Лекциялар жинағы Мамандығы: «Емдеу ісі»



бет101/106
Дата20.11.2023
өлшемі286,04 Kb.
#192088
түріЛекция
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   106
Байланысты:
Балалар аурулары лек

Клиникасы: Менингококтық инфекцияның 3 клиникалық түрін жиі кездестіруге болады. Жасырын кезеңі 2-10 күн.
1.Менингококтық назофарингит- аурудың жеңіл түрі ауырған баланың дене қызуы 37-38ºС дейін көтеріледі, басы ауырады, тамағы жыбырлап жұтынғанда ауырады, көмейдің шырышты қабығын ісініп, мұрын бітеді.
Диагнозды дәлелдеу үшін көмейдің шырышты қабығынан бактериологиялық зерттеуге жағынды алады.
2.Менингококтық минингит- аурудың ауыр түрі, ми қабығы қабынуы. Кенет қатты басының ауыруынан, дене қызуының 39-40ºС дейін көтерілуінен баланың себепсіз құсуынан басталады. Алғашқы күндерден бастап-ақ менингальды белгілер біліне бастайды: желке бұлшық еттерінің тартылуы; Кернинг белгісі (бүгілуі аяқтардың созған кезде қарсылық жасауы); Брудзинский белгілері (басын кеудесіне жақындатып игенде аяқтарын бауырына жинау, бір аяғын бүккен кезде екіншісін де еріксіз бауырына қарай жинап алуы), кейде ақыл-есін жоғалтып, сандырақтайды. Бала төсекте мәжбүрлі жағдайда жатады: бір қырынан, басын шалқайтып, аяқтарын бауырына жинап алады. Көзі жұмулы, ыңырысып дем алады, гиперестезия, құсу, брадикардия және іш қату, анорексия байқалады.
Диагноз – жұлынның сұйығын алып бактериялық зерттеумен дәлелденеді
3.Менингококтық сепсис – менингококцемия-аурудың ең ауыр клиникалық түрі. Жедел басталады, дене қызуы 40-41ºС дейін көтеріледі, менингиальды белгілер кейде пайда болып, кейде болмайды. Баланың терісі шырышты қабықтары құрғақ, тахикардия, ентікпе сонымен қатар гемморагиялық бөртпе пайда болады. Бөртпе кішкене нүкте тәріздестен үлкен жұлдызшаға дейін, көбіне жамбас, сан, балтыр, қолында болады. Гемморагиялық бөртпе болған жерлерде жұмсақ тканьдердің өліп, некроз дамуы мүмкін.
Асқынуы: Уотерхаус –Фридирексен синдромы, бүйрек үсті безінің жедел тапшылығы кенет басталады баланың жалпы жағдайы нашарлап терісі бозарып, гемморагиялық бөртпе шығады,некроз дамуы мүмкін, бала қатты ауырады , бала құсады, дене қызуы 40-41ºС, бала мазасызданып ентікпе, цианоз пайда болады. Қан қысымы төмендейді, денесі құрысып тырысады, зәр шығаруы азаяды кейде мүлдем тоқтайды, бала есінен айырылады.
Емдеу:
1.Ауырған баланы міндетті түрде жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызу керек.
2.Антибактериалды терапия - әр 4 сағат сайын балаға салмағының 2кг 200-400мың ЕД есебімен пенициллин егіледі. Пенициллиннің орнына левомицитин салицилат, ампицилин тетроолен және т.б егуге болады.
3.Дезинтоксикациялық терапия-балаға аузынан көп сұйықтар беріледі және венасына тамшылатып құйылады.
4.Витаминдер комплексі.
5.Симптоматикалық терапия.


Күтімі:
1.Палаталарда, бөлімшеде санитарлық және эпидемияға қарсы шараларды мұқият сақтау.
2.Төсек орын ішкі киім тазалығын қадағалау.
3.Баланың төсегін жағдайын өзгертіп тұру терісінің ойылуының алдын алу.
4.Ауыз қуысының тазалығын сақтау.
5.Дәрігердің белгілеулерін уақытымен дұрыс орындау.
Профилактикасы: Ауырған баланы жедел оқшаулау. Аурумен қатынаста болған балаларға 1 күнге карантин тағайындап, көмейдің шырышты қабығынан бактериялық зерттеуге жағынды алу. Қоздырғыш тасымалдаушылар табылса оларды 7 күн бойы тетрациклин мен левомицинмен емдеу. Ауру болған бөлме ылғалдап сүртіліп, жуылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет