Лекция: 45 сағ. СӨЖ: 45 сағ обсөЖ: 45 сағ Барлық сағат саны: 135 сағ



бет42/143
Дата08.02.2022
өлшемі1,25 Mb.
#123479
түріЛекция
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   143
Байланысты:
Bakirov.Menedj234
жаңа сабақ презентация, Бала тәрбиесіндегі отбасының рөлі, Бала тәрбиесіндегі отбасының рөлі, Бала тәрбиесіндегі отбасының рөлі, Бала тәрбиесіндегі отбасының рөлі, жаңа формация мұғалімі, Дарис, ДӘРІСТЕР ТЕЗИСТЕРІ . Психология (электив) (11), 1 Sociology and Soc perspective, 6-7 зертхана, 4-3-7, 30 Джуз
Лекцияның мәтіні:
Функция – жөнелтуді, әрекетті білдіретін латын сөзі. Шет тілдер сөздігінде “функция” міндет және жұмыс деп түсіндірілетін болса, ал орысша сөздікте оны орган жүргізітін қызмет ауқымы деп береді. Осылайша функция ұғымы көп мәнді анықтамалар қатарына енгізіліп отыр.
Басқару әрекеттінде орын алатын функциялар өзіндік өзгешілік, рекше мазмұн және жүзеге асырылудың дербес сипатына ие болады. Басқаруда жекелеген функцияларды бөліп көрсету - өндіріс пен оны ұйымдастырудың күрделілігі туғызатын объективті процес. Басқару функцияларының пайда болуы басқару саласындағы нысаналы ықпалдар саралаудың, еңбек бөлінісі мен оны мамандандырудың нәтижесі.
Басқару функцияларының жүйелі жиынтығы басқару процесін құрайды. Бұл – мақсатқа жету барысында қажетті шешімдерді әзірлеп қабылдауды және қабылдаған шешімдердің орындалу барысын үйлестіру мен бақылауды бірізділікпен жүзеге асыруды білдіреді.
Басқару фунуцияларын бөліп көрсетуде бірқатар көзқарастар мен тәсілдер орын алады. Ғылыми басқару саласының көрнекті өкілі Ф. Тейлор басқару функциялары қатарына: мақсатты анықтау, құралдары таңдау және әзірлеу, нәтижесін бақылау әрекеттер енгізген болса, әкімшілік басқару мектебінің өкілі А. Файоль басқаруды “болжамдау және жоспарлау, ұйымдастыру, жарлық беру, үйлестіру жіне бақылау” деп тұжырымдаған болатын. Сонымен қатар, А. Файоль кәсіпорныда оырын алатын операциялар жиынтығы турасына төмендегідей функцияларды анықтаған:

  • техникалық функция (өндіріс);

  • сауда – саттық функциясы (сатып алу және өткізу);

  • есеп жүргізу функциясы (есептеу);

  • қаржылық функция (қаржыландыру);

  • қауіпсіздікті қамтамасыз ету функциясы (қызметкерлер мен материалдық игіліктердің сақталынуы);

  • әкімшілік функция (басшылық үйлестіру және бақылау).

Басшылардың тікелей басқарушылық әрекетін белгілейтін операционалдық басқару теориясы бойынша функциялар: жоспарлау, ұйымдастыру, кадрлармен жұмыс жасау, басшылық және либерлік, бақылау болып жіктелінеді.
Дамыған нарықтық қатынастар мен бәсеке жағдайында кәсіпкерлік басқару маңызды орын алады. Осы белгі бойынша іскерлік басқарудың функциялары болып дамыту, маркетинг, өндіру және шаруашылықты басқару табылады.
Осыдан көріп отырғанымыздай, басқару функцияларын жіктеу бір қатар белгілерге байланысты болып отыр. Басқару функцияларын ғылыми түрде топтау басқару процесін белгілі бір тиімді қалыпқа келтіруге мүмкіндік береді және басқару еңбегінің озық тәжрибесін таратуды жеңілдетеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет