Кохлеарлы имплантталған балалардың естіп сөйлеу тілін дамыту
КИ процессорын іске қасып түзеткен соң, баланың есту табалдырығы 25-40 Дб, демек, І деңгейдегі нашар естушілікке сай келеді. Мектепке дейінгі І деңгейдегі нашар еститін баланың қандай екенін кез келген маман біледі. Егер қосымша ауытқулары жоқ болса, қалыпты дамып келе жатқан бала. Ол айтқан сөздерді жақсы түсінеді, сәл кешеуілдеп болса да, фразалық сөйлеуі дамиды. Дауысы анық, жарқын және мәнері қалыпты болып келеді. Бұндай балалардың есту қабілеті зақымдалғанын кейде байқамай, көбіне логопедиялық бақшаларға барады. Логопедиялық түзету жұмысының арқасында бұл балалардың сөйлеуі қалыпқа келіп, кейін жалпы білім беретін мектепте оқып, оны да жақсы бітіріп шығуы мүмкін. Тек аз ғана ана тілінің грамматикасынан қиналуы мүмкін.
КИ алғашқы айларда қолданан бала біз жоғары да айтқан балаға мүлде ұқсамайды. Дегенмен, екеуінің де есту табалдырығы бірдей. Сөйлеуді түсінуі мен өзбетімен сөйлеу тілінің жағдайы естімейтін балаға ұқсас болады. Біз зерттеу жұмысымыз кезінде, имплантация жасатқан мектепке дейінгі балаларды бақылағанда, олардың өздеріне айтылған сөзді түсінбейтінін, мүлде сөйлемейтінін және сөйлесе де аз ғана сөздерді өте дөрекі бұзып айтатынын байқадық. Имплантацияға дейін сөйлетіп үйреткен балаларда, естімейтін балаларға тән мыңқылдап сөйлеу, күшеніп сөйлеу байқалды. Кейбір балалар ересектердің артикуляциясына еліктейді, бірақ бұл дыбыссыз еліктеулер. Дауыстары айқайлағанда ғана шығады. Бірақ прогрессивті есту қабілетін жоғалтқан балалар(2-3 жасында есту қабілетін жоғалтқан балалар) мен 6 айдан бастап есту аппаратын тағып жұмыс істеген балаларда бұндай кемшіліктер байқалмайды /57/.
КИ процессорын іске қосып түзеткеннен кейін, балаларды тыныш/салдырмен шығатын және сыбырлап айтылған дыбыстарға(4-6 метрден [с], [ш], [ц] дыбыстарын) шартты реакциясын қалыптастырамыз. Бірақ, өте тыныш жерде өзінің атын да ажырата алмайды және қоршаған орта дыбыстарын танымайды. 1-3 ай өткен соң, қоршаған орта дыбыстарына назар аудара бастайды және естіген сөзін қайталауы мүмкін. Бұл дегеніміз мамандарды таң қалаларлық жағдайда қалдырады /37/. Олар көбіне: «Қалай сонда, бала естиді, сыбырлап айтқанды қайталайды, ал менің қалыпты дауыспен айтқан сөзімді түсінбейді?».
Бұны түсіну үшін мынадай қарапайым аналогияны келтірейік. Нашар көретін оқи алмайтын, испан тілін білмейтін адамға испанша кітап және көзілдірік беріп, кітапты оқуын сұрайық. Ол көзілдірікті киіп, әріптерді көреді, бірақ оны түсінбейді. Ол әріптер ол адам үшін жай ғана қара сызықтар.ол қалай оны оқып береді? Ол әріптерді білмейді, оларды қосып сөз бен сөйле де құрай алмайды. Ол әріптерді тез үйреніп алуы мүмкін. Бірақ, оқығанын түсіну үшін, өте көп уақыт керек. Немесе жапон тілін білмейтін адамды жапондардың арасына апарып тастаса, ол бәрін естиді, бірақ түсінбейді. Ал жапонша түсініп, өз бетімен сөйлеуі үшін оған біршама уақыт керек.
Міне КИ бала осындай жағдайда. Ол әртүрлі дыбыстарды ести бастайды, бірақ бастапқы кезде олардың мағынасын түсінбейді. Мектепке дейінгі бала кейбір сөздерді заттық мағынасымен сәйкестендіруді тез үйреніп алуы мүмкін, бірақ сөйлеуді түсінбейді. Себебі, оның жадында сөздердің мағынасы, олардың өзгеруі мен сөйлемдерде байланысуы жайлы ақпараттар жоқ немесе өте аз.
Көптеген сурдопедагогтардың КИ балалармен кішкене жұмыс істегеннен кейін, ата – аналарына: «Неменеге КИ жасаттыңдар, ол сол естімейтін қалпынан түк өзгерген жоқ» деп айтқандарын талай рет тәжірибеде көрдік. Бұндай жағдай көбінесе, операцияға дейін қалдық естуін дамытпаған балаларда кезедеседі. Өкінішке орай, бала есту аппаратын бақшада түске дейін ғана тағып, ал үйде «бәрібір естімейді» деп мүлде тақпайтын жағдайлармен жиі кезедесеміз. Осындай жағдайда, бала өзінде бар қалдық естуін қолданбай, нәтижесінде есту орталықтары дамымайды. Ол тек сабақта ғана естиді! КИ процессорын қосқаннан кейін, баланың назарын, қызығушылығын қоршаған дыбыстарға аудару жұмысы 2-3 ай бойы мақсатты бағытталған түрде жүруі керек. Бала өз бетімен қоршаған дыбыстарға назарын аударып, таныс дыбыстарды білгенше жалғасады.
Міне, осы кезде кез келген сурдопедагог КИ баламен есту аппаратын таққан естімейтін баланың сөйлеуін дамытудың айырмашылығын түсінеді. Есту аппараттын таққан естімейтін балаға қарағанда, кохлеарлы имплантталған баланың есту дағдылары спонтанды тез дамып, сосын айтқан сөзді түсінуі және өзінінің сөйлеуі тез дамиды /20/. Спонтанды дамуы деп, біз балаға сөздер мен грамматикалық ережелерді мақсатты бағыттап оқытпай – ақ, қоршаған адамдардың сөздерін ести жүре, өз бетімен үйреніп алуын айтамыз. Естімейтін бала сабақта үйреткен сөзді немесе бір дыбысты есінде сақтап, кейін сол сөзді күнделікті тұрмыс жағдайында естіп тануы қандай қиын екенін және оған қанша көп уақыт керек екенін кез келген маман біледі. Баланың грамматикалық ережелерді меңгеруі одан да қиынға соғады, мысалы, септелуі немесе жіктелуіне байланысты сөздердің өзгеруі. Естімейтін бала естіп көру арқылы ғана меңгере алады, оның өзінде бұл материалды әр сабақта кіргізіп, сөздерді дұрыс қолдануын әр уақытта бақылап отыру керек. Олай болмаған жағдайда, бала бәрін ұмытып қалады. Ал енді үш жасар есту аппаратын таққан естімейтін бала анасына келіп, теледидардан естіп «Комедия деген не?» деп сұрайды деп, немесе аулада ойнап жүріп, балалардан естіген сөзін келіп, анасынан сұрайды деп ойлайсыз ба?
Ерте жастан, екі жасқа дейін кохлеарлы имплантация жасалған балаларда, ешқандай қосымша ауытқулары болмаса, дыбыстық сигналдарды талдау және сөйлеуді қабылдауын дамытудың негізгі үрдістерін қалыптастырғаннан кейін, өз сөйлеу тілі мен қоршаған дыбыстарды қабылдауы спонтанды жүзеге асады.
Кохлеарлы имплантация екі жастан асып кеткенде жасалса, онда сөйлеуді түсінуі мен өз сөйлеу тілінің спонтанды даму үрдісі кеш жүреді. Бұл үрдістің дамуы, баланың имплантацияға дейін қалдық естуінің, ауызша сөйлеу дағдыларының дамуына және қосымша ауытқуларының бар болуын байланысты /21/. Егер бала 6-8 айында есту аппаратын тағып, қалдық естуін дамытса және былдырдың даму кезеңдерін өтіп, алғашқы сөздері мен қарапайым фразаларды қолданса, онда сөйлеу процессорын қосқаннан кейін 1-2 айдан соң, сөйлеуді түсінуі мен өзінің сөйлеуі спонтанды дами бастайды.
Ешқандай нашар еститін немесе естімейтін бала өздерінің есту сезімталдығы бойынша, бастапқы кезеңдегі кохлеарлы имплантталған балаға ұқсамайды. Сол себептен де, көптеген сурдопедагогтарға КИ балалармен жұмыс істеудің ерекшелігі мен мәселелерін бастапқы кезде түсіну өте қиын. Туғаннан естімейтін кішкентай бала, дәл сенсорлы алалияның (дәлірек айтсақ, сенсомоторлы) үлгісі болып көрінеді. Бастапқы кезде бала бәрін естиді, бірақ көбіне назар аудармайды. Ол сабақ кезінде сыбырлап айтқанды естігенде шарикті қорпшаға сал деген тапсырманы оңай орындап шығады, ал сабақтан тыс уақытта артынан атын атап айқайлағанда назар аудармайды. Сосын ол, барлық дыбыстар мен сөздерді естиді, бірақ олардың қай затқа қатысты екенін білмейді, сөзді түсінбейді, бірақ қайталайды. Сондай – ақ, екі жастан аысп кеткен балаға имплантация жасалғанда олардың ұзақ уақыт есте сақтаулары нашар екені анықталған /20/. Бала сабақ кезінде жаңа сөзді тез ұғып алады, кейін ол сол сөзді тек қайталайды, сәйкес келетін суретті немесе затты көрсете алмайды және өзінің сөйлеуінде қолданбайды. Бұдан мынадай қортынды жасауға болады: КИ бала дыбыстар мен сөздерді дыбыстық сигнал ретінде есту арқылы тез талдайды, ал сөздерді лингвистикалық сигнал ретінде талдау үрдісі баяу қалыптасады. Сонымен қатар, сөздердің есту бейнесі мен оның мағынасы арасындағы байланыстың қалыптасуы да осыған жатады. Яғни бас ми қабығының есту орталықтарының дамуының және осы орталықтардың көру және қозғалыс орталықтарымен байланысы қалыптасуының бұзылғанын көрсетеді./37/.
Бұл дегеніміз бала алғашқы 12-18 ай бойы естімеген, нәтижесінде есту орталықтары дамымаған. Көптеген зерттеулер көрсеткендей, дәл осы кезеңде ми қабығының түрлі орталықтары арасында анатомиялық (нйрондық деңгейде) және функционалдық байланыстар қалыптасады. Көру және есту бейнелері арасындағы байланыстар да қалыптасады. Есту орталықтарына дыбыстық сигналдардың, көру орталықтарына көру сигналдарының бір уақытта келуі арқылы жүзеге асады. Бала сылдырмақтың дыбысын естиді, оны көреді және қолымен ұстайды дауысын шығарып өзі сылдырлатады. Бала сылдырмақтың дауысын көру арқылы алған бейнелерімен және тактильді сезімдерімен байланыстырады. Ал кейін, бала сылдырмақты көрмей – ақ, оның даусын естігенде, сылдырмақ екенін біліп іздейді. Тапқан соң қолына алып, өзі сылдырлатады. Міне, осылай балада заттың күрделі полимодальды (есту–көру-тактильді) бейнесі қалыптасып, өмір бойына есінде сақталады /31/.
Ал енді, біз сылдырмақтың сылдырын естідік делік. Бірден жадымызда сылдырмақтың бейнесі келеді, тіпті оның жұмыр пластмассасын да сеземіз, оның сылдырлағандағы қозғалысын, вибрациясын сеземіз. Сондай –ақ, ойымызға «сылдырмақ» сөзі келеді. Осының бәрі, мидың әртүрлі орталықтары арасындағы байланыстың арқасында болады, есту, көру және сенсомоторлы ақпараттар өңделеді.
Сөзбен де дәл осылай жүреді. Анасы баласына ойыншық күшікті бере отырып, «аф-аф» деп атайды. Ойыншықтың көру –тактильді бейнесіне, оның белгісі – сөз қосылады, оны бала есту арқылы есту арқылы есте сақтап қалады, кейін анасының артикуляциясына қарап, еліктеп өзі сол сөзді айтады. Басында баланың айтқаны ересектің сөзіне мүлде ұқсамайды. Бірақ, кейін көп қайталағанның арқасында артикуляциясы нақтыланып, естіген сөзіне ұқсатып айтады. Осы кезде баланың миында есту –сөйлеу және сөйлеу –қозғалыс орталықтары арасында байланыс қалыптасады.
Туғаннан естімейтін балалар есту аппаратын тағып, 10-12 айында түзету жұмысын жүргізсе де, есту-сөйлеу және сөйлеу-қозғалыс орталықтарының дамуы үшін сезімтал кезеңнің көп бөлігін жоғалтып алады. Демек, осы жасқа дейін қалыпты балаларда ана тілінің фонетико-фонематикалық жүйесі қалыптасып, негізгі есту-сөйлеу-қозғалыс бағдарлауы дамиды. Бала ана тіліне тән дыбыстарды айта бастайды. Сырт қарағанда, баланың тілі бір жастан асқанда ғана шығатын сияқты болып көрінеді. Бірақ, осы кезде баланың миы есту арқылы және қоршаған адамдармен қарым – қатынас нәтижесінде сөйлеуінің дамуына қажетті көп ақпарат жинап дами бастайды. Бұл осы жастағы баланың миының даму ерекшелігімен анықталады /52/.
Баланың – ата анасы, тіпті мамандардың өздері кохлеарлы имплантация жасалғаннан кейін бала сөйлеп кетеді деп ойлайды. Бәрі баланың алғашқы сөздерді айтқанын күтеді. Бірақ, бала сөйлеп және сөйлеу арқылы қарым-қатынас жасауы үшін, әртүрлі сөздерді естіп танығаны жеткіліксіз болады. Ол үшін тағы да екі маңызды жағдайды ескеру қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |