Байланысты: Мехатроника 1 том Баймухамедов М.Ф., Джаманбалин Қ.Қ.,Ақгул м.К.
1.5 Интеллектуалды мехатронды модульдердің мысалдары Алғашқы интеллектуалды мехатронды модульдердің бірі американдық
Animatics Согр фирмасының SmartMotor модулі болып табылады., ол
нарықта 1994 жылы пайда болды [20].
Ол диаметрі 60 мм стандартты электрқозғалтқыштың негізінде
құрылған, корпустың артқы жағында қосымша фотоимпульсті дат-
чик, күшейткіш, 32 биттік бағдарламалаушы контроллер және желімен
байланыс құрылғысы орнатылған. Модуль әмбебап болып табылады,
әртүрлі мақсаттағы мехатрон жүйелерінде қолданылуы мүмкін. Өндіруші
модульдің 70%-ы стандартты элементтерден тұратынын атап өтті, бұл
оның құнын төмендетуге және жоғары сенімділікті қамтамасыз етуге
мүмкіндік берді. Пайдаланушы басқару режимін (жағдайы, жылдамдығы
немесе үдеуі бойынша) дербес таңдай алады, сондай-ақ модульдің
динамикалық сипаттамаларына қозғалыс түрлендіргіштерінде люфттің
әсерін өтейтін компьютерлік басқару алгоритмдерін пайдалана алады.
SIEMENS фирмасы келесі элементтерден тұратын SIMODRIVE
POSMO А (сурет 1.10), интеллектуалды мехатронды модульдерді
шығарады:
• тұрақты магниттерден қоздырылатын вентильді қозғалтқыш;
• планетарлық(сурет 1.10,а) немесе иірмекті (чурет 1.10,6) қозғалыс
түрленгіші(болмауы мүмкін (сурет 1.10, в);
• тежегіш құрылғысы (болмауы мүмкін);
• кірістірілген фотоимпульс датчигі (ФИД);
• қозғалтқыш қақпағында конструктивті бекітілетін қуатты
түрлендіргіш;
• реттегішті қамтитын жиынтық басқару құрылғысы
32 және бағдарламалау блоктары, сондай-ақ ортада қосылу үшін
коммуникациялық интерфейс PROFIBUS.
Сурет 1.10 – SIMODRIVE POSMO интеллектуалды мехатронды модульдер Конструкцияның ерекшелігі – PROFIBUS шина адресін интегра-
цияланған ауыстырып-қосқыш пен тежегіш резисторы бар, күш түрлен-
діргішін қосу үшін алмалы-салмалы қақпағының болуында, ол қажет
болған жағдайда қозғалтқышты басқа құрылғыларда коммуникациялық
және күштік (қуат бойынша) байланыстарды үзбей ажыратуға мүмкіндік
береді. Коммуникациялық және күштік шиналарды біріктірудің арқа-
сында модульдің ішкі құрылымын жеңілдетуге қол жеткізіледі және
оның жинақылығы қамтамасыз етіледі.
Модульді басқару PROFIBUS стандартты шинасы бойынша жүзеге
асырылады, бұл ретте келесі қозғалыс режимдері мүмкін:
• бағдарламалық берілген жылдамдықпен және реттелетін үдеумен
соңғы позицияға жылжу;
• біліктің реттелетін айналу жиілігі мен реттелетін үдеуі бар
қозғалыс.
Оператор арнайы бағдарламалық жасақтаманың көмегімен қозғалыс
бағдарламасында уақытша немесе логикалық шарттар қоя алады,
саңылауды (люфтты) өтеу әдістерін пайдалана алады, ісінетін жағдай
33 туралы және модульдің күйін диагностикалау үшін хабар ала алады.
Кейбір SIMODRIVE POSMO модульдерінің техникалық деректері
1.1 кестесінде келтірілген.
Кесте 1.1 SIMODRIVE POSMO А интеллектуалды мехатрон
модульдерінің техникалық сипаттамалары