Lэ = Еэ Т / Тр
мұнда: Lэ - айналым капиталынң жеке элементтерінің
айналымдылық көрсеткіштеріінің бір бөлігі, күн;
Еэ - айналым капиталынң жекелеген элементтерінің орташа қалдығы, теңге;
Тр – сатылған өнімнен түскен табыс, теңге.
Формуладан көрініп тұрғандай, барлық қосынды көрсеткіштер үшін айналым шамасы ортақ болып табылады. Айналым капиталының жекелеген элементтерінің айналымдылық көрсеткіштерінің қосындысы кәсіпорынның айналым капиталының жалпы айналымдылық уақытын құрайды. Егер Еқ - өндірістік қордың орташа қалдығы, Еақт – аяқталмаған өндірістік орташа қалдығы, ал Ед – қоймалардағы дайын өнімнің орташа қалдығы болса, онда Ез + Еақт + Ед =Е, мұндағы Е –айналым капиталының мөлшерленетін орташа қалдығы. Сонда:
Еқ Т / Np + Eақт · Т / Np + Eд T / Np = (Еқ + Еақт + Ед) Т / Np = ET / Np = L
Сонымен әрбір кәсіпорындардың көрсеткіштер уақытының қосындысы сала бойынша айналым капиталының жалпы айналымдылығына тең.
2. Айналым капиталының айналымдылығының үдеуі және оларды ұтымды пайдаланудың маңызды халықшаруашылық мәні бар Өнеркәсіптік кәсіпорынның және жалпы өнеркәсіптегі айналым капиталының көлеміне мыналар әсер етеді:
өнімнің өзіндік құны және шығындардың өсу коэффициенті;
өндіріс циклының және өнім айналымдылығының ұзақтығы.
Сондықтан айналым капиталы көлемінің кемуіне, демек қаражаттардың айналымнан босатылуына келесі әрекеттер есебінен қол жеткізіледі:
1) өнім бірлігіне жұмсалатын еңбек және материалдық құндылықтар шығынын төмендету (өндіріс көлемін қысқартпай), яғни өнімнің өзіндік құнын азайту арқылы;
2) өндіріс және айналым үдерістеріне қажет уақытты қысқарту арқылы.
Айналым капиталының айналым жылдамдығы - өнеркәсіп саласының және кәсіпорынның ұйымдастыру-техникалық деңгейін сипаттайтын кешенді көрсеткіш. Айналым капиталы айналымдылығының жеделдеуі көбінесе қолданылатын техникаға, технологияға, еңбекті және өндірісті ұйымдастыруға тәуелді болып келеді.
Айналым капиталының айналымдылығын жеделдету және оларды пайдалануды жақсартуға келесі іс-шараларды жүзеге асыру арқылы қол жеткізуге болады:
1) шоғырландыру, мамандандыру және күрделендіруді дамыту;
2) өндірісті кешенді механикаландыру және автоматтандыру, озық техника мен технология ендіру;
3) өнім бірлігіне жұмсалатын шикізат пен материалдар шығынын қысқарту;
4) жұмыс уақытын толыққанды пайдалану және еңбек өнімділігін арттыру;
5) шығарылған және сатылған өнімнің әрбір теңгесіне қатысты аяқталмаған өндіріс қорын және дайын өнім қалдығын, өндірістік қорларды төмендету;
6) кәсіпорынның бір қалыпты жұмысын ұйымдастыру;
7) өнім сапасын арттыру және өнімнің әр алуан тауар жинағын жетілдіру
Достарыңызбен бөлісу: |