Мектеп басқарудың педагогикалық жүйесі және нысаны


Сонымен, менеджментті екі түрлі түсіну керек



бет2/17
Дата31.01.2023
өлшемі65,88 Kb.
#166992
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Директор
Презентация-1, Жеңіл атлетиканың шығу тарихы және түрлері — копия, Жеңіл атлетиканың шығу тарихы және түрлері — копия, Karimova Madina, sabaq-kz attachment kazak-tili-11-587e574d185b6, 1603209038, 1513869848, БЖБ ТЖБ талдау шаттық, Е11-Пірназарова. Л.(КМИС)
Сонымен, менеджментті екі түрлі түсіну керек.
Бірінші, бұл басқару, басшылық ету ұйымы.
Екінші, бұл адамдарды басқару әрекеті.
Білім беру ісін басқару:
Басқару принциптері дегеніміз – білім беру ісінің басшы қызметкерлері өз жұмысында ұстануға тиісті мақсатқа жетуге көмектесетін негізгі, іргелі ережелер.
Демократиялық принцип бойынша білім беру ісі орталықтан басқарылуымен қатар, басқару ісіне халық, мектептің қызметкерлері тартылады, олардың шығармашылық күштері қолданылады. Осы принцип негізінде Білім және ғылым министрлігінің облыстық, т.б. білім беру басқармасының, педагогикалық кеңестің мәжілістері өткізіліп, онда оқыту және тәрбиенің маңызды мәселелері талқыланып, қаулы-қарарлардың орындалуын білім беру ұйымдарын басқару органдары қадағалап отырады. Ғылымилық, теория мен тәжірибенің тығыз байланысы принципін ұстанған мектеп басшылары өз жұмысында ғылымның жетістігін қолданып, еңбекті ғылыми ұйымдастырып, озат тәжірибені зерттеп, жинақтап және таратып отырады. Басқару жұмысының табыстылығына ұйымдастыру жұмыстары көмектеседі. Оның маңызды бөлігі – кадрларды іріктеу, дайындау, әрбір қызметкердің қызметіне деген жауапкершілікке тәрбиелеу.
Ақпараттардың шындығы және жеткіліктілігі принципін ұстанған мектеп әкімшілігі өз ұжымының оқу тәрбие жұмысындағы қол жеткен жетістіктерін асыра бағаламайды, кемшіліктерді түзетіп отырады.
Мектептегі басқару органдарының құрылымы алуан түрлі. Шартты түрде оларды төрт топқа бөлуге болады.
Бірінші топ: мектептің лауазымды өкілдері - мектеп директоры, оның оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, мектептің шаруашылық бөлімінің меңгерушісі, балалар мен жастар ұйымдарының жетекшілері.
Екінші топ: мұғалімдер, ата-аналар және оқушылар өкілдері қатысатын жалпы мектептік конференция, педагогикалық кеңес және әдістемелік бірлестіктер.
Үшінші топ: оқушылардың өзін-өзі басқару органдары (оқушылар комитеті, сыныптың, пән үйірмелерінің, түрлі қоғамдардың жетекшілері).
Төртінші топ: мектептің және сыныптың ата-аналар комитеті.
Осы органдар мектепті басқару үшін ғылыми тұрғыдан дәлелденген ұстанымдарды (принциптерді) басшылыққа алып жұмыс істеуі тиіс. Олардың ішіндегі мәндірегі төмендегі ұстанымдар:

• мектептің алдында тұрған басты міндеттерді анықтау кезінде барлық басқару органдарының келісіп, іскерлік, ынтымақ жағдайында жұмыс істеуі;


• барлық басқару органдары және лауазымды адамдардың өз міндеттері мен қызметтерін атқару кезіндегі демократиялылығы, жариялылығы, мұғалімдердің, ата-аналардың және оқушылардың қоғамдық пікіріне сүйену;
• мектеп басшыларының, мұғалімдердің, сынып жетекшілерінің, тәрбиешілердің жауапкершіліктері;
• мектептегі жақсы және пайдалы психологиялық микроклиматты, шығармашылық белсенділікті және бастама көтерген адамдарды қолдау, оқу-тәрбие жұмысының сапасына жоғары талап қою;
• оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуді жетілдіру туралы жоғарғы органдардың қабылдаған шешімдерінің орындалуына әдепті және тұрақты түрде басшылық ету;
• педагогикалық шығармашылықты, инновациялық ізденістерді мадақтау және озат педагогикалық тәжірбиені меңгеруге ұмтылған мұғалімдерді, сынып жетекшілерін қолдау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет