастырылуы адамның қоршаған әлемді қабылдауымен байланысты. Адамның ойлау әрекетінің негізінде жатқан білім қорындағы әртүрлі операциялардың жасалуы ауысуларға әкеледі. Бұл ауысулар адамның қоршаған әлемді тану үлгілерін құрайды. Метафораларда нысандар шегінің бұзылуы жаңа мағына, ұғымдар туындауына жол ашады.

Когнитивтік теориясы туралы Эрл Маккормактың пікірі: «Рассматриваемые изнутри, метафоры функционируют как когнитивные процессы, с помощью мы углубляем наши представления о мире и создаем новые гипотезы. Рассматриваемые извне, они функционируют в качестве посредников между человеческим разумом и культурой. Новые метафоры изменяют повседневный язык, которым мы пользуемся, и одновременно меняют способы нашего восприятия и постижения мира» [93]. Бұл ойы арқылы біз метафораны танымдық үрдіс ретінде суреттеуде тілді жасаушы, тілдік таңбаларды анықтаушы, адам ойын дамытатын және де оның санасының терең құрылымдық сипаты екенін байқаймыз. Сонымен қатар зерттеуші когнитивтік тұрғыда метафораның зат-мағына-таңба үштігі шеңберінде қарастыра отырып, ауыспалы мағыналардың туындауы фреймдер арқылы жүзеге асады дейді. Фреймде дүние туралы қабылданған жалпы білім көрініс береді. Біз жеке сөздерді қабылдап, түсініп қана қоймаймыз, сонымен бірге сөйлесімдік жағдаятты да қабылдаймыз. Жаңа мағыналы сөздердің жасалуын когнитивтік тұрғыда жаңа мағына жасауға негіз болып тұрған сөздерді негіз-фрейм деп алып, метафоралардың нәтижесі мақсат-фрейм ретінде қабылданады.

Метафоралардың жасалуының танымдық қырын түсінуге баспалдақ болған фреймдер мен сценарийлер туралы М.Минский, Ч.Филлмор, А.Н.Баранов қарастырды. Фрейм сөзі құрылым деген мағынаны білдіреді. М.Минский фрейм терминін былай деп көрсетеді: «Фрейм - стереотипті ситуацияларды елестетуге арналған құрылым. Әр фрейм арқылы әртүрлі ақпарат асоциацияланады» [94]. Т.А. Ван Дейктің көзқарасы бойынша: «фреймдер дегеніміз белгілі бір концептің төңірегінде ұйымдасқан бірліктер. Ассоциациялардың жай жинағынан фреймдердің айырмашылығы, олардың өздері ассоциацияланатын қандай да болмасын концепт жайлы негізгі, арнаулы және барынша кең мағлұматтарды иелену мүкіндігінде» [95] десе, В.Б. Касевичтің пікірінше: «лингвистика ғылымының бүгінгі даму деңгейінде ғалымдар концепциясы бойынша, ақпараттарды ұйымдастырудың маңызды әдістерінің бірі болып саналатын тіл көбінесе фреймдер жүйесін білдіреді»- дейді [96]. Фреймде жалпылама болмыс стереотипті түрде қабылданады. Фрейм тілдік өзгеріспен байланысты. Жаңа фреймдердің пайда болуымен бірге сөз мағынасы өзгеріп қолданыстың жаңа саласына өтеді.

Когнитивтік метафора теориясы бойынша «ауысу» жекелеген атау емес, бүтін концептуалдық құрылым (схема, фрейм, модель, сценарий), тілді тасымалдаушының санасында белгілі бір сөзбен актуалданады (метафора фокусы). Метафоралық ауысулар белгілерді модельдеуге мүмкіндік береді.

Зерттеушілердің көзқарасы бойынша, тілдегі метафоралық ауысулар нақты заңдылыққа бағынады және белгілі бағыттарда жүргізіледі. Кең тараған түрлерінің ішінде Г.Н.Скляревская келесі схемадағы ауысуларды айқындайды: ЗАТ > ЗАТ (the Soamses in their nest ); ЗАТ > АДАМ (the letter was like a boy); ЗАТ > ФИЗИКАЛЫҚ ӘЛЕМ (He has been admitted to a vision of the dim roads of social progress); ЗАТ > ПСИХИКАЛЫҚ ӘЛЕМ (Life was slipping away from her); ЗАТ > АБСТРАКЦИЯ (Revel between earth and heaven); ЖАНУАР > АДАМ (They were old cats ); АДАМ > АДАМ; ФИЗИКАЛЫҚ ӘЛЕМ > ПСИХИКАЛЫҚ ӘЛЕМ [51, 30 б.].

Метафора жағдай, қасиет пен әрекеттерді сипаттайтын семантикалық жақындық негізінде бір құбылыстың екіншісіне ұқсауы кезінде пайда болады. Формалды түрде қарасақ, метафоралық ауысу предикаттық белгілері болып есептелетін шартты тепе-теңдік негізінде болмыстың бір объектілерін белгілеуге арналған. О.И.Глазунованың айтуынша, шындық туралы метафоралық ауысуға салынған когнитивтік түсініктер сөйлемде белгілі бір семантикалық, эмоционалдық, ақпараттық және стилистикалық мәртебесі және өзінің функционалдық сипаты бар нақты тілдік формаларда іске асады [97]. Метафоралық ауысу кезінде жасалатын ассоциативті байланыстар жалпы қабылданған сипатта болады немесе қарастырылып отырған жағдайдың субъективті авторлық бағасына сүйенеді.

Метафоралық мағыналарды презентациялаудың поэтикалық тәсілі болып табылатын генитивтік құрылымдар түрі жағынан ықшам, әрі толық мазмұнды келеді. Предикаттан метафоралық аталымның айырмашылығы генетивтік құрылымдар предикаттық белгілердің бірі арқылы нысанды сипаттайды. Олардың сөйлемдегі функционалды рөлі адресаттың назарын тілде сөйлеушінің санасында бекіген айқын контрастивтік мағынадағы құрылымдарға назар аударту болып табылады.

Түпнұсқа мәтіндегі метафоралық ауысудың тілдік механизмі түрліше. Метафоралық ауысу: 1) нысанды атауда: "the house was an oven when the air conditioner broke in July – үйді қатты ыстыққа теңеген кезі; the house was a white elephant –үй қажетсіз сыйлық еді; 2) предикат қызметіндегі зат есімде: Thomas is an industrious beaver, devising intricate plans for the treehouse and fashioning the wooden pieces – Томас ол ағаш үйге қатысты қызықты жоспарлары бар және ағаш бөліктерін жапсыратын еңбек сүйгіш құндыз; he had become almost a myth – ол мүлдем миф болып қалды; 3) етістік пен предикат қызметіндегі етістік формаларында: the man fell under her spell – ер жігіттің ұнатып қалуы; by deserting his wife and child – әйелі мен баласын тастау; 4) сын есім мен үстеулерді қолдануда: heated argument – қызу қанды пікірталас; cold grey eyes– суық сұр көздер; the spidery fingers of her hands – оның қолдарының ұқыпсыз саусақтары; 5) генитивті тіркестерде: the straw of the water – судың сабаны; the eyes of the flowers – гүлдің көздері; crown of red-gold hair – сары, алтын түстес шаштардың тәжісі; 6) адвербиалды құрылымдарда: he ran musically – ол әуенді жүгірді ; 7) салыстырмалы құрылымдарда: a film like a bird was beginning to come, followed her – фильм оған құстай көріне бастады; 8) тұрақты фразеологиялық тіркестерде.

Метафоралық мағыналардың түрлі реңктерін жүзеге асыруға арналған. Метафоралық ауысулардың өнімді түрі болып атрибуттық немесе адвербиалды атрибуттық метафоралар. Көркем мәтінде атрибуттық метафоралар идеологиялық статусқа ие болады және шығарманың басты кейіпкерлерін субьективті-авторлық тұрғыда сипаттайды. Бұл жағдайда коннотативті реңк басым болады. Метафоралық тіркестердің ішінде жиі қолданылатын атрибуттық сөз тіркестер тобы. Атрибуттық құрылымның тобын көсемше, есімшелі сөз тіркестері, субстантивтік сөз тіркестері жатады. Соңғы атрибуттық құрылым тобының ерекшелігі шынайы болмыс нысанына бағыттайды, ал атрибуттық мағынадағы лексема метафоралы түрде қолданылады.

Метафоралық ауысудың басым бөлігін салыстыру құраса да, метафоралық құрылымдар әруақытта салыстырмалы айналымдарға ауыса бермейді. Салыстырмалы құрылымдар бір жағынан шынайы болмысты көрсететін логикалық тілдік құрылымдар болса, екінші жағынан мағынаның метафоралық ауысуының негізін құрайды. Салыстырмалы айналымдардың лингвистикалық табиғаты предикаттық белгімен байланысты және оның семантикалық мағынасы нысанды немесе құбылысты сипаттау болып табылады.

Басты және көмекші субьектілердің арасындағы қатынас предикат белгіге негізделгендіктен атауыштық қызметтегі коннотативті образдар салыстырмалы құрылымда әрқашан қолданыла бермейді. Болмысты ментальды қабылдаудың негізі болып табылатын белгілердің субстантивтік әмбебап жүйесі предикаттық сипаттағы тұрақты ассоциациялық образдардың тілде сөйлеушілердің санасында қалыптасуының базасы болады. Коннотативті образ-символдардың айқын белгіленген мағынасы бар және жаңа семантикалық құрылымдар жасаудағы болмысты субьективті-авторлық қабылдауды бейнелейді. немесе ұлттық ерекшелігіне орай тілде сөйлеушінің санасында предикат белгілердің мағынасын күшейтеді. Тілдік бірліктерді жасаудағы ауысулардың кеңінен қолданылуы адам мен оны қоршаған әлем нысандарының бір-бірімен байланыста құрылғандығынан деп санаймыз. Метафораның негізгі құндылығы - бір мағынаның екіншісіне ауысуының нәтижесінде жаңа мағыналық өріс пайда болады. Адамның көру мүшесі арқылы танылып, ұқсастығы белгіленетін «сыртқы пішін» көбінесе нақты заттарды атауда кеңінен қолданылады. Сонымен қатар, метафораны түрі мен орналасуына қарай әртүрлі түсіндіруге болады. Шығарманы түсінуде маңызды фактор болып мағыналар, концептуалдық құрылым (фрейм, сценарий, модель) болып саналады. Егер оқырман контексттің ішінде метафораны қарастырса, метафораның мағынасы кеңейеді.

Когнитивтік талдау сөздің танымдық табиғатын таныту барысында «компоненттік талдау», «семантикалық талдау» әдістерімен ғылыми әдістемелік байланысқа түседі. Компоненттік талдау әдісі- мағыналы тіл бірліктерінің мазмұндық жағын зерттеу әдісі. Бұл талдау әдісі мағынаның ең кіші семантикалық бөлшектерін ажырату. Ол әрбір тіл бірлігінің мағынасы семантикалық белгілерден яғни семалардан тұратыны, тілдің сөздік құрамы шағын семантикалық белгілердің көмегімен анықталуы мүмкін деген ғылыми болжамға негізделген. Компоненттік талдау әдісі алғашында XXғ.50 жылдары анықтала бастады, және ол лексиканы зерттеуде әр түрлі тілдердегі лексикалық бірліктердің шағын тобын сипаттау үшін пайдаланылған. Компоненттік талдау әдісі тіл туралы жүйелі-парадигмалық түсініктермен, тығыз байланысты.

Сөздердің сөйлеу кезіндегі қызметіне байланысты компоненттік талдау әдісін синтагматикада қолдануда бірқатар заңдылық бар. Осылардың негізінде сөз тіркесінде сөздерді дұрыс қолдану ережелері қалыптасады. Мысалы, олар сөздердің сұрыпталу шегін анықтау (Дж.Кац, Дж.Фодор), лексикалық мағыналарды білдіру (Ю.Д.Апресян), семантикалық келістіру (В.Г.Гак) т.б.

Когнитивтік талдау ойдың өрелігімен, рухани білімнің қуаттылығын қажет етеді және жаңа ақпараттар арқылы үнемі өзгеріске түсіп отыратын «ішкі әлемнің» үлгісін жасауға жәрдемдеседі, сонымен қатар, оның адамдар арасындағы қарым-қатынастарындағы келісімдер мен қарама-қайшылықтарды анықтауда таптырмайтын әдіс болып табылады.

Шарлотта Бронтенің «Jane Eyre» романындағы танымның бір түрі болып саналатын метафораларды танымдық тұрғыда талдаудың негізінде олардың табиғатымен танысуға болады [98]. Метафоралық тіркестердің құрылымдық-семантикалық сараптамасы денотаттарды зерттеу шеңберінде жүргізіледі. Көптеген ғалымдардың пайымдауынша, тілдегі метафоралық ауысулар нақты заңдылыққа бағынады. Жазушы дүниені ерекше байқағыштығы мен өте күшті сезімталдығын, сол сезген, байқаған, көрген дүниесін сөзбен суреттеп жеткізу қабілеттерінің күштілігін танытады. Белгілі бір ұғымды түсіндірудегі қолданған сөз айшықтарынан оның дүниеге деген көзқарасын байқауға болады. Жазушыға тән ерекшелік-абстрактілі ұғымдарды ой елегінен өткізіп метафоралар арқылы бейнелеп жеткізеді. Тілді танымдық тұрғыдан зерттеу мәселесі көптеген ғылыми сала әдістерінің кешенді гармониясымен және ойлау, ой түю, қабылдау, түйсіну, қорытындылау, тану, танымдық талдау тәрізді деректі-дерексіздік құбылыстарды нақтыландыру әдісі тұрғысынан қарастырылады.

Ш.Бронтенің «Jane Eyre» романындағы табиғатқа, әртүрлі кейіпкерлерге және салыстырмалы құрылымдарға негізделген метафоралардың аудармаларына танымдық талдау жасап көрелік.

Мысалы: I could not see into the interior; and both my eyes and spirit seemed drawn from the gloomy house--from the grey-hollow filled with rayless cells, as it appeared to me--to that sky expanded before me,--a blue sea absolved from taint of cloud; the moon ascending it in solemn march; for those trembling stars that followed her course; they made my heart tremble, my veins glow when I viewed them.

Sky was a blue sea absolved from taint of cloud – аспан ешқандай бұлттары жоқ, тазартылған көк теңіз болатын. Автор аспанның каншалықты ашық екенін оқырманға жеткізу үшін аталған метафораны қолданған. Когнитивтік метафораның айқын мысалы, зат→физикалық әлем бағытында жүргізілген метафоралық ауысу үлгісі предикат кызметіндегі етістік арқылы жүзеге асып тұр. Негіз-фрейм «taint-індет» жаңа мағына қолданылып, табиғат құбылысына байланысты мақсат-фреймге ауысып, ұғымды вербалдайды. Мақсат фреймге бұлттардың болмағаны арқылы аспанның ашық екенін білдіргісі келген. Бұл ауысуда мақсат-фреймнің ұяшығы жаңа ақпаратпен толықты. Көбінесе індет сөзі аурумен байланысты қолданғандықтан, бұл тіркесті ешқандай бұлттары жоқ деген мағынада түсіндіріліп тұр.

I could not see into the interior; and both my eyes and spirit seemed drawn from the gloomy house--from the grey-hollow filled with rayless cells, as it appeared to me--to that sky expanded before me,--a blue sea absolved from taint of cloud; the moon ascending it in solemn march; for those trembling stars that followed her course; they made my heart tremble, my veins glow when I viewed them.

Trembling stars made my heart tremble – дірілдеген жұлдыздар менің жүргімнің мазасын кетірді. Когнитивті метафора, физикалық әлем→психикалық әлем үлгісі бойынша жасалған метафоралық ауысу предикат қызметіндегі зат есім арқылы жасалып тұр. Автор «tremble-дірілдеген» деген сөзді қолдану арқылы оқырманды өзіне қарату үшін қолданған. Негізгі фрейм «trembling stars» арқылы Джен Эйрдің жүрегінің дірілдегенін, яғни қыздың сенімсіздігін білдіргісі келген.

Whether is it better, I ask, to be a slave in a fool's paradise at Marseilles--fevered with delusive bliss one hour- -suffocating with the bitterest tears of remorse and shame the next- -or to be a village-schoolmistress, free and honest, in a breezy mountain nook in the healthy heart of England?

Heart of England - Англияның жүрегі. Когнитивтік метафора затты атауға негізделген. Зат→физикалық әлем үлгісі бойынша жасалған метафоралық ауысу. Мұндағы зат есім «heart - жүрек» жаңа мағынада қолданылып «орталық» деген мағына жасап тұр. Негіз-фрейм - «жүрек» мақсат-фрейм «орталық» сөзіне ауысты. Мақсат-фреймге жүрекпен байланысты ақпарат жаңғыртылып, Англияның басты, маңызды, орталық қала екенін сипаттау үшін қолданылған. Когнитивтік концептуалды деривация үдерісі орын алған. «Heart - жүрек» зат есімі мағынаны вербалдайды.

He lifted his gaze, too, from the daisies, and turned it on her. An unsmiling, a searching, a meaning gaze it was. She answered it with a second laugh, and laughter well became her youth, her roses, her dimples, her bright eyes.

Bright eyes – жарқын көздер. Бұл когнитивтік метафорадағы метафоралық ауысу сын есім арқылы жасалып тұр. Зат→психикалық әлем үлгісі бойынша жасалған метафоралық ауысу. «Bright» сын есімінің бастапқы мағынасы «жарқын, жарқыраған» бірақ, «eyes – көздер» зат есімімен жаңа мағынада қолданылып, «бақытты, есте қаларлық» мағынасына ие болады. «Bright» сын есімі «happy, shining eyes» ұғымын вербалдайды.

"Well, well! who knows what may happen?" said Mr. Lloyd, as he got up. "The child ought to have change of air and scene," he added, speaking to himself; "nerves not in a good state."

The child ought to have change of air and scene – бала ауа мен көріністі өзгертуге тиіс. Бұл когнитивтік метафорадағы метафоралық ауысу предикат қызметіндегі зат есім арқылы жүзеге асады. Зат→физикалық әлем үлгісі бойынша жасалған метафоралық ауысу. «Air and scene» зат есімінің бастапқы мағынасы «ауа мен көрініс» бірақ, ол балаға байланысты жаңа мағынада «жер,орын» мағынасына ие болады. Метафора баланың тұрып жатқан жерін өзгертуді сипаттау үшін қолданылып тұр. Сондықтан бұл метафораның орнына «The child ought to have change place» - ті қолдануға болар еді.

I had often heard the song before, and always with lively delight; for Bessie had a sweet voice,--at least, I thought so. But now, though her voice was still sweet, I found in its melody an indescribable sadness. Sometimes, preoccupied with her work, she sang the refrain very low, very lingeringly; "A long time ago" came out like the saddest cadence of a funeral hymn. She passed into another ballad, this time a really doleful one.

Sweet voice – тәтті дауыс. Бұл когнитивтік метафорадағы метафоралық ауысу сын есім арқылы жасалып тұр. Зат→физикалық бойынша жасалған метафоралық ауысу. «Sweet» сын есімінің бастапқы мағынасы «тәтті» бірақ, «voice –дауыс» зат есімімен жаңа мағынада қолданылып, «құлаққа жағымды» мағынасына ие болады. «Sweet» сын есімі «pleasant» ұғымын вербалдайды.

Mrs. Reed was rather a stout woman; but, on hearing this strange and audacious declaration, she ran nimbly up the stair, swept me like a whirlwind into the nursery, and crushing me down on the edge of my crib, dared me in an emphatic voice to rise from that place, or utter one syllable during the remainder of the day.

"That proves you have a wicked heart; and you must pray to God to change it: to give you a new and clean one: to take away your heart of stone and give you a heart of flesh."

Heart of stone - тас жүрек. Когнитивті метафора, атрибуттық құрылым жасайтын «heart of stone-тас жүрек» тіркесі ауыспалы мағынада қолданылған. Бұл тіркес «ruthless, heartless – мейірімсіз, рақымсыз» ұғымын вербалдайды. Зат→физикалық үлгі бойынша жасалған метафоралық ауысу. Когнитивтік концептуалды деривация үдерісі жүреді.

"That proves you have a wicked heart; and you must pray to God to change it: to give you a new and clean one: to take away your heart of stone and give you a heart of flesh."

Heart of flesh – дене жүрегі. Метафоралық ауысу предикат қызметіндегі зат есімді қолдану арқылы жүзеге асып тұр. Зат→зат үлгісінде жасалған метафоралық ауысу. Метафора атрибуттық құрылым болып, нысан «жүрек» тура мағынадығы зат есім ретінде беріліп тұр, ал субъект «flesh – дене» - метафоралық ауыспалы мағынада. Негіз- фрейм «дене» мақсат- фрейміне, яғни «адами жүрек» мағынасына ауысып тұр.

When I colour, and when I shade before Miss Oliver, I do not pity myself. I scorn the weakness. I know it is ignoble: a mere fever of the flesh: not, I declare, the convulsion of the soul. THAT is just as fixed as a rock, firm set in the depths of a restless sea. Know me to be what I am--a cold hard man."

Сold hard man – суық, қиын ер жігіт. Мұнда ұқсастыққа негізделген гетерогенді метафораны айтуға болады. Метафора ұғымдар ұйқасына негізделген. Зат→физикалық әлем бағытында жүргізілген метафоралық ауысу үлгісі «cold - суық» сын есімін қолдану арқылы жүзеге асып тұр. «сold hard man» метафорасы адамның сырт келбетін суреттеуде әсерді күшейтеді. Аталым туралы сөз еткенде «cold -суық» сын есімін «indifference - парықсыз», «wicked - зұлым» сын есімдермен ауыстыруға болады. Өйткені, «cold - суық» сын есімінде «жылы шырайсыз, қатал, парықсыз» реңктері бар.

I resisted all the way: a new thing for me, and a circumstance which greatly strengthened the bad opinion Bessie and Miss Abbot were disposed to entertain of me. The fact is, I was a trifle beside myself; or rather OUT of myself, as the French would say: I was conscious that a moment's mutiny had already rendered me liable to strange penalties, and, like any other rebel slave, I felt resolved, in my desperation, to go all lengths. "Hold her arms, Miss Abbot: she's like a mad cat."

Like a mad cat – есуас мысық сияқты. Когнитивті метафора. Метафоралық ауысу «like» салыстырмалы құрылымы арқылы жүзеге асқан. «Mad cat - есуас мысық» зат есімі жаңа мағынада қолданылып тұр және ол адамға қатысты айтылып тұр. Метафоралық ауысудың орын алуы «есуас мысық деп әдетте тыңдамайтын, ақылсыз мысықты айтады. Осылайша «mad cat - есуас мысық» «fool, stupid person» ұғымын вербалдап тұр.

Amidst the silence of those solitary roads and desert hills, I heard it approach from a great distance. It was the same vehicle whence, a year ago, I had alighted one summer evening on this very spot--how desolate, and hopeless, and objectless! It stopped as I beckoned. I entered--not now obliged to part with my whole fortune as the price of its accommodation. Once more on the road to Thornfield, I felt like the messenger-pigeon.

Like the messenger-pigeon – пошта көгершіні сияқты. Когнитивті метафора. Метафоралық ауысу «like» салыстырмалы құрылымы арқылы жүзеге асқан. Мұндағы пошта көгершіні деп өз үйіне қайта оралатын көгершін сияқты сипаттаған. messenger-pigeon - негіз фрейм болады. Мақсат фрейм- үйіне қайта оралу.

In her turn, Helen Burns asked me to explain, and I proceeded forthwith to pour out, in my own way, the tale of my sufferings and resentments. Bitter and truculent when excited, I spoke as I felt, without reserve or softening.

I pour out the tale - мен әңгімені жайып салдым. Когнитивтік метафора предикат қызметіндегі етістікті қолдануға негізделген. Мұндағы «to pour out – сұйықтықты құю» метафоралық мағынада қолданылып, басқа етістікпен «to tell - айту» ауысады. Автор айтылған әңгіменің кенеттен болғаны туралы айту үшін осы форманы қолданған, яғни «жаңбыр сияқты құйып кету, кенеттен». Зат→физикалық үлгісінде жасалған метафоралық ауысу.

"You have lived the life of a nun: no doubt you are well drilled in religious forms;--Brocklehurst, who I understand directs Lowood, is a parson, is he not?"

The life of a nun – тақуалық өмір. Когнитивті метафора, предикат қызметіндегі зат есім арқылы метафоралық ауысу орын алған, генитивті тіркес болып табылады. Мұндағы «nun-сопы,тақуа,монах» зат есімі метафоралық мағынада қолданылып, «quiet, peace life – тыныш, бейбітшілік өмір» ұғымын вербалдайды. Зат→зат үлгісінде жасалған метафоралық ауысу.

She made a signal to me to approach; I did so, and she introduced me to the stony stranger with the words: "This is the little girl respecting whom I applied to you."

The stony stranger – мызғымайтын бейтаныс кісі. Мұнда ұқсастыққа негізделген гетерогенді метафораны айтуға болады. Метафора ұғымдар ұйқасына негізделген. Зат→физикалық әлем бағытында жүргізілген метафоралық ауысу үлгісі «stony – тасты» сын есімін қолдану арқылы жүзеге асып тұр. «The stony stranger» метафорасы адамның сыртқы бейнесін суреттеуде әсерді күшейтеді. Аталым туралы сөз еткенде «stony-тасты» сын есімін «fixed – мызғымайтын, қозғалмайтын» сын есімдермен ауыстыруға болады.

I heard one of your kind an hour ago, singing high over the wood: but its song had no music for me, any more than the rising sun had rays. All the melody on earth is concentrated in my Jane's tongue to my ear (I am glad it is not naturally a silent one): all the sunshine I can feel is in her presence."

Jane's tongue to my ear – менің құлағыма жеткен Дженнің тілі. Метафоралық ауысу предикат қызметіндегі зат есімді қолдану арқылы жүзеге асып тұр. Зат→зат үлгісінде жасалған метафоралық ауысу. «tongue» зат есімінің бастапқы мағынасы «тіл» бірақ, «my ear – менің құлағым» зат есімімен жаңа мағынада қолданылып, «voice-дауыс» мағынасына ие болады. «tongue» зат есімі «voice» ұғымын вербалдайды.

I heard one of your kind an hour ago, singing high over the wood: but its song had no music for me, any more than the rising sun had rays. All the melody on earth is concentrated in my Jane's tongue to my ear (I am glad it is not naturally a silent one): all the sunshine I can feel is in her presence."

All the sunshine I can feel is in her presence – мен оның қатысуы кезінде бүкіл күншуақты сезінемін. Когнитивтік метафора, метафоралық ауысым заттарға атау беру арқылы жүзеге асып тұр. Зат→зат үлгісінде жасалған метафоралық ауысу. "Күн" атты бүкіл әлемді жылытатын, дүниені тірілтетін нұрлы алып планетадан жылылық, мейірімділік, тазалық күтеді. Соған байәланысты күншуақ ол шашырап тұрған сәуле, яғни бүкіл тіршілікті қыздырып, жарқыратып тұрған планета. Мұнда аталым ретінде «sunshine –күншуақ» зат есіммен берілген, «жылылық, мейірімділік – warmth, kindness, mercy» ұғымын вербалдайды, «күншуақ» деген сөз мұнда «жылылық, мейірімділік» мағынасында берілген.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет