Международной научно-теоретической конференции сейфуллинские чтения



Pdf көрінісі
бет43/180
Дата10.11.2023
өлшемі5,38 Mb.
#190798
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   180
Байланысты:
sf16-1-1-3

список использованной литературы:
1. Колмаков Г.Н., Нестеренко А.М. Минимализация обработки почвы. М.: Колос. 
1981. C. 151-155.
2. Кененбаев С.Б., Киреев А.К. Исследования в земледелии - системный биоэколо-
гический подход // Вестник с.-х. науки Казахстана. № 6. 2004. - C. 26-29.
3. Холмов В.Г., Юшкевич Л.В. Роль удобрений и минимальной обработки почвы в 
повышении продуктивности зерновых культур при интенсификации земледелия // Земле-
делие. № 9. 1988. C. 6-8.
4. Чекалин С.Г., Солодовников В.Н., Лиманская В.Б. Актуальные проблемы земле-
делия Западного Казахстана и некоторые пути их решения // Экология и степное при-
родопользование. Сб. науч. тр., посвящённых 90 - летию со дня образования Уральской 
опытной станции и 100 - летию со дня рождения Башмакова Н.И. Уральск. 2005. - C. 146 
- 153.
5. Прокуратова М. Особенности защиты зерновых культур от вредителей и болез-
ней в Северном Казахстане // Агроинформ. № 5. 2008. C. 19-21
6. Каскарбаев Ж.А., Седов Г.В. Особенности агротехники яровой мягкой пшеницы 
при нулевой технологии возделывания // Сб. докладов международной конференции 
«НОУ - ТИЛЛ и плодосмен - основа аграрной политики поддержки ресурсосберегающе-
го земледелия для интенсификации устойчивого производства». - Астана – Шортанды. 
2009. - 354 с.


100
ҚаРабалыҚ тəЖіРибе станциясы ЖағДайынДа тыңайтҚыш 
енгізуДің майлы зығыР ДаҚылының Өсіп-Дамуы мен 
ӨнімДілігіне əсеРі
Ж. Бауыржан, магистрант
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, Нұр-Сұлтан қ.
Зығыр - әр түрлі мақсатта пайдаланылатын (май, талшық, күнжара) құнды 
ауылшаруашылық дақылдарының бірі [1]. Зығыр дәндерінен алынатын май биологиялық 
құндылығы жөнінен азықтық майлар ішінде бірінші орын алады [2].Соңғы кезде 
дүние жүзінде бұл пайдалы дақылға деген қызығушылық артып, нарықтағы сұранысы 
жоғарылады. Соңғы 15 жыл ішінде, Қазақстандағы зығыр өндірісі рекордтық қарқынмен 
өсіп келеді.Мысалы, 2005 жылы елімізде 1,1 мың гектар жерге зығыр егілсе, 2010 жылы 
бұл көрсеткіш 230,3 мың гектарға көбейді, ал 2019 жылы 869,7 мың гектарғасебілді[3].
Г.А. Мичкинаның және Г.А. Попованың[4] зерттеулері бойынша, зығыр топырақ 
құнарлығына жоғары талап қоятын дақыл. Басқа дақылдармен салыстырғанда ол 
қоректену элементтерінің дұрыс қатынасы мен тыңайтқыштардың танаптағы біркелкі 
таралуын талап етеді. Азотпен жақсы қамтамасыз етілген топырақтарда N:P:K 1:3:4 
қатынасында, ал азот жеткіліксіз топырақтарда- 1:2:2 қатынасында болуы қажет. 
2016-2018 жылдар аралығында жүргізілген зерттеулер нәтижесі көрсеткендей [5], В.Г. 
Черненок және тағы басқалар тұжырымынша топыраққа тыңайтқыш 60-210кгәсер етуші 
зат мөлшерінде енгізген кезде, топырақтағы фосфор мөлшері 22,8 - 39,5 мг/кг аралығында 
артады. Тыңайтқыштарды енгізу барысында өсімдігінің қоректенуіжақсарып, зығыр 
өсімдігінің өсу процестері жандана түседі. 
Өсіп-даму кезеңіндедақыл өнімін қалыптастыратын құрғақ заттардың жиналуы 
үшін, бірінші кезеңде фосфор тыңайтқыштары негізгі рөлді атқарады және ол өсіп-
даму кезеңінде өте маңызды болып саналады.Аталған зерттеушілер көрсеткендей
тыңайтқыштар майлы зығырдың өнімділігін 81% дейін жоғарлатады және топырақтағы 
фосфор элементінің сіңімді күйдегі мөлшерін 23,9 мг/кг дейін арттырады.
А. Гринецтің мәліметтері бойынша[6], Қостанай облысы жағдайында майлы зығыр 
өсіретін танапқаазот-фосфор тыңайтқышын себуге дейіннемесе себу кезінде енгізу 
өсімдіктің қолайлы өсіп – дамуын қамтамасыз етеді. Майлы зығыр танабына фосфор 
тыңайтқышын 15-20 кг әсер етуші зат есебімен гектарына пайдалану тиімді болып са-
налады және оларды енгізудің тиімді әдісі - тұқымның себу тереңдігінен де терең енгізу 
саналады [7].
Жоғарыдағы зерттеулерде көрсетілгендей, майлы зығыр дақылының өнімділігін 
қалыптастырудатыңайтқыштардың басты орын алатынын ескере отырып, Қостанай об-
лысы, Қарабалық тәжірибе станциясы жағдайында құрамында күкірт элементтері бар 
тыңайтқыштардың майлы зығырдың өсіп-дамуына және өнімділігін қалыптастыруына 
әсері зерттелді.
Зерттеу жағдайы мен әдістемесі. Зерттеужұмыстары 2019 жылы кәдімгі қара 
топырағы жағдайында жүргізілді. Облыстың климаты тым континентальді – қысы 
суық, жазы ыстық, ылғалдың түсу мөлшеріаз. Зерттеу жүргізілген жылы, яғни майлы 
зығыр дақылының өсіп-даму кезеңінде 157,8 мм жауын – шашын түсті, бірақ түскен жа-
уын шашынның 60 пайызы 5 мм төмен болды.Яғни, мұндай аз мөлшердегі ылғалдың 
топыраққа әсері өте төмен. 
Зерттеу нысаны ретінде майлы зығырдың Кустанайский янтарь сорты алынды.
Тәжірибе жұмыстары 7 нұсқада, 3 қaйтaлыммен жүргізілді. Зерттеу қойылған танап 
- сүріден кейінгі 4 - дақыл. Топырақ өңдеу технологиясы – аймаққа тән. Аймақтың 


101
топырақ климат жағдайларын ескере отырып, танапқа әртүрлі мөлшерде және нұсқада 
тыңайтқыштар енгізілді. Мысалы. Амиaк ceлитрacы – 130 кг/гa, aммoфoc-185кг/гa, 
сульфaaммoфoc-450кг/гa, aммoнийсульфаты -210кг/гa, aммoфoc + аммоний сульфaты 
-210кг/гa, aммoфoc+ aмиaк ceлитрacы-130кг/гa. Тыңaйткыш eнгізу егін себерден он күн 
бұрын жүргізілді. 
Дақылдың өсіп-даму барысында фeнoлoгиялық бaқылaу; биoмeтриялық талдaу және 
өсімдіктің дамуына қашықтан мониторингжүргізілді. 
Зетттеу барысында пайдаланылған тыңайтқыш түрлеріне байланысты майлы 
зығырдың өсіп-даму кезеңі 98 күннен 106 күн аралығында болғандығы анықталынды. 
Оның ішінде бақылау нұсқасында98 күн, аммоний сульфаты 100, аммиак селитрасы 106, 
аммофос 101, аммофос + аммоний сульфаты102, Аммофос + аммиак селитрасы -103, 
сульфоаммофос 103 күн құрады. Тыңайтқыш енгізілген танаптардағы зығыр дақылының 
өсіп-даму кезеңінің ұзақтығы бақылау нұсқасына қарағанда біршама ұзағырақ болды. 
Ең ұзақ өсіп-даму кезеңі аммиак селитрасы енгізілген танапта байқалды. Тыңайтқыш 
енгізген танаптарда бақылау нұсқасымен салыстырғанда өсіп-даму кезеңі2-8 күнге артық 
болды.
Зертттеу нәтижелері бойынша, енгізілген тыңайтқыш түрлеріне байланысты майлы 
зығыр өнімділігінің әртүрлі деңгейде болатындығы дәлелденді (кесте 1). Қалыптасқан 
ауа-райы жағдайларына байланысты зығыр дақылының өнімділігі зерттеу нұсқаларында 
8,41-11,35 ц/га аралығын құрады.
Кecтe1.Тыңайтқыш түрлеріне байланысты майлы зығыр өнімділігі, ц/га

Нұсқалар
Өнімділік, ц/га
Жaлпыөнім, ц
1
Бақылау
8,41
126,2
2
Аммoний сульфаты
9,96
149,4
3
Aммиак ceлитрaсы
12,39
185,8
4
Aммoфoc
10,29
154,4
5
Aммoфoc+Аммoний сульфаты
10,28
154,2
6
Aммoфoc+Aммиaк селитрасы
11,35
170,25
7
Cульфaaммoфoc
10,80
162
ЕТЕА 05
0,27
Тыңайтқыш енгізілген танаптарда бақылау нұсқасымен салыстырғанда өнімділік 
біршама көбірек болды. Сaлыcтырaтынбoлcaқ,eңжоғарыөнімділікaммиaк ceлитрacы 
енгізілген нұсқада 12,39 ц/га құрады.Бұл көрсеткіш бақылау нұсқасындағы өнімділікпен 
салыстырғанда 3,98 ц/га артық. Бақылау нұсқасымен салыстырғанда ең төмен өнімділік 
аммоний сульфаты енгізілген танаптан алынды (9,96 ц/га). Кешенді тыңайтқыштар 
енгізілген танаптарда өнімділік бақылау нұсқасымен салыстырғанда артық болғанымен 
аммoфoc және аммиак селитрасы енгізілген нұсқадан 2,9 ц артық өнім алынды. 
Қорытынды. Фосфор элементі бар тыңайтқыш енгізілген танаптардың барлығына тән 
қасиет өнімділіктің аса көп бола қоймағандығын оңай аңғаруға болады. Себебі, жоғарыда 
көрсетілгендей, жауын – шашын деңгейінің аз болуына байланысты фосфор сіңімді күйге 
айналуы өте төмен болып, өсімдікке әсері бола қойған жоқ. Бұдан шығатын қорытынды, 
жауын шашын аз түсетін жылдары майлы зығыр танабына фосфор тыңайтқыштарын 
енгізудің тиімділігінің өте төмен деңгейде болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   180




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет