Мектептегі єдістемелік жумысты жоспарлау мен мазмуны



бет1/100
Дата19.07.2020
өлшемі0,74 Mb.
#75086
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   100

Мектептегі әдістемелік жұмыстың мазмұны мен оны жоспарлау


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы

Павлодар облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты


Мектептегі кешенді әдістемелік жұмыс: ұйымдастыру принциптері, мазмұны,

басқару

Павлодар

2014

Бұл әдістемелік құралда әдістемелік жұмыстың мазмұны, мұғалімнің оқыту жұмысына педагогикалық талдау жасау жүйесі, әдістемелік жұмыс формаларының оптимальді түрлері, мұғалімнің кәсіби шеберлігін жетілдірудің жолдары қарастырылған.

Сонымен қатар, оқу үдерісінің барысында ғылым негіздерін оқытудың сапасын ұдайы арттыру жолдары, пән бірлестігі жұмыс жоспарының үлгісі, әдістемелік кеңес туралы нақты ұсыныстар берілген. Әдістемелік құралдағы қосымшаларда әдістемелік жұмысты сараптау, шығармашылық топты құру, әдістемелік бірлестік жұмысының, т.б. арналған ережелер топтамасы орналастырылған.

Әдістемелік құрал білім беру мекемесінде қызметті жаңа бастаған басшыларға, аудандық (қалалық) әдістемелік кабинеттің әдіскерлеріне, мұғалімдерге, әдістемелік бірлестіктің жетекшілеріне көмек көрсетуге арналған.



Мазмұны



Мазмұны

Беті

1

Түсініктеме

2

2

Кіріспе

3-4

3

Мектептегі әдістемелік қызметтің құрылымы, мазмұны, ұйымдастыруы.

5-11

4

Әдістемелік жұмысты жоспарлау

12-24

5

Педкеңес – үздіксіз білім беру үдерісін басқарудың алқалық формасы.

25-26

6

Озық іс тәжірибені жинақтау және ұсыну формасы.

27-30

7

Мұғалімдердің әдістемелік бірлестігі.

30-32

8

Проблемалық шығармашылық топ.

32-34

9

Үздіксіз білім берудің негізгі идеясы -мұғалімнің өздігінен білім алуы.

34-36

10

Үздіксіз білім беру жүйесіндегі ғылыми-әдістемелік және тәжірибелік семинарлар.

37-43

11

Мұғалімнің кәсіби дамуын ынталандыру.

43

12

Әдістемелік жұмыс нәтижелілігінің параметрлері.

44

13

Қосымша




14

Әдістемелік жұмыста басшылыққа алатын құжаттар.

45

15

Оқу-әдістемелік жұмысты іс жүзіне асыру мен ұйымдастыру ережесі.

45-54

16

Әдістемелік бірлестік туралы ереже.

55-58

17

Мектептегі әдістемелік бірлестік туралы есеп беру формасы.

59

18

Әдістемелік жұмыс жоспарын зерттеуге сауалнама.

59-60

18.1

Мұғалімнің өздігінен білімін арттыру қызметін талдауға сауалнама.

60

18.2

Мұғалімдердің әдістемелік бірлестік қызметін бағалау парағы.

61

18.3

Әдістемелік бірлестік жұмысына талдау.

61-63

18.4

Әдістемелік бірлестік жетекшісінің функционалдық міндеті.

64

18.5

ӘБ-тің хаттамасы.

65

18.6

Мұғалімнің инновациялық қызметке дайындығына диагностика.

66-68

19

Мұғалімнің педагогикалық іскерлігін бағалау сараптамасы.

68-69

19.1

Шығармашылық топтың ережесі.

69-71

19.2

Әдістемелік кеңес туралы ереже.

72-73

19.3

Сараптамалық кеңес туралы ереже.

73-75

19.4

Жас мұғалімдер мектебі туралы ереже.

75-77

19.5

Озық тәжірибе мектебі туралы ереже.

77-78

19.6

Жас директорларға педагогикалық кеңесті өткізу туралы жаднама.

78

19.7

Педагогикалық кеңесті тақырып бойынша өткізудің үлгісі.

79-83

19.8

Әдістемелік жұмысты жоспарлаудың үлгісі.

83-86

20

Әдебиеттер тізімі.

87

Кіріспе

Мектептегі әдістемелік жұмыс – педагогикалық кадрлардың кәсіби біліктілігін арттыру мен үздіксіз білім беру жүйесінің тұтас құрамды бөлігі. Қазіргі уақытта оқыту мен тәрбиелеуде жаңа әдіс, тәсіл, форманы тиімді және тез қолдану қажеттілігі әдістемелік жұмыстың ролін едәуір арттырды.

Әдістемелік жұмыс дегенді мұғалімдер педагогикалық-психологиялық ғылымның жетістігі мен әр педагогтың кәсіби шеберлігінің жан-жақты артуына бағытталған әрекет пен іс шараларға негізделген, жалпы мектеп ұжымының шығармашылық потенциалын байыту мен дамытудың тұтас жүйесі деп түсінеді. Мектептегі әдістемелік жұмыс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2007 жылғы 29 қарашадағы №583 бұйрығымен бекітілген оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру Ережесі негізінде құрылады (қосымша №1).

Білім беру ұйымдарында оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру ережесі Қазақстан Республикасының „Білім туралы” Заңының 5-бабы 25-ші тармақшасына сәйкес және білім беру ұйымдары мен тиісті инфрақұрылымдарда оқу-әдістемелік жұмысқа басшылық жасауды және үйлестіруді жүзеге асыру үшін әзірленген. Бұл Ереже білім беру ұйымдарында бастауыш, негізгі орта және жалпы орта жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік білім беретін оқу бағдарламаларын, орта білімнен кейінгі кәсіптік оқу бағдарламаларын, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу-әдістемелік жұмыстарды реттейді. Ережеде оқу-әдістемелік жұмыс, оқу-әдістемелік басқарма, әдіскер, оқу-әдістемелік бірлестік деген негізгі ұғымдар пайдаланылады. Әдістемелік бірлестіктің қызметі, негізгі міндеттері, мазмұны, жоспарлау ерекшелігі ережеде толық ашып баяндалған.

Әдістемелік жұмысты жоспарлағанда басқарушы алдымен оның мәні мен міндеттерін анықтап алу керек. Төмендегі аспектілерге байланысты әдістемелік жұмыстың мазмұны анықталады:


  • педагогикалық ынтымақтастық негізінде оқу-тәрбие жұмысын демократияландыру;

  • шығармашылықпен жұмыс жасайтын мұғалімдер мен жаңашыл ұстаздар іс-тәжірибесі негізінде оқыту мен тәрбиелеудің жаңа әдісін үйрену;

  • оқу-тәрбие үдерісін жетілдіруге бағытталған білім беру басқармасының нормативтік құжаттарын оқу;

  • білім беру үдерісін басқарудың проблемасы мен оқушыны оқыту және тәрбиелеудегі психологиялық – педагогикалық проблемаларын зерттеу;

  • оқыту мен тәрбиелеудің жеке басқа бағытталған ақпараттық технологиясын оқу үдерісіне енгізу;

  • оқу-тәрбие үдерісіне мониторинг пен диагностиканы жүргізу, мұғалімдермен және оқушылармен диагностикалық мәліметтер негізінде жұмысты ұйымдастыру.

Жоғарыда қарастырылған әдістемелік жұмыстың аспектілері білім беру үдерісінің барлық қатысушыларын қамтиды, басқарудың барлық деңгейінің проблемасын шешуге мүмкіндік береді. Әдістемелік жұмыстың міндеттері мен проблемаларын шешіп, оны іс жүзіне асару үшін оның формасы таңдап алынады. Әдістемелік жұмыс жүйесі мұғалімдердің үздіксіз білім беру жүйесі ретінде берілген.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет