Материалдары



Pdf көрінісі
бет132/288
Дата07.02.2022
өлшемі3,83 Mb.
#92795
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   288
Байланысты:
ЖИНАҚ БАҺАДҮР 22,10

Пайдаланылған ҽдебиеттер 
1. Баласағҧн.Ж. Қҧтты білік /Кҿне тҥркі тілінен аударған жҽне алғы сҿзі мен тҥсіндіріп жазған А.Егеубаев.- 
Алматы: Жазушы, 1986,-616б 
2. А. Қҧнанбаев. Шығармалардың толық жинағы, - Алматы: Ғылым, 1987.-2т.-280б. 
3. Бахтиярова Г.Р. Халық тағылымы- тҽрбие қайнары.- Алматы: Ғылым, 2002.36б. 
4.Оразбекова. К. Иман жҽне инабат.-Алматы «Ана- тілі» -1993.14б. 
 
 
 
УДК 34.7 
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ АЯСЫНДА ҒҦЛАМА ОЙШЫЛДАРДЫҢ ЕҢБЕКТЕРІНІҢ МАҢЫЗЫ 
 
Комарова Динара Турсунхановна 
Педагогика жҽне психология магистрі, аға оқытушы 
Байшев университеті 
Kdt2009@mail.ru 
Аннотация: 
Бұл мақалада оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын ұлы ойшылдардың
еңбектері арқылы қалыптастырудың жолдары қарастырылған.
 
Кілт сӛздер
: Адамгершілік, құндылық, рухани-адамгершілік құндылық, ойшыл. 
 
 
Болашақта ел тҧтқасын ҧстар азаматтардың ҿнегелі тҽрбиесі – бҥгінгі кҥн тҽртібінде тҧрған маңызды қоғамдық 
ҽрі педагогикалық мҽселелердің бірі. Олардың отансҥйгіштік сезімін, білім мен біліктілігін, дағдысы мен 
шеберлігін, асқақ адамшылдық пен адамгершілік қадір-қасиеттерін, жаңа дҥниетанымдық кҿзқарастарын, 
ҧнамды мінез-қҧлық нормаларын рухани-адамгершілік қҧндылықтар негізінде қалыптастыру – уақыт талабына 
сай қажеттілік. Бҧл туралы ел президенті Н.Ҽ.Назарбаев ҿзінің халқына арнаған «Қазақстан-2030» жолдауында 
жан-жақты негіздеме берген болатын [1]. 
Қай заманда болмасын, сол қоғам талабына сай азаматты тҽрбиелеуді жҥзеге асырудың бірден-бір жолы – 
адамның рухани байлығын арттыру екендігі заңдылық. Бҥгінгі таңда адам айтса нанғысыз аурулардың кҿбейуі, 
адамгершілік қасиетіміздің жҥдеу тартуы, мейірімсіз жастардың кез-келген қоғамдық ортадан табылатындығы 
жасырын емес «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген ата-бабамыз қашанда ҧрпақ тҽрбиесіне 
тірілікте ерекше мҽн беру керектігін ескерткен.Олай болса, жас ҧрпақтың осындай кҥйге тҥспеуіне, олардың 
рухани бай, адами қағидаларға негізделген қарым -қатынаста ҿмір сҥруіне жағдай жасау кезек кҥттірмейтін 
мҽселе екені анық. 
«Қҧндылық» - ҧғымын адам бола білу, қадір – қасиетті сезіну, ҿмірдегі ҿз орны мен ҿмір сҥру жолын білу деп 
тҥсінеміз. 
«Рухани- адамгершілік қҧндылықтар» - дегеніміз адамның ішкі жан-дҥниесінің даму жағдайын кҿрсететін, 
адамдық деңгейін ашатын, сипаттайтын оның тҧрақтылығы мен жетілу деңгейін, ҽлеуметтену дҽрежесін, 
қоғамдық мҽнін айқындайтын жеке тҧлғаның ішкі ең мҽнді қҧрылымдық элементі деп білеміз. 


154 
Ҿйткені, рухани – адамгершілік қҧндылық адам санасында орын алып, сана арқылы игеріліп, іс-ҽрекетке 
жетелейді. Сондықтан, біз ҥшін қҧндылықтың ҿзегі- Адам, тҽрбиесі-Адам болуға ҧмтылыс жасау болуы тиіс. 
Рухани-адамгершілік тҽрбие қоғамның барлық даму кезеңінің зерттеу обьектісі болып келеді. Оған тҥрлі 
кезеңдерде ҿмір сҥрген қазақ ғҧламалары, қоғам қайраткерлері мен ағартушы-педагогтар (Ҽл-Фараби, 
Ж.Баласағҧн, Ҿтеубойдақ Тілеуқабылҧлы, Қожа-Ахмет-Иассауи, Абай Қҧнанбаев, Ш.Уҽлиханов, 
Ы.Алтынсарин, 
Ш.Қҧдайбердиев, 
А.Байтҧрсынов, 
М.Жҧмабаев, 
Ж.Аймауытов, 
Х.Досмҧхамедов, 
Н.Қҧлжанова,т.б) еңбектерінде рухани- адамгершілік қҧндылықтарды ҥнемі уағыздалуы, қазақ халқының 
қоғамдық, рухани, мҽдени ҿмірінен орын алуын мҧрат тҧтқан идеялар айқын дҽлел. 
Мҽселен, Ҽл-Фараби «адам кҿп нҽрсеге мҧқтаж болғандықтан, ҿзіне керегін қоғамдасқан ортадан табады. Осы 
қоғам арқасында жетіліп, ҿз қабілетін шындап ҿзіндік ҿмір сҥру мҽні қалыптасады» - десе, Қожа Ахмет Иассауи 
«Адамның жетілуінің нҽтижесі- оның ақылдылығы, ал анықтаушысы- адамгершілік кемелінде» деп ескертеді. 
Сыр бойының х\\ ғасырдағы білімді оқымыстысы, ақын Ахмет Иҥгенекидің осы мҽселеге қатысты, 
«адамгершілік мінез-қҧлық уағыздау жолымен ғана емес, оларда моральдық сенімді дамыту жҽне 
адамгершілікке бейімділікті туғызу арқылы қалыптасады» дейді [2-286]. 
Ҿтеубойдақ Тілеуқабылҧлы адамгершілікке тҽрбиелеу ҽдісінде, ҧлттық қҧндылықтың негізі ретінде тиым 
сҿздердің мҽнін аша отырып «Қырық бірге жҧғыспау», «Жетіге тиіспеу», «Он екіден айырылмау» деген 
мағыналы ережелерді ҧсынады.
Адам тумысынан адамгершілік қасиетке ие болып тумайды, ол адам бойына тҽрбие арқылы дариды. Олай 
болса, тҽрбие мҽселесін ҧстаздар қауымының мойнына арта салумен іс бітпейді. Оның нҽтижелі болу ата-
аналар мен қоғамдық ортаның тҽрбие ісінен шет қалмай белсене араласуына, адам тҽрбиелеудегі 
жауапгершілікті бірлесе кҿтеріп, жҧмыла істеуіне тікелей байланысты. Ол жҿнінде Қазақстан 
Республикасының «Білім туралы» Заң жобасының 35-бабында: «Ата-аналар балалардың ҿмірі мен оқуы ҥшін 
олардың денсаулықтарын, рухани ҽрі дене қуатының қауіпсіз дамуын, адамгершілік жағынан дҧрыс 
қалыптасуын қамтамасыз етуге міндетті» делінген [2]. Мҧндай жағдайларда отбасылық дҽстҥрлердің тҽрбиеге 
тигізер ықпалы зор. Білім министрлігінің тҽлім-тҽрбие тҧжырымдамасында былай деп жазылған: «Бҥгінгі таңда 
жастарға ҽлемдік ғылым мен прогресс деңгейіне сҽйкес білім мен тҽрбие беру, оның рухани байлығы мен 
мҽдениетін жетілдіру - ҽділетті қоғамның басты міндеті» [3]. 
Ғасырлар бойы қалыптасқан ҧлттық тҽлім-тҽрбие негізінде жас ҧрпақ бойына мақал-мҽтелдер, жҧмбақтар, 
айтыстар, ҿлең, жыр, дастандар арқылы рухани-адамгершілік қҧндылықтарды дамытудың маңызы ерекше. 
Яғни ол-адамның ішкі жан дҥниесінің ерекшелігін кҿрсететін, адамгершілік деңгейін анықтайтын, 
сипаттайтын, оның тҧрақтылығы мен ҥздіксіздігін, дамуын, ҽлеуметтану дҽрежесін, қоғамдық мҽнін 
айқындайтын жеке тҧлғаның ең маңызды ішкі жан дҥниесінің элементі. 
Халық ҧстазы атанған Ы.Алтынсарин еңбектерінде рухани- адамгершілікке тҽрбиелеу проблемасындағы атап 
кҿрсеткен қҧндылығы, иман, ҽділдік, адалдық, кҿңілдік, сыпайылық-шын берілгендік, адал-ниет, ҿсиет, 
жомарттық, кеңпейілдік, ҥнемді- орынды жҧмсау. 
Осындай тҥрлі адамгершілік мҽселелерін талдап жҥйелесек ғҧлама ойшылдармен мен ҧлы ҧстаздарымыздың
шығармаларында олардың адам бойындағы ең асыл қасиеттерді дҽріптеуі бҥгінгі ҧрпақтың дҥниетанымын 
кеңейте тҥсуге кҿмектесе қоғамның даму тарихын адамгершілік тҧрғыдан қабылдай білуге, талдау жасауға, 
терең тҥсіне білуге ҥйретеді; олардың еңбектері жастардың адамгершілік мінез-қҧлықтарының қалыптасуына 
бағдар береді; ғҧламалардың рухани қазынасы қазіргі жастардың адамды сҥйе білу, адамды тану талғамын 
қалыптастыруға септігін тигізіп, адами жетілуіне, уақыт талабына сай ҥйлесімді дамуына негіз болады. 
Еліміз ҽлемдік қауымдастыққа зор қҧрметпен, беделмен кіруі ҥшін ең алдымен ҧрпақ тҽрбиесін ҽрқашанда 
назардан тыс қалдырмауымыз керек. Ол ҥшін, мектеп оқушыларын рухани-адамгершілік сапа-қасиеттерге 
тҽрбиелеу қаншалықты қиын болса, соншалықты маңызды да жауапты іс ретінде басты назарда болуы тиіс. 
Рухани -адамгершілік тҽрбие оқушының тҽртібін жҽне жеке басының дағдысын қалыптастырады. Осыған орай,
бҥгінгі тҽжірибеде мектеп оқушыларына адамгершілік ҧлттық-рухани мҧралар негізінде жан-жақты, жҥйелі 
тҽрбие беруді кҿздейтін «Атамекен» бағдарламасының негізге алынып жҥргендігі баршамызға аян. 
Бағдарламада «Салт», «Асыл мҧра», «Балалар ҿсиеті», «Қыз бен жігіт», «Заманай», «Достық», «Ата-ана», 
«Қайырымдылық», «Сҿнбес жҧлдыз» атты тҽрбиелік мҽніне орай топтастырылнған бҿлімдер бар. Егер біз бір 
жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, кҿп болып жҧмыла осы бағдарламаның ҿз дҽрежесінде іске асырсақ, 
ҿркениетті ел қатарынан кҿрінуімізге мол ҥлес қосқан болар едік . 


155 
Ендеше, ҿткеннен нҽр алмай, рухани азық алмай болашаққа қадам басу жҽне ҧрпақ тҽрбиесіндегі ежелден 
қалыптасқан халкымыздың жақсы дҽстҥрлері мен тағылымдарын оқып ҥйреніп, ҿнеге тҧтпай, жастарды
рухани-адамгершілікке баулу мҥмкін емес. Рухани- адамгершілік қҧндылықтар мен сапаларды оқушының 
бойына дарыту ҥшін, ең алдымен, олардың саналығын кҿтеру; екіншіден адамгершілік тҧрғыдан сезімталдығын 
тҽрбиелеу жҽне дамыту; ҥшіншіде, оқушының бойына жағымды мінез-қҧлықтың дағдылары мен қылықтарын 
ҥнемі сіңдіріп отыру қажеттілігі талап етіледі.Ол ҥшін жасҿспірімдердің ҿздері ҿскен аймақпен, қоғамдық 
ортамен тікелей байланысты оған тҽуелді екендігін, ҿзінің жҥріс тҧрысы мен мінез-қҧлқын ҿмір сҥріп отырған 
ортада қабылданған тҽртіп ережелеріне сҽйкес ҥйлестіре қалыптасу қажеттігін тҥсінуі, оларды халықаралық 
аренада қолданып келе жатқан ҿзара сыйластық пен қҧрмет тҧтынушылық сезімді тҽрбиелеу мҽселелерін 
жҥзеге асыруды басты бағыт - бағдар ретінде белгіленуі тиіс.
«Жалпақ ҽлемді аузыңа қарату ҥшін рухани ерлік, жалпақ ҽлеміне қысылмай, қымтырылмай қарау ҥшін рухани 
байлық керек», - дейді Ҽ.Кекілбаев [5- 86]. 
Ҽл-Фараби ҽсіресе Аристотельдің ғылыми мҧраларын жан-жақты зерттеп, ҿзінің ғылыми еңбектерінде адам 
ақыл-ойының дҥние танудағы мҥмкіндігін, қҧдіреттілігін дҽріптейді. «Қайырлы қала тҧрғындарының 
кҿзқарасы», «Бақытқа жету» т.б. шығармаларында ғылымды меңгеруді бірден-бір жолы –таза еңбек, адал еңбек, 
ой толғанысы болып табылады. Фарабидің осыдан сан ғасыр бҧрын ғылым, білім, тҽрбие туралы айтқан қҧнды 
пікірлері бҥгінгі педагогика ғылымы ҥшін терең мҽн-маңызға ие, баға жетпес мҧра болып табылады.
Жоғары мектеп оқушыларының жеке тҧлғасын қалыптастыруда, оларға жан-жақты тҽрбие беруде ойшыл Жҥсіп 
Баласағҧн шығармашылығы да ерекше роль атқарады. Оның тҥркі тілінде жазылған «Қҧдатғу білік» атты 
кеңінен танымал еңбегі тҽлім-тҽрбиелік ой-толғамдарына бай, ҽрі онда ҽл- Фараби сияқты ҧлы ойшылдардың 
адам тҽрбиесі жҿніндегі гуманистік ілімдерімен астарлас мҽселелер жан-жақты сҿз болады. 
Дастан авторы баланың мінез-қҧлқы жақсы тҽрбиеден туындайды; отбасы тҽрбиесі - бала мінез-қҧлқы мен 
психологиялық бейнесін қалыптастыру негіздерінің негзі; сондықтан баланы балғын шағынан оқытып
жақсылап тҽрбиелеу керек; ҥлгілі тҽртіптің негізі- білім, ҽдет-дағдыларға машықтану; сол себепті баланы 
кішкентайынан тіл алуға, ҥлкендерді сыйлауға, ағайын-туысты, ата-ананы қастерлеуге ҥйрету керек деп, 
тҽрбиеші, ата-аналарға қажетті, маңызы зор ақыл-кеңестер береді. 
Мысалы, Ҽл-Фараби ҿзінің философиялық трактаттарында: «жақсы мінез-қҧлық пен ақыл біріккенде ғана олар 
адамшылдық қасиеттер болып табылмақ», [6] - деген тҧжырымы рухани қҧндылықтар ҿзіндік тҧрғыдан 
адамгершілік нормаларда кҿрініп, сана арқылы адамның кҥнделікті тҧрмыс- тіршілігінде, яғни рухани-
адамгершілік қасиеттер адамның болмысынан кҿрініс табады. 
Қожа Ахмет Иасауи. Аты ҽлемге ҽйгілі қазақ халқының дҽстҥрлі мҽдениетінде шоқтығы биік ҿр тҧлға-тарихи 
рухани мҧрамыздағы ҿзіндік орны ерекше, сопылық ҽдебиеттің ірі ҿкілі ақын, кемеңгер ойшыл Қожа Ахмет 
Иасауи (XIIғ.) екендігі баршамызға белгілі.
Ҧлы ойшылдың қазақ жҽне кҿптеген Орта Азия халықтарына ортақ рухани қҧнды мҧрасы «Диуани хикметі» 
(«Ақыл, даналық кітабы») ата- бабаларымыздың ҧрпақ тҽрбиелеудегі ҧлағатты ойларымен астарласып жатқан 
терең тҽрбиелік мҽнге ие еңбек. Ахмет Иасауидің «Диуани хикмет» атты еңбегінің негізгі мақсаты араб парсы 
тілінде жазылған мҧсылман дінінің негізгі қағида- шарттарын тҥрік тектес халықтарға тҥсінікті етіп насихаттап 
жеткізу, байыппен баяндау болды. Кҿне тҥркі тілінде, айшықты ҿлеңмен жазылған бҧл еңбегінде ойшыл адам 
баласын туыстық- бауырмалдыққа, адамгершілік, ізгілікке, имандылыққа шақырып, мҧсылман дінінің қағида-
шарттарын, Алланы танудың жолдарын насихаттайды. Біз ҿз еңбегімізде бҧрын соңды этнопедагогикалық 
зерттеулерде жете сҿз етілмей жҥрген Ахмет Иасауи еңбегі мен танымдық, тағылымдық ойларына барынша 
тоқталып талдау беруге тоқталдық. 
Ахмет Иассауи адам мен қоғам мҽселелеріне де назар аударып, оларға дҽстҥрлі мҧсылмандықтан 
айырмашылығы бар ҧсыныс беруге ҽрекет жасайды. Оның дҥниетанымында этикалық ойлар басым. 
Иассауидың этикалық кҿзқарстары қҧдай жҽне оны тану туралы ілімімен тығыз байланысты. Адамгершілік 
тазалығы мен моральдық жағынан жетілгендікті Иассауи оппозициясылық суфизм позициясы тҧрғысынан 
шешеді. Адам бойында кездесетін даңқҧмарлық, кҥншілдік, екіжҥзділік, надандық, кекшілдік, алдау сияқты 
жаман ҽдеттердің болатынын ҿкінішпен айтады. Иассауи іліміндегі адамгершілік ойлары дін арқылы 
тҥсіндіреді. Жақсылық пен жамандық, ҽділеттілік пен ҽділетсіздік, адамның жақсы жҽне жаман іс- ҽрекеттері 
сияқты моральдық сипаттары оның қҧдайға сенуіне байланысты болады. « Кімде-кім жамандық жасаса, ол 
кҥнҽдан арыла алмайды, кімде- кім жақсылық жасаса, ол қҧдайдың сҥйіктісі болады»,- дейді. 


156 
Ахмет Иассауидің пайымдауынша, ол ҿзін-ҿзі тазартуға, кемшілігін жоюға, игілікті іс істеуге шақырған адам 
адасуы, ҽділетсіздік жҽне жамандық жасауы мҥмкін емес. Ол ҿзінің жолын қуушыларды ҿзін-ҿзі жетілдіруге 
шақырып отырып, адамгершіліктің қҧдайдан шығатыны туралы ойдан аулақ ҧстайды. 
Міне осындай ҧлағатты ойларға толы Ахмет Иассауи шығармасының ҿн бойынан бҥгінігі жасҿспірімдер ҧрпақ 
тек жақсылықты танып, жамандықтан сақтануды ҧғынары хақ. 
Жҥсіп Баласағҧн. Қазақ халқының ҽріден бастау алатын, ҿзіне ғана тҽн ҧлттық педагогикалық мҽдениетінен 
орнын алатын тҥркі тілдес залықтардың XI ғасырдағы аса кҿрнекті ақыны, қазіргі Жетісу ҿлкесі Шу ҿзенінің 
жағасындағы Баласағҧн қаласында дҥниеге келген есімі бҥкіл шығыс елдеріне танылған данышпан ойшыл, 
шежіреші ғалым, белгілі қоғам қайраткері Жҥсіп Хас Хаджиб Баласағҧни бабамыздың ҧрпақ тҽрбиелеудегі 
тҽлім-тҽрбиелік ойларын, ҿсиет-ҿнегелерін оның еңбектерінен табуға болады.
Жҥсіп Баласағҧн «Қҧтты білік» еңбегінде адамның қадір-қасиетінің алдымен терең біліммен, ақылмен ғана 
қалыптасатынын сҿз етеді:
Ақыл қайда болса, ҧлылық толады, 
Білім кімде, сол білікті болады. 
Ақылды ҧғар, білімділер біледі, 
Тҥгел болар білімді, есті тілегі!... 
Білімсіздер бар кеселді кҿреді, 
Емдемесе, тектен текке ҿледі... [7 ]. 
Шығармада, сонымен қатар, сҿз ҿнері, адамдар бойында кездесетін жақсы-жаман қасиетттер, ақылдылық, 
тҽрбиелік, білімділік туралы да кеңінен жырланады. Мҽселен, Баласағҧн: 
Тілесең сен есендікте жҥруді, 
Жаман қимылдатпа тіліңді, 
Біліп айтқан сҿз – білікті саналар, 
Біліксіз сҿз басыңды жеп, табалар,- 
Деу арқылы ҽрбір сҿзге есеп бере сҿйлеп, ҽрбір қадамды ақыл безбенімен таразылау біліктілік белгісі екендігін 
айтады. Ақынның: 
Ер ажары - сабырынды сақтай біл, 
Сабыр жолы кҿк тҿріне бастайды. 
Ҿлімді ойла, ҧмытпа еш, сарала, 
Ҿзіңді ойла, қасиетіңді бағала.
Жҧрт алдында аузыңды бақ, лепірмей,
Кісі ҥйінде сҿз қадірін кетірме... 
Жалған сҿздің сезілмесін лебі де,
Жҥзің жанып, қор боларсың теңіңе.
Дос, туғаннан лебізіңді аяма,
Кіші, ҥлкенді жылы леппен аяла.
Тҧз – дҽміңді бҿліс, жаса қайырым. 
Кешіре сал, кҿрсең кісі айыбын
деген жыр жолдары – жас балалар ҥшін тҽрбие тағылымының ізгі ҥлгі- ҿнегесін іспеттес. Ҧрпағының « 
сегізқырлы, қайтпас қайсар нар болуын» армандаған дана ойшыл «жҥсіп Баласағҧн жас жеткіншектерді 
адамдық қасиеттерді жоғары бағалауға, ҽділ болып, ҿтірік сҿз сҿйлемеуге, ҥлкен-кішіге қҧрметпен қарап, 
достықты аялай білуге, ынтымақ – бірлікті сақтап, ҿз ар-намысын жоғары ҧстауға ҥндейді.
Ж. Баласағҧнидің «Қҧтты білік» поэмасы тарихта ерекше орны бар, рухани-адамгершілік тағылымы мол мҧра. 
Ж.Баласағҧни:
«Ҥш нҽрседен жҥр алыс, сақ, байқағын, 
Бірі - қыңыр, қисық болма, айтарым. 
Бірі - жалған, сҧғанақтық - ҥшінші, 
Ҥшеуінің тҥбі қорлық тҥсінші» - деп адам бойындағы теріс мінезден сақтандыра отырып, оның бойындағы 
асыл қасиеттерді - қайырымдылық, ҽділеттік, шыншылдық, парасаттылықты ҿте жоғары бағалап, «ҽділет- қҧт, 
қҧт қҧрығы - кішілік, ҽділеттің заты тҧнған кісілік - деуі адам қадір- қасиетімен, білімімен, ақылымен жҽне 


157 
ҽділеттілігімен ғана Адам екенін кҿрсетеді. Демек, адам бойындағы бар қасиеттердің ҥйлесімді кҿрінісі оның 
болмысының кҿрсеткіші екендігіне мҽн берген. 
Сондай-ақ, Баласағҧн ҿз шығармасында еңбек адамдарын жырға қоса отырып, олардан тҥрлі ҿнер кҿздерін 
ҥйренуді, дана адамдармен араласу арқылы ғылым- білімді меңгеруді уағыздайды. «Қҧтты білік» дастаны - 
бҥгінгі таңда ҧрпақ тҽрбиелеуде басшылыққа алатын тҽлім- тҽрбиелік ой-толғамдарға ҿте бай педагогикалық 
рухани мҧра. 
«Қҧтты білік» дастанының басты идеясы тҿрт принципке негізделіп жазылған. Біріншісі, мемлекетті дҧрыс 
басқару ҥшін қара қылды қақ жаратындай ҽділ заңның болуы. Автор ҽділдіктің бейнесі ретінде Кҥнтуды 
патшаны кҿрсетеді. Екіншісі, бақ- дҽулет яғни қҧт қонсын деген тілек. Бақ- дҽулет мҽселесі дастанда патшаның 
уҽзірі Айтолды бейнесі арқылы жырға қосылған. Ҥшіншісі, ақыл-парасат. Ақыл- парасаттың қоғамдық рҿлі 
уҽзҽрдің баласы Ҿгдҥлміш бейнесінде жырланады. Тҿртіншісі, қанағат- ынсап мҽселесі. Бҧл мҽселе дастанда 
уҽзірдің туысы, дҽруіш Одғҧрмыш бейнесі арқылы ҽңгіме болады. Ҿмір, тіршілік, адамгершілік туралы сан 
қатпарлы философиялық толғамдар осы тҿртеуінің сҧхбаты тҥрінде ҿрбиді. Бҧл дастан қазіргі тҥркі тілдес 
халықтардың орта ғасырдағы тарихи, қоғамдық-саяси ҿмірі, ғылымы, ҽдебиеті мен мҽдени дҽрежесі, ҽдет-
ғҧрпы, наным-сенімі, т.б. жҿнінде аса қызықты, ҽрі қыруар мол деректер беретін кҿркем туынды. 
Ахмет Иҥгінеки. Бҥгінгі жас ҧрпаққа ҧлттық рухани мҧра негізінде жан- жақты тҽрбие беруде ҧлы ғалым Ахмет 
Иҥгінеки (XII) шығрмашылығы да ерекше рҿл атқарады. Ғҧлама шығармаларынан адамгершілік жҿнінде 
айтылған қазақ халқының тарихи қалыптасқан педагогикалық мҽдениетінің айқын кҿрінісін табуға болады. 
Ахмет Иҥгінеки - аса кҿрнекті ақын, есімі кезінде бҥкіл ҧлан-ғайыр Қарахан мемлекеті тҥркілеріне танымал 
ғҧлама ғалым болған. Ақынның біздің заманымызға жеткен «Хибатул-хақайық» («Ақиқат сыйы» немесе 
«Шындық сыйы») атты кітабы-тҽлім-тҽрбие, адамгершілік туралы ҿнегелерді ҿлең ҿрнектерімен айтып, 
ҧрпақты ҧлағаттылыққа тҽрбиелейтін аса қҧнды, терең мҽнді ойларға толы рухани мҧра.
Бҧл даналық шығармада ақын тҽлім-тҽрбиенің негізі – адам болуға, кісілікке тҽрбиелеу екенін баса кҿтеріп, ол 
ҥшін ҽрбір адам оқып, білім алу керек деп бастайды.
Айтайын білім жайын, қҧнты бар бол, 
Ей, достым, білімдіге ынтызар бол. 
Ашылар білімменен бақыт жолы, 
Білім ал жолға тҥсіп бақыт толы. 
Білімді- алтын, нҧры ашылатын, 
Білімсіз- қара бақыр шашылатын... 
Жҥрсе де тым шіреніп, 
Білімсіз жан- тірі ҿлік, - деп, ақын білімсіз, надан адамның адамдық бейнесі болмайтынын басып айтады. 
Халқымыздың «оқу - инемен қҧдық қазғандай», «Оқу-білім қазығы, білім-ҿмір азығы» деген мақалы осы бір 
отты қайнар кҿзінен туындаған болу керек. 
Дидактикалық шығарма болып табылатын «Ақиқат сыйы» дастанында негізінен адамның мінез-қҧлық 
қағидалары, адамгершілік, этика, ҽдептілік т.б. моральдық мҽселелер жан-жақты сҿз етіліп, олар жҿнінде автор 
кейінгі ҧрпағына тағылымдық ойлар айтып қана қоймай, сонымен бірге бірсыпыра пайдалы кеңестерін де 
ҧсынды. Мысалы, «Егер билікке қолын жетсе, мақтанба, асып-таспа», «Бастық болсаң, жайсаң бол», «Кҽріге 
де, жасқа да қҧрмет кҿрсет», «Айтар лебізіңді алдымен ойланып ал», т.б. ҧлағатты ҿсиетнамаларын айтады. 
Иҥгінеки ҽдептіліктің бір белгісі - жомарттық деп, жомарттықтың асыл қасиет екенін дҽріптейді: 
Жҧмсармас иілместі жомарт иер, 
Мҧрат та қол жетпейтін бҧған тиер. 
Мақтайтын бақылдарды жан бола ма, 
Сақыны ағайын, ел бҽрі сҥйер, - дейді. Ақын жеке адамдардың мінез-қҧлқын жақсарту арқылы, оларды жомарт, 
мейірімді, білімді ету арқылы заманды да жақсартуға болады деп ҥміттенеді де, тҽлім- тҽрбиеге, білім беру ісіне 
ерекше кҿңіл аударады. 
Тағы бір керекті сҿз- айтам дастан, 
Ҧғып ал қҧлақ салып мендей достан: 
Болып ал кішіпейіл ҿзгерместей 
Аластат тҽкаппарлық ойды бастан, - деп ол тҽкаппарлық, паң, ҿркҿкірек мінезден аулақ болуды уағыздайды. 
Дҧшпандықты жоя біл, 


158 
Жазықтыны кешіргін 
Ақылға ден қоя біл, 
Ашу ҿртін ҿшіргін, - деп, ақын соңғы бір сҿзінде жақсы мінезді қалыптастыру ҥшін 
ҽрбір адам ҿзін-ҿзі тҽрбиелей білу қажетекенін ҿнеге етеді. Жақсы мінездің қалыптасуы тҽрбиеге, жеке адамды 
тҽрбиелеуші оның тегіне байланысты екенін: 
Тегі асыл адамның 
Мінезі де сҥйкімді, 
Тексіз- бҧзық наданның 
Жоқ болады сҥйкімі,- деп тҧжырымдайды. 
Ертедегі данышпан бабаларымыздың мҧхиттай мол еңбектерінің шашырандысы іспеттес болса да, «Ақиқат 
сыйы» кітабы ҧлы ойшылдардың ҧлттық тҽлім-тҽрбиемізге бҧдан былай да зор ҽсер ететін қҧнды еңбек екенін 
бағалай қажет.
Махмҧт Қашқари (XI)
 
Орта ғасырлық жҧлдыздарымыздың бірі Махмҧт Қашқари - XI ғасырда дҥниеге келіп, 
Шу, Талас ҿңіріндегі Баласағҧн қаласында ҿмір сҥрген ғалым.
Ол – ҧлы ҽдебиетші, ауыз ҽдебиеті ҥлгілерін 
жинап, зерттеуші, ойшыл-философ, белгілі саяхатшы, «Тҥркі тілдерінің жинағы» («Диуани лҧғат ат-тҥрік») 
кітабын 1072-74 жылдары жазған. 
«Диуани лҧғат ат-тҥрік» тек тҥрікше-арабша тҥсіндірме сҿздік емес, ол тҥркі тілдерін зерттеуде теңдесі жоқ 
ғылыми еңбек болып саналады. Бҧл тҥсіндірме сҿздігінде автор халық ауыз ҽдебиеті ҥлгілерін, аңыз-ертегілер, 
мақал-мҽтелдер, қанатты сҿздер жҽне халық фольклорын ҿте орынды пайдалана білген. 
М.Қашқари адамдарды ҿнер-білімге, ҽдептілікке шақырып, адамгершілік, мораль, этика, ҧйымшылдық 
мҽселелерін сҿз етеді. Оның тҥркі халықтарының бҽйіттерінде табиғат сҧлулығы, махаббат, кҿркемдік, ҥлкен 
парасаттылық, білім, батырлық суреттеледі. Мысалы:
Қҧрметте, білімдінің сҿзін тыңда жігітім, 
Ҥйретіп парасатын, ақта ҽділ ҥмітін. 
Ҿмірді білмесең - білімің жоғалар, 
Талғамды қашанда да - бос сҿзді доғалар. 
Білімдінің қасына бар кҥнде балам ерінбей, 
Тҿмен тҧрып ҥйрен толық тҽкаппар боп кҿрінбей. 
Елім саған ҽдепті мирас етіп қалдырамын, 
Жағалаған, жайқалған білімдінің бал қҧрағын. 
Бҥгінгі ҧрпақ ҥшін Қашқарлық ғҧламаның адамгершілік тҽрбие жҿніндегі идеяларымен танысудың қай 
қырынан алғанда да зор тҽрбиелік мҽні бар. Автор қайырымдылық пен қарапайымдылық, адалдық пен 
шыншылдық ҧғымдарын дҽріптеп, уағыздайды. Мінездің ар, ҧят, ҽділеттілік секілді белгілерін бҿліп атайды. 
«Итке ҧят бітсе, ҿлексе жемес», - деп ҧятты, ізетті болуға ҥндеп, адамдарды жаман қасиеттерден аулақ болуға 
шақырады. Осындай теңдесі жоқ тамаша туындыны оқып отырған адам қазақ даласының ежелгі дҽуірлерден 
бері ҽдеби мҧраларға бай, ал оның халқының рухани мҽдени дҽрежесінің жоғары, парасатты болғандығына кҿз 
жеткізе алады. 
Қорыта айтатын болсақ, Махмҧт Қашқаридың қалдырған бҧл рухани мҧраларының кейінгі ҧрпақ ҥшін баға 
жетпес асыл қазына екендігіне ҥлкен мҽн бере отырып, барлық тҥркі халықтарына ортақ энциклопедиялық 
тҧрғыда жазылған ас қҧнды мҧралардың бірі деп танып білеміз. 
Сонымен қорыта айтқанда, бҥгінгі ғылыми тҧжырымдар мен жоғары клас оқушыларының дҥниетанымы мен 
ақыл-ой, адамгершілік тҧрғыдан дамып, қалыптасу ерекшелігін ескере отырып жоғары да мазмҧндалған халық 
педагогикасының озық ҥлгілері ретінде ҧлы ойшылдардың кҿзқарастарын ҧтымды пайдалану болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   288




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет