Лекциялар жинағы Мамандығы: «Емдеу ісі»



бет102/106
Дата20.11.2023
өлшемі286,04 Kb.
#192088
түріЛекция
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   106
Байланысты:
Балалар аурулары лек

Әдейіленген профилактика: Эпидемия болған кезде вакцина егіледі.
Вирусты гепатит
Вирустық гепатит – вирустармен шақырылып, тері, шырышты қабаттарының сарғаюымен, бауырдың зақымдануымен сипатталатын жұқпалы ауру. Қазіргі кезде вирустық гепатиттердің 5 түрі анықталған: гепатит А, В, Д, Е және С. Вирустық гепатиттың (сары ауруды) қоздырғыштары вирустар, қоршаған ортаға төзімді, ұшпалы емес.
Эпидемиологиясы. А және Е гепатиттердің жұқпалы ішек инфекцияларына жатқызуға болады, өйткені жұғу жолдары ас қорыту ағзалары арқылы өтеді. Көбінесе ересек балаларда кездеседі. В, Д, С гепатиттерінде қоздырғыш парентеральды жолмен тарайды. Қан арқылы (қоздырғыш енген қан құйғанда, дұрыс залалсыздандырылмаған ине, шприц, скарификаторлар, басқа да кескіш құралдарды қолданғанда, тіс емдеу кезінде); тұрмыстық қатынас арқылы да тарауы мүмкін (тіс щеткасы, тырнақ алатын қайшы, ұстара, ыдыс-аяқтар арқылы); плацента арқылы (егер анасы вирус тасымалдаушы немесе ауру болса). Д гепатиті көбінесе В гепатитімен бірге қосылып өтеді, клиникасы бірдей, бірақ өте ауыр, белгілері тез дамиды, жиі өліммен аяқталады. В, Д, С гепатит түрлері көбінесе 1 жасқа дейінгі балаларда кездеседі, өйткені осы кезеңде балаға парентральды жолмен түрлі егулер жасалады, ауруларына байланысты қан, плазма құйылады немесе бала вирусты құрсақтағы кезеңде анасынан плацента арқылы жұқтыруы мүмкін.
Клиникасы. Гепатиттің барлық түрлерінің клиникалық айқындалуы бір-біріне ұқсас, 4 кезеңде өтеді: жасырын, сарғаю алдындағы, сарғаю және жазылу кезеңдерінде.
1. Жасырын кезең – А және Е гепатиті түрлерінде 35-40 күнге, В, Д, С
гепатиттерінде 2-6 айға дейін созылады.
2. Сарғаю алдындағы кезең 7-10 күн созылады. Алғашқыда баланың жалпы
жағдайы бұзылып, тәбеті нашарлайды, лоқсып құсады, кейде іші өтеді, әлсірейді. Кейбір балаларда ауру тыныс жолдарының вирустық ауруларындағындай катаральды қабыну белгілерінен басталады. Аталған кезеңнің аяғына қарай зәрдің түсі қоңырлап, нәжісі ақшылданып өзгереді. Қан құрамын тексеріп көргенде билирубин мөлшері көбейіп (тікелей билирубин есебінен), зәрде өт пигменттері пайда болады. Баланың бауыры қабырға астынан қолға білініп, ұлайғаны анықталады.
3. Сарғаю кезеңінде алдымен көздің, жұмсақ таңдайдың шырышты
қабаттарының, кейіннен тері қабатының сарғыш түске боялуы анықталады. Осы кезде терісінің қышуы, кейде теріде геморрагиялық бөртпе пайда болуы байқалады. Бауыр көлемі бұрынғыдан ұлғая түседі, талағы да үлкеюі мүмкін. Зәрдің түсі қою сыраның түсіне ұқсарып өзгеріп, нәжісі ағарып кетеді (ахолиялық нәжіс). Қан құрамында билирубин мөлшері жоғарылай түседі (нормада 20 мкмоль/л дейін), ферменттердің –
1) АЛТ (аланинаминотрансфераза)
2) АСТ (аспартатминотрансфераза) белсенділігі артады. Аурудың жеңіл
түрінде билирубин 90 мкмоль/л, АЛТ 6 мкмоль/л-ден жоғары; ауыр түрлерінде билирубин 100-170 мкмоль/л, АЛТ 6 мкмоль/л-ден жоғары; ауыр түрлерінде билирубин 170 мкмоль/л-ден жоғары, АЛТ және АСТ жоғарылайды.
4. Жазылу кезеңінде аталған клиникалық белгілер бірітіндеп әлсіреп,
лабораториялық көрсеткіштер жақсарып орнына келеді.
Вирусты гепатиттердің аурулық дәрежесі жалпы улану деңгйіне, сарғаю дәрежесіне, биохимиялық көрсеткіштердің нәтижелеріне қарай бағаланады. Көбінесе А және Е гепатиттері жеңілдеу, В және С түрлері ауыр, ал В және Д гепатиттері қосылған жағдайда өте ауыр түрде өтеді. Осы түрінде асқынулары да – бауыр комасы, ДВС (қанның шашыранды ұюы) синдромы байқалады.
Кішкентай балалардағы өту ерекшеліктері–гепатиттің В түрі жиірек кездеседі және көбінесе құрсақтағы кезеңде плацента арқылы жұтырады; сарғаю алдындағы кезең қысқарақ болады (2-3 күн); сарғаю тез дамиды, ұзағырақ сақталады; қанда билирубин мөлшері жоғарырақ болады; бауыр көтерілуі де айқынырақ білінеді; көк бауырдың ұлғаюы жиірек байқалады; асқынулары жиірек кездеседі; баланың сауығу кешірек басталады; ауыр гепатиттерден ересек балалармен салыстырғанда өлім жиірек байқалады.
Емі. Науқас бала міндетті түрде стационарда емделуі керек: төсек режимі клиникалық сауыққанша сақталады; емдік диета – стол №5 – көмірсуларына бай, мал өнімдерінің белоктарымен толықтырылған тағам түрлері, сүт тағамдары, кеңінен жеміс-жидектер мен көкністер беріледі, сусын мөлшері жеткілікті болуы керек, тәулігіне 2-2,5л дейін, витаминдер табиғи көкөніс, жеміс-жидектер түрінде енгізіледі; интоксикацияның ауыр дәрежелерінде сұйықтықтар көктамырға тамшылата егу арқылы тағайындалады – 0,9% физиологиялық ерітінді, неокомпенсан, 5% глюкозы т.б. жалпы көлемі тәулігіне 1,5-2,5л дейін; қажетіне қарай қатарынан диуретиктер егіледі; жүйелі түрде асқазан мен ішекті тазалап тұру (аутоинтоксикацияның алдын алу үшін) қажет; симптомдар бойынша ем: ДВС(қанның шашыранды ұюы) дамыса–плазма, гепарин 5-10 мың ед/тәулігіне + курантил, трентал; геморрагиялық синдромда – викасол 1% - 5 мл тәулігіне екі-үш рет егіледі; мазасыздану байқалса, тыныштандыратын дәрілер – дроперидол, седукесен; созылмалы гепатит түрінде вирусқа қарсы интерферон – В, С гепатиттерінде 2-3 млн ед/тәулігіне 3 күн бойы күн сайын, одан кейін 3 аптаға дейін күн ара егіледі; өт қуатын дәрілер (холлензим, холосас, жүгерінің шашағы) және Демьянов әдісімен тюбаж жүргізіледі; гепатопротекторлар (эссенциале, легалон, карсил) тағайындалады.
«Д» бақылау – науқас бала стационардан шыққасын 10 күн – 1 ай аралығында емдеуші дәрігердің тексерісінен өтеді. Одан кейін бақылауды емхананың жұқпалы аурулар бөлмесінің дәрігері жүргізіп отырады. А гепатитінің жеңіл түрлерінде ешқандай клиникалық, лабораториялық өзгерістер байқалмаса, «Д» есептен шығарылады. В және С гепатиттерінде реконволесцент әр ай сайын тексеріліп жағдайына қарай түрлі мерзімдерге «Д» есепке алынады. Баланың барлық шағымы және клиникалық белгілері жойылып, бауыры мен лабораториялық көрсеткіштері қалпына келгеннен кейін 3 ай өткесін барып есептен шығарылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет