Зерттеу жұмысының әдістері Зерттеу жұмысында ғылыми сипаттама әдісі, аударматанудың трансформация, транслитерация әдістері, құрылымдық-семантикалық талдау, когнитивтік талдау, контекстік талдау, салыстырмалы талдау әдістері қолданылды. Тілдерді салыстырмалы және салғастырмалы тәсіл арқылы зерттеу, тілдің ерекшелігін, қайталанбас қасиетін тануға көмектеседі.