Мехатроника 1 Бөлім mechatronics


Модульдің функционалдық мүмкіндіктері



Pdf көрінісі
бет18/133
Дата01.06.2022
өлшемі11,25 Mb.
#145696
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   133
Байланысты:
Мехатроника 1 том Баймухамедов М.Ф., Джаманбалин Қ.Қ.,Ақгул м.К.

Модульдің функционалдық мүмкіндіктері:
• қозғалыс тізбегін еркін бағдарламалау мүмкіндігі бар бір ось 
бойынша позициялау;
• жылдам циклдық деректер алмасуды жетекші құрылғымен (Master) 
PROFIBUS-DP желісінде (Slave) алдыңғы (жетекті) құрылғы ретінде 
пайдалану; 
• қозғалыс контроллері және PROFIBUS-DP Шина басқару иерархия-
лық жүйесі арқасында басқа жетектермен бірге қозғалыстың 
интерполяциялық түрі; 
• орын ауыстырудың абсолюттік мәнін өлшеудің кіріктірілген 
жүйесі; 
• Windows 95/98
/NT
астында жұмыс істейтін арнайы Simcom U 
бағдарламасы арқасында PROFIBUS-DP шинасындағы барлық 
жетектерді жылдам іске қосу. Осы модульдерді өндіруші SIEMENS 
фирмасы олардың келесі артықшылықтарын атап өтеді: 


35
• модульді тікелей машинада орналастыру арқылы басқару тірегіне 
тұтынушының шығындарын азайту; 
• модульді орнату және коммуникациялық және күштік шиналарды 
біріктіру арқасында машинаны жылдам орнату; 
• пайдалануға ыңғайлы модульді орнату, штекерлік техника және 
стандартты кабельдер,кіріс немесе шығыс ретінде реттелетін 4 
клемм арқылы сигналдарды тікелей қосу;
• PROFIBUS-DP интеграцияланған адрес қосқышы бар қосылым 
қақпағы басқа байланыстарды үзбей модульді немесе жетекті кон-
турды ажыратады;
• ақаулықты және жұмысқа дайындықты көрсететін жарықдиодты 
жылдам диагностика, сондай-ақ PROFIBUS-DP шинасы бойынша 
ақпарат беру және арнайы SimoCom U бағдарламасын пайдалану;
• жад картасы (Memory Card) арқылы модульдерді жылдам ауыстыру.


36
 
 

2 ТАРАУ. МЕХАТРОНДЫҚ МОДУЛЬДЕРДІҢ 
ҚҰРЫЛЫМЫ
2.1 Мехатрондық модульдер компоненттері
Мехатрондық модульдерді құрастыру кезінде олар құрастырылуы 
мүмкін негізгі және қосымша компоненттердің (құрылғылардың) түрін, 
олардың негізгі функционалдық және құрылымдық сипаттамаларын 
және қосылу тәсілін ескеру қажет. Мехатронды модульдердің негізгі 
компоненттеріне келесі құрылғылар жатады [2].
1. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   133




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет