Lэ = Еэ Т / Аэ
мұнда: Lэ - элементтің айналым шамасына сүйене отырып анықталатын, берілген элементтің бір айналым ұзақтығы, күні
Еэ - көрсеткіші есептелетін айналым капиталының элементі бойынша орташа қалдық, теңге.
Т – кезеңнің ұзақтығы, күн;
Аэ – көрсеткіші есептеліп отырған элементтің айналымы (шығыны, жасап шығарылу көлемі), теңге
Көріп отырғанымыздай, айналым ұғымы жаңа мағынада ие болып отыр. Мысалы, шикізат, материалдар мен отынның айналымы деп оны өндіріске жұмсалу құны айтылады; аяқталмаған өндіріс айналымы деп – шығарылған өнімнің өндірістік өзіндік құны; ал дайын өнім айналымы дегеніміз - өнімді толық өзіндік құнымен жөнелту.
Кәсіпорында өндірістік қор 600 мың теңге, ал бір жыл ішінде өндіріс шығындары – 2400 мың теңге құрады деп есептейік. Бұл жағдайда өндірістік қордың айналымдылық көрсеткіші келесіні құрайды:
600 мың теңге 360 күн : 2400 мың теңге = 90 күн
Бұл көрсеткіш еңбек заттарының өндірістік қорының орташа қалдықтарының қосындысынан ғана емес, сонымен бірге берілген айналым капитал тобының айналым мәніне де тәуелді.
Жеке айналымдылық көрсеткіштерін кәсіпорынның жекелеген айналым капиталының элементтері бойынша ғана емес, кәсіпорын ішінде де – цехтар, телімдер, қоймалар (цех ішіндегі айналым деп цехтың өндірген өнімі, сату бөлімінің айналымы деп – сатылған өнім есептеледі) бойынша есептеуге болады.
Саланың жалпы көрсеткіші ретінде өндірістік бірлестігінің және кәсіпорының айналым капиталының айналымы жалпы көрсеткіш деп қарауға болады. Айналым капиталының жекелеген элементтерінің айналымдылығы көп жағдайда олардың жалпы айналымдылығын анықтайды. Дегенмен жеке және жалпы көрсеткіштерді талдамалық жағынан үйлестіру мүмкін емес – жекелеген элементтердің жеке көрсеткіштері бойынша жиынтық уақыт мөлшері бүкіл айналым капиталының айналым уақытымен, әрбір кәсіпорынның жеке көрсеткіштері бойынша уақытының қосындысы сала айналым капиталының айналым уақытына сәйкес келмейді. Мұның себебі – жекелеген элементтердің дербес айналымы бірінен соң бірі кезектесіп жүрмейді, көбісі параллель – тізбектеліп жүреді.
Жеке элементтер айналымдылығының айналым капиталының жалпы айналымдылығына тигізетін ықпалын қосынды көрсеткіштер сипаттайды:
Достарыңызбен бөлісу: |