Хасен Арғыновтың 1957 жылы «Жай сөйлемдерді оқыту методикасы», 1964 жылы «Құрмалас сөйлемдерді оқыту әдістемесі» деген еңбектері синтаксистің ең күрделі тарауына арналады. 1964 жылы «Қазақ тілі методикасы». 1974 жылы «Құрмалас сөйлемдер таблицасы».
Маманов Ыбырайым - қазақ тіл білімі мен әдістемесіне өзіндік үлес қосқан әдіскер ғалым. «Айман-Шолпан» жырында атақты Маман байдың ұрпағы. «Етістік», «Қазіргі қазақ тілі. Лекциялар курсы» атты зерттеулері жарық көрді.
Ы.Мамановтың негізгі ғылыми-әдістемелік шығармалары:
Қазақ тілі (оқулық) А., 1949.
Қазақ тілін оқыту методикасы (оқулық) А., 1965.
Қазіргі қазақ тілі. Етістік. А., 1966.
Сопоставительная грамматика. А., 1966 (авт.бірл);
Қазақ тілін оқыту методикасы. А., 1965;
Бақылау жұмыстары (сырттан оқушылар үшін). А., 1955.
Пединституттың сырттан оқу бөлімнің оқу жоспарына түсінік.А., 1964.
Қазіргі қазақ тілінің бақылау жұмысы. А., 1958.
Д.Әлімжановтың негізгі әдістемелік еңбектері:
Қазақ тілінің грамматикасы. Бастауыш мектептің 3-класына арналған. А., 1983 (авт. бірі); Некоторые вопросы принципа наглядности в преподаваний казахского языка. АКД., А., 1954.
Қазақ тілін оқыту методикасы. А., 1965 (авт.бірі);
Қазақ тілін оқыту методикасының программасы. А., 1961;
Фонетикалық таблица. А., 1962.,
Қазақ тілін оқыту методикасының бақылау-пысықтау жұмысы. А., 1964,1968,1969.
Қазақ тілі методикасының мәселелері. А., 1969 (авт.бірі);
Университеттер мен жоғарғы оқу орнында қазақ тілін оқыту әдістемесінің программасы. А., 1965.
Қазақ тілінде морфологияны оқыту методикасының кейбір мәселелері. А., 1972.
Балғаным Құлмағамбетованың 1957 жылы «Қазақ тіліндегі етістік категориясын оқыту», 1963 жылы «Құрмалас сөйлемді оқытудың кейбір мәселелері», 1973 жылы «Қазақ тілі сабақтарында техникалық құралдарды пайдалану», 1975, 1979, 1983ж. «Қазақ тілі 6 класқа арналған дидактикалық материалдар», 1984 жылы «Қазақ тілі оқулығы (шетелде тұратын отандастарға арналған)», 1984 жылы «Қазақ тілі сабағында техникалық құралдарды пайдалану», 1983 жылы «Жай сөйлемдер синтаксисінің таблицасы», 1988 жылы «Қазақ тілін оқыту методикасы» атты еңбектері бар.
Қазақ тілі – мектепте оқылатын негізгі пән. Қазақ тілі пәнінің міндеттері: 1) Толық сауатты адамдар даярлау; 2) оқушылардың шығармашылық күштерін, танымдық қабілетін, өздігінен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.
Қандай адамды толық сауатты дейміз? Тілдің өзі мен оның грамматикалық құрылысы туралы білімдердің белгілі бір жиынтығын меңгерген адамды; ана тілінің барлық мүмкіндіктерін пайдалана алатындай болып қаруланған адамды; әдеби тілмен дұрыс сөйлеудің, мәнерлеп оқудың дағдысын игерген, грамматикалық және стилистикалық тұрғыда ауызша, жазбаша тіл ұстартуды жақсы игерген адамды толық сауатты адам деп есептейміз. Қазақ тілін оқыту міндеттерін мектептің ойдағыдай жүзеге асыру жағдайлары, қазақ тілін оқытудың қиын да күрделі міндеттерін шешу мына сияқты шарттарға (мектептің жалпы материалдық базасынан басқа) тікелей байланысты: бір жағынан мұғалімнің теориялық және практикалық даярлығы дәрежесіне, тәжірибесіне, екінші жағынан мұғалімнің қолында қазақ тілін оқытуды жақсы жолға қою үшін қажетті құралдардың болуына байланысты. Мұндай құралдардың қатарына мыналар жатады: а) бағдарламалар (түсінік сөзі бар) - оқылатын материалдың мазмұны мен көлемін анықтайды, материалды сынып-сыныпқа бөлуді реттейді; ә) оқулықтар мен оқу құралдары (көрнекі құралдар) - мұғалімнің жәрдемімен оқушылар сыныпта пайдаланады, өздігінен жұмыс істеу үшін сабақта және үйде пайдаланады; б) ғылыми талданған мектептің, үздік тәжірибесін ескеріп жасалған пәнді оқыту әдістемесі.
Қазақ тілін оқытудың мақсаттары мен міндеттері. Қазақ тілі оқыту мақсаттары үш топқа біріктіріледі.
1. Білім беру мақсаттары: оқушыларға ана тілі туралы ғылымның негіздерін беру; тілдің қоғам өміріндегі маңызын аша көрсетіп, оны меңгерудің өндірісте, қоғам өмірінде аса қажетті екендігін түсіндіру; оқушының ана тілінен жақсы білім алуына мүмкіндік туғызу; тілдің қатынас құралы екендігіне көздерін жеткізу; түрлі әдіс-тәсілдер арқылы оқушылар¬дың ауызша, жазбаша тілдерін дамытып, онымен қаруландыру; оқушылардың тіл мәдениетін қалыптастыру; өздігінен сөйлей, жаза білуге жол ашу.
2. Тәрбиелік мақсаттар: оқушылардың тілдік құбылысқа көзқарасын қалыптастыру; тілдің адам қоғамымен бірге жасасып, өмір сүретінін, қоғам үшін қажетті қарым-қатынас құралы болатындығын түсіндіру; тілдің жан-жақты дамуына жасалып отырған жағдай қазақ тіліне мемлекеттік дәреже беру актісімен дәлелденіп, оқушылардың сенімін арттыру, көздерін жеткізу; оқушылардың салт-дәстүр сезімдерін қалыптастыру, қазақ тілі сабақтарында еңбек тәрбиесін уағыздап, еңбек ардагерлері жайындағы мағлұматтар арқылы еңбекке баулу.
3. Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту: қазақ тіліне деген қызығушылықты арттыру; оқушылардың байқағыштық, елес-болжамдық, ес, ойлау, сөйлеу қабілеттерінің дамуына жол ашу; оқушылардың тілдік проблеманы өздері шеше алатындай дәрежеде үйрету; тіл фактілеріне, құбылыстарына жан-жақты, жинақты түрде қарау қабілетін, өз бетімен тіл фактілерін талдау іскерлігін қалыптастыру.
Пәндер жүйесіндегі орны мен маңызы.
Қазақ тілі мен басқа пәндер арасында, әсіресе, әдебиет, орыс және шетел тілі пәндерінің арасында, сондай-ақ тарих, география т.б. пәндері арасында тығыз байланыс болады. Бұл байланыс көбінесе тіл ұстарту мақсатында жұмсалады. Өйткені бағдарламада тіл ұстарту жұмысы тіл мен әдебиет пәндеріне ортақ. Бұл ортақтық мектепте бүкіл оқу мерзімі уақытында тіл ұстарту жұмысының жүйесін жасауға, оқушылардың сөздік қорын байытуға, олардың сөйлеуіндегі қателерді түзетуге мүмкіндік береді. Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында мәнерлеп оқу кезінде оқушылар жіберген қателерді үнемі түзетіп отыруға (дауыс ырғағын дұрыс қоя білу т. б.) жол ашылады. Орыс және шетел тілімен байланыстылығы, алдымен, грамматиканы оқытудан байқалады: қазақ тілі мен орыс және шетел тілдерінде кездесетін ортақ грамматикалық ерекшеліктерді, ережелерді байқауға мүмкіндік туады. Ана тілі грамматикасы орыс және шет ел тілдерінің сәйкес, ұқсас грамматикалық заңдарын игеруге септігін тигізеді. Екі тілдің арасындағы ұқсастық пен айырмашылықты салыстырып ұғуға мүмкіндік береді. Орыс және шетел тілдерін оқу тіліміздегі басқа тілден енген сөздердің түп-төркінін білуге жәрдемдеседі. Тұтас алғанда, барлық пән, жекелей алғанда әрбір пән оқушылардың сөйлеуін, тілін байытуға бағытталады, емлелік дағдылардың бірыңғай сөйлеу режимін нығайтуға жағдай жасайды, жаңа терминдерді, сөздерді дұрыс жазуға дағдыландырады. Ауызша жауап, әңгіме, айтыс - осының бәрі ауызша және жазбаша тілді дамытуға толық әрі нақты жауап беруге, оқушылардың жинақтау дағдыларын, әдеби тілмен дұрыс сөйлеу, ақыл-ойын дамытуға негіз болады. Бұл іс тек ана тілі сабақтарында ғана емес, әдебиет, тарих, география, математика, физика, жаратылыстану т.б. пәндердің сабақтарында да жүзеге асырылып отырады.
Пәнаралық байланыс. Қазақ әдебиеті. 1) тәрбиелік мақсатта. Ол үшін, а) тілдік фактілерге мысал ретінде әдебиет сабақтарында өтілген көркем шығарма мәтіндерін пайдалану, ә) жеке сөздердің, грамматикалық формалардың, синтаксистік құрылымдардың, сөйлемдегі байланыс тәсілдері мен мәтіннің бөліктеріне байқау жүргізу.
2) тіл ұстарту екі пәнге де ортақ (мазмұндама, шығарма жазуға, оқығанын өз сөзімен айтып беруге үйрету).
Орыс тілі – шет тілі. 1. Орыс тіліндегі көптеген ұғымдарды меңгеруде қазақ тілі сабақтарында оқушылардың алған білімдері тірек болады.
2. Термин ортақтығы бар, фонетика, алфавит, морфология, синтаксис, орфография, пунктуация, орфоэпия.
Тарих.
1) тәрбиелік; танымдық; 2) терминдер; 3) тарихи даталар.
Жаратылыстану пәндері.
а) зоология; ә) анатомия;
1) танымдық, 2) терминдер, 3) тәрбиелік.
Математика – физика.
1) Танымдық, 2) Терминдер.
Достарыңызбен бөлісу: |