53. «Стоматология» (ересектер, балалар) мамандығы бойынша медицина кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламалары 170. Қосымша медициналық және фармацевтикалық білім беру бағдарламаларын меңгеруге ынталы тұлғалар үшін қажетті алдығңы білім деңгейі – «Стоматология» (ересектер, балалар) мамандығы бойынша жоғары медициналық білім.
171. Оқыту ұзақтығы:
1) «Стоматология» мамандығы бойынша қайта даярлау циклінде – 486 сағат/9 апта;
2) біліктілікті арттыру циклдерінде – 54/1-ден 216/4 сағат/аптаға дейін, оның ішінде сертификаттау циклдерінде – 108 сағат/2 апта;
3) оқу аптасының ұзақтығы 54 сағатты құрайды, оның ішінде 36 – аудиториялық (академиялық) сағат, 18 сағат – тыңдаушының өзіндік оқуы (өздік жұмысы). 1 академиялық сағаттың ұзақтығы 50 минутты құрайды.
172. «Стоматология (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша біліктілік арттыру мен қайта даярлау циклдерінде таңдау компоненттерінің ұсынылып отырған тақырыптары (бағыттары) мыналар:
«Стоматологиядағы инновациялық технологиялар»;
«Терапиялық стоматологияның, оның ішінде балалар жасындағы терапиялық стоматологияның өзекті мәселелері»;
«Хирургиялық стоматологияның, оның ішінде балалар жасындағы хирургиялық стоматологияның өзекті мәселелері»;
«Ортопедиялық стоматология және ортодонтиядағы өзекті мәселелері, оның ішінде балалар жасындағы»;
«Стоматологиядағы дәлелді медицина мәселелері»;
«Стоматологиядағы диагностиканың аспаптық және зертханалық әдістері»;
«Ересектер мен балаларға шұғыл стоматологиялық көмек көрсету»;
«Стоматологиялық анестезиологиядағы шұғыл жағдайлар»;
«Стоматологиядағы физиотерапия мәселелері».
54. «Гигиена және эпидемиология (жалпы гигиена, еңбек гигиенасы,балалар мен жасөспірімдер гигиенасы, тағам гигиенасы, коммуналдық гигиена, радиациялық гигиена, токсикология, эпидемиология, паразитология, бактериология, вирусология, микробиология)» мамандығы бойынша медицина кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламалары 173. Қосымша медициналық және фармацевтикалық білім беру бағдарламаларын меңгеруге ынталы тұлғалар үшін қажетті алдығңы білім деңгейі – санитарлық-эпидемиологиялық бейін бойынша жоғары медициналық білім (еңбек өтілінде 5 жыл үзіліс болған тұлғаларға қажеттілігі бойынша).
174. Оқыту ұзақтығы:
1) қайта даярлау курсында – 864/16 сағат/апта.
2) біліктілікті арттыру курсында – 54/1 сағат/аптадан 216/4 сағат/аптаға дейін, оның ішінде сертификаттау циклдерінде – 108 сағат/2 апта;
3) оқу аптасының ұзақтығы 54 сағатты құрайды, оның ішінде 36 – аудиториялық (академиялық) сағат, 18 сағат – тыңдаушының өзіндік оқуы (өздік жұмысы). 1 академиялық сағаттың ұзақтығы 50 минутты құрайды.
175. «Гигиена және эпидемиология (жалпы гигиена, еңбек гигиенасы,балалар мен жасөспірімдер гигиенасы, тағам гигиенасы, коммуналдық гигиена, радиациялық гигиена, токсикология, эпидемиология, паразитология, бактериология, вирусология, микробиология)» мамандығы бойынша біліктілік арттыру мен қайта даярлау циклдерінде (таңдау компоненті) даярлаудың негізгі тақырыптары (бағыттары) мыналар:
«Гигиена мен эпидемиологиядағы өзекті мәселелер»
«Жалпы гигиена»
«Еңбек гигиенасы»
«Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы»
«Тағам гигиенасы»
«Коммуналдық» гигиена»
«Радиациялық гигиена»
«Токсикология»
«Эпидемиология»
«Паразитология»
«Бактериология»
«Вирусология»
«Микробиология»
«Гигиена және санитария»
«Профпатология»
«Әлеуметтік гигиена және мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызметті ұйымдастыру»
«Дезинфектология»
«Санитариялық-гигиеналық зертхана»
«Инфекциялық бақылау»