Мазмұны Алғы сөз І тарау. Сурдопедагогиканың теориялық негіздері және даму тарихы


Ерте естімей қалған (долингвальды) пациенттер



бет61/146
Дата19.05.2020
өлшемі0,96 Mb.
#69691
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   146
Байланысты:
surdopedagogika kazaksha okulyk

Ерте естімей қалған (долингвальды) пациенттер – сөйлеу тілі қалыптасқанға дейінгі есту қабілетін жоғалтқан адамдар. Бұл пациенттердің көп бөлігі – ерте жастағы балалар. Бұл топ біркелкі емес, бірнеше топшаларға бөлінеді:

  • Есту тәжірибесі бар балалар. Бұл топқа сөйлеу тілі қалыптасқанға дейін есту қабілетін жоғалтқан балалар (1-5 жас, перилингвальды кезең) жатады., Неғұрлым есту қабілетін кешірек жоғалтса және есту қабілетін жоғалту уақытымен имплант жасалған уақыттың арасы неғұрлым аз болса бұл балаларда тиімді нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік соғұрлым жоғары береді. Сондай – ақ бұл топқа тұрақты ЕА таққан балалармен прогрессивті құлақ мүкістігі бар балалар жатады /31/.

  • Есту тәжірибесі жоқ балалар. Нәтиже имплант жасалған жасқа байланысты:

  • 3 – жасқа дейінгі жаста жасалған имплантация, жақсы ұйымдастырылған реабилитация мен балада қосымша бұзылыстар болмаған жағдайда тиімді нәтижелер береді;

  • 3 – 7 жаста жасалған имплантация ЕА қолдану тәжірибесіне, имплантация жасалған кездегі сөйлеу тілінің даму деңгейіне, имплант жасалған жасына, эмоционалды – ерік сферасының, зейінінің, есте сақтауының жағдайына, реабилитацияны ұйымдастыру процессіне байланысты нашар нәтижеден жақсы нәтижеге дейін қол жеткізуге мүмкіндік береді.

  • 7 – 15 жастағы имплантация көптеген факторларға байланысты нашар нәтиже де, жақсы нәтиже де береді.

  • 15 – жастан асқан уақытта жасаған имплантация естіп сөйлеу тілін қабылдау мен сөйлеу тілінің дамуының мүмкіндігі шектеулі, бірақ КИ беретін мүмкіндігін дұрыс түсінген жағдайда және баланың еститін ортаға біріккісі келген жағдайда коммуникативті дағдылары дамып, өмір сүру жағдайы жақсарады. Егер естімейтін бала «еріннен оқу» дағдысын жақсы меңгеріп, ауызша сөйлеу тілін қарым – қатынас құралы ретінде пайдаланса, онда КИ есту – көру арқылы қабылдауын жеңілдетеді.

  • Естімейтін ата – аналары бар балалар. Бұл топқа жататын балалардың естіп сөйлеу тілін дамыту жұмысының нәтижесі имплант жасалған уақытпен көптеген факторларға байланысты. Бұл топтың ерекшелігі отбасында сөйлеу ортасын ұйымдастыру қиындықтарымен байланысты.

Ерте естімей қалған балалардың сөйлеу тілін қабылдау үшін КИ қолданудың тиімділігіне жағымды әсер ететін жалпы факторларға тоқталайық /49/:

  1. Ерте жаста жасалған имплантация (имплантация неғұрлым ерте жасалса, соғұрлым тиімді нәтиже болады).

  2. Есту тәжірибесінің болуы (есту қабілетін 1,5 – 3 жастан кейін жоғалту, есту қабілетінің прогрессивті төмендеуі, ерте жастан естуді протездеу және тұрақты ЕА тағу).

  3. Есте сақтауында, зейінінде, зиятында қосымша бұзылыстардың және спецификалық сөйлеу бұзылыстарының болмауы.

  4. Коммуникативті және таным дағдыларының, ауызша сөйлеу тілінің, оқу және өз сөйлеу тілі мен естіп сөйлеу тілін қабылдауды дамыту үшін маңызды басқа да дағдылардың қалыптасқандығы (жасына байланысты).

  5. Ұзақ уақыт бойы естіп сөйлеу тілін қабылдауды дамыту жұмысын жүргізуге қолайлы жағдайдың болуы және ата – анасымен жақындарының белсенді қатысуы.

  6. Есту қабілетін қолдану мен оны дамыту үшін жүйелі жұмысқа деген ынтасының болуы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   146




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет