Лекция. Кіріспе. МӘдениеттану пәНІ, оның МӘні мен мақсаты жоспар: Мәдениеттану пәнінің қалыптасуы. Мәдениеттанудың пәндік ерекшеліктері мен қисындары


Өркениеттің мәдени өлшемінің мәні неде?



бет15/40
Дата09.01.2022
өлшемі219,72 Kb.
#110466
түріЛекция
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   40
Байланысты:
Лекция. Кіріспе. М дениеттану п НІ, оны М ні мен ма саты жоспар
Презентация, тест проф русс, тест проф русс, ЕП 19-15к Есіркеп Балжан Пр, Madeniet
Өркениеттің мәдени өлшемінің мәні неде? Бірте-бірте мәдениет жайлы өркениеттің рухани мазмұны, өркениеттің рухы деген ой қалыптасуда, мәдениет пен өркениеттің бір-біріне келіспейтіндігі айқындалуда. Бүгінгі таңда, мәдениет әлемі – тарихи дамудың түп негізі, өркениеттің негізі екендігі баршаға мәлім. Мәдени өлшем деп отырғанымыз, барлық адамзат тарихының негізін, өркениет сапасын көрсетеді,

Алғашқы рет “өркениет” сөзі Мирабоның “Адамдардың досында атты кітабында” (1756 ж.) кездеседі: “Дін, сөзсіз, адамзаттың ең жақсы және ең тиімді бұғауы; ол өркениеттің басты серіппесі; ол бізге ақыл айтып, әрдайым ағайындықты еске салып отырады, жүрегімізді жұмсартады, т.с.с.”. Оның өркениет жайындағы трактатында былай делінеді: “Егер мен көпшіліктен өркениет деген не деп сұраған болсам, маған былай жауап қатқан болар еді: өркениет дегеніміз – ізеттілік, әдептілік, инабаттылық, және осы қағидаларды таратып, оларды қоғам заңдары етуге бағытталған білім, - мұның бәрі жақсылықтың бет-әлпеті емес, тек бетпердесі ғана. өркениет егер қоғам оған жақсылықтың негізі мен пішінін бермесе, қоғамға ешнәрсе бере алмайды”.

Мәдениет пен өркениеттің осы сәйкес келмейтін тұсын сезіп, өркениетті - мәдени-тарихи типтің құлдырау кезеңі, оның ыдырауы деп О. Шпенглер өз концепциясында атап көрсетеді.

Өз еңбегінде Н. Бердяев өркениет-“мәдени рухының өлімі” деп трагедиялық түрде түсінік береді. Оның концепциясы шеңберінде мәдениет – символдық, бірақ реалистік емес, сонымен бірге “мәдениет ішіндегі динамикалық қозғалыс белгілі бір түрде өзінің құрылымымен мәдениет аумағынан шығып өмірге, тәжірибиеге ұмтылады. Бұл жолда мәдениеттің өркениетке өтуі аяқталады, “өркениет тіршілікті жүзеге асырады”, “өмір культі мәнінен тыс” іске асырылады, өмірдің мәнін тіршілік құралдарымен алмастырады.

ХХ ғасырдың өркениет теориясының авторы А. Тойнби мәдениеттің өз ақырына жетпей-ақ, қажетті биологиялық құбылыстар арқылы қартайып, өлімге ұшырайтыны туралы болжамды өте сақтықпен айтады.

П. Сорокиннің мәдениетті өркениеттің рухани жұптастығы ретінде қарастырып, концепцияға сәйкес мәдениеттің өлімі, жоғалуы, қайыршылық күйі өркениеттің рухсыздануына әкеледі деп есептейді. Бұл позиция көрсеткендей, өркениет қоғам дамуының тарихи кезеңі ретінде немесе қоғамның типі ретінде, халықтар дамуының мәдени жетістіктерінің көп түрлілігін ғана емес, нақтылы тарихи дәуірдегі қоғам болмысының теріс көріністерін де қамтиды.

Техниканың барған сайын кеңею үрдісінің және оны жалғастыратын мәдениеттегі басым құндылықтар жүйесінің әсерімен еуропалық өркениет техногендік сипатқа ие бола бастады. Оның ең маңызды белгісі – адамның техникалық үрдіспен оның салдарын қадағалау қабілетінен айырылуы. Бұл дағдарысты қалай жеңуге болады? Мүмкін техникалық құбылыстың шексіз билігінің кері салдарын жеңу үшін батыс пен шығыс мәдениеттерінің құндылықтарын біріктіру керек шығар.

Б. Расселдің анықтауынша: “ғылым мен техника жүргізушісі жоқ танк армадасы секілді белгісіз бағытта көзін жұмған күйі санасыз жүріп келеді”. (Рассел Б. Народы должны знать о работах ученых.// Курьер Юнеско за зо лет: Антология. С. 171). Бұған жауап беру үшін ендігі кезекте батыс-еуропалық мәдениеттің негізін құраушы және қазіргі заманғы өркениеттің техногендік сипатын анықтайтын мәдени әмбебаптылық өлшемінің ерекшеліктерін көрейік.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет