Ядро сөлі
Ядро сөлі немесе кариоплазма, я болмаса кариолимфа интерфазалық ядроның ядрошығы мен хромосомалардың орналасатын ортасы. Жарық микроскопында оның құрылысы байқалмайды, сол сияқты электрондық микроскоппен де көрінбейді. Ядро сөлі құрғақ заты аз сұйық кұрылым. Ядро сөлінің мөлшері түрліше болуы мүмкін. Бір ядроларда кариоплазма аз болады (тимустың лимфоциттерінің ядроларында т.б.) екіншілері карио-лимфаға бай келеді. Ядро сөлінің тұтқырлығы цитоплазманың негізгі заты-ның тұтқырлығындай. Ядро сөлінде белоктар мен РНК болады. Сонымен бірге ядро сөлінде ядродағы нуклеин қышқылдарының синтезіне қатысатын ферменттер және рибосомалар мен липидтер болады. Мұнда ядроға тән ферменттердің көпшілігі байқалады. Олардың ішінде АТФ түзуге қатысатын гликолиз ферменттері маңызды рөл атқарады. Ядрода (кариоплазмада) фосфорлық алмасу ферменттері, бос нуклеотидтерді синтездеу мен ыдырату-ға қатысатын ферменттер тобы АТФ-аза болады. Әсіресе тотықтыру-тотық-сыздандыру реакцияларында маңызды рөл атқаратын никотинамидаденин-динуклеотид (НАД) синтезін катализдейтін НАД-пирофосфорилазаны атауға болады. Кариоплазмада белоктік және амин қышқылдық алмасудың ферменттері аргиназа, каталаза, трипсин т.б. байқалған. Хроматин мен ядрошықта синтезделген өнімдер ядро сөліне жиналады. Олар цитоплазмаға барғанға дейін ядро сөлі арқылы өтіп, елеулі өзгерістерге ұшырайды. Сонымен, ядро сөлі ядро ішінде жүретін әр түрлі процестерге энергия жеткізеді.
Ядрошық
Ядрошық – интерфазалық ядроның тұрақты бөлігі. Ядрошықты бірінші рет 1781 ж. Фонтан жылан балықтың сілекейлі жасушаларынан байқаған. 1948 жылға дейін зерттеушілер ядрошықтың морфологиясын зерттеумен шектел-ген. Касперсон мен Браше еңбектерінде ғана оның биохимиялық сипаттама-сы анықталды. Олар ядрошықта РНК-ның болатынын және ДНК-ның болмайтынын дәлелдеді. Ядрошықтар бактериялар мен көкжасыл балдыр-лардан, басқа барлық тірі организмдердің – жануарлар мен өсімдіктердің жасушаларында байқалған. Қарапайымдарда да болады. Қосқанаттыларда ядрошықтың орнында хромосомаларда орналасқан «нуклеолярлық субстан-ция» болады. Ядрошықтың үлкендігі түрліше. Ядрошықтың типі жасушаның типі мен оның метаболизмдік күйіне тәуелді. Ірі және тығыз ядрошықтар белсенділігі жоғары жасушаларға тән, атап айтқанда эмбрионалдық жасуша-лардың, белоктарды жедел синтездейтін жасушалардың, сүтқоректілердің ооциттерінің, нерв жасушаларының, кейбір бездердің жасушаларының ядроларының ядрошықтарына тән.
Тығыз кішкене ядролардың ядрошықтары кіші болады. Кейде жасуша-ларда бірнеше ядрошық болады.
Ядрошықтың іріленуі мен оның санының көбеюі бұл органоидтың белсенді бетінің өсуіне әкеліп соғады.
Физикалық қасиеттері жағынан ядрошық ядроның ең тығыз бөлігі. Химиялық құрамы бойынша ядрошық РНК концентрациясының жоғарғы болуымен ажырайды. Ядрошықтағы РНК саны хроматиннің ДНК-сы сияқты тұрақты болмайды, өзгеріп отырады. Ядрошықта РНК-ның болуын белокті синтездеу процесімен байланыстырады. Оның негізгі компоненттері РНК мен фосфопротеиндер типті қышқыл белоктар. Сонымен бірге кальцийдің, магнийдің, темірдің, мырыштың бос немесе байланысқан фосфаттарында байқалған. Ядрошық диамин қышқылдарына бай және онда SS, SН тобы, сілтілік фосфатаза және ерігіш РНК болады. Ядрошықтағы РНК-ның алмасуы жедел жүреді, соған байланысты РНК-ның концентрациясы жоғары болады. Ядрошықта нуклеотидтік алмасудың ферменттері де бар. Бұл фсрменттердің белсенділігі цитоплазмадағыдан жоғары. Кесінділерде құрамында Фельген реакциясымен боялатын ДНК бар хроматин сақинасы ядрошықты қоршап тұрады. Ядрошықта ДНК болмайды және ол Фельгенмен боялмайды. Ядрошықта мембрана болмайды. Ядрошықтың белоктары өздерінің кейбір ерекшеліктерімен қалған ядролық белоктардан өзге болады. Түрлі жасушаларда ядрошықтағы белоктар синтезделу жеделділігі бірдей болмайды. Цитоплазмаға қарағанда ядрошықта белоктің синтезделуі бірнеше есе артық жүреді.
Ядрошық тұрақты құрылым емес; митоздың бас кезінде жойылып, телефазаның аяғында қайтадан түзіледі. Ядрошық кейде ядро мембранасы арқылы цитоплазмаға өтеді деген мәліметтерде бар.
Ядрошықтың функциялық өзгерістері олардың саны мен көлемінің өзгерісіне байланысты. Ядрошықта рибосомалар қалыптасатын болғандық-тан, ядрошықтың саны мен көлемі өзгерген кезде рибосомалардың түзілу жылдамдығы да өзгереді, яғни белоктың синтезделуі күшейеді. Ядрошық хромосомалардың біреуінің белгілі участогіне бекіп тұрады және оның әсері-мен қалыптасады. Сондықтан хромосоманың осы участігін ядрошықты ұйымдастырушы деп атайды. Оның бақылауымен ядрошықтың нуклеин-қышқылдық материалы синтезделеді және бұл материалдың тығыз денешікке ұйымдасуы жүреді. Ядрошық өзінің шығу тегі жағынан хромосомамен байланысты болғанымен, қызметі жағынан өзге. Сонымен тұқым қуалау информациясын беруде ешбір рөл атқармайды.
Ядрошық және онымен байланысқан хроматин кейін цитоплазмаға ауысатын рибосомаларды түзуге қатысады. Ядрошықтың зақымдалуы бүкіл жасушаның метаболизміне әсер етеді, атап айтқанда РНК-ның синтезі бұзылады, сонымен бірге белоктың да. Егер де ядрошықты ультракүлгін сәулелердің микрошоғымен талқандаса ядро бөліну қабілетінен айырылады. Жарық микроскопында тірі немесе бекітілген ядрошық көбінесе құрылымсыз немесе аздаған кірінділер бар болып көрінеді.
Электрондық микроскопиялық зерттеулер ядрошықтың негізін белоктік фибриллалық зат пен гранулалық құрайтынын анықтады. Гранулалық бөлшектердің диаметрі 15 нм-дей, құрамында РНК көп болады, ал жіңішке фибриллалардың қалыңдығы 4-8 нм. Жіптер мен гранулалар электрондық тығыздығы жасушаның физиологиялық күйіне байланысты ұсақ дәнді матриксте орналасқан.
Достарыңызбен бөлісу: |