2.2.Сәулеқанатты кластармағындағы балықтарға сипаттама Сәлеқанатты балықтар – біздің планетамыздағы омыртқалы жануарлар ішіндегі ең гүлденген тобы, бұларға сүйекті балықтардың 95%-н астамы (20000 астамы) біріктірілген. Шеміршекті балықтармен салыстырғанда олар біршама жоғарғы деңгейде ұйымдасқан. Бұлар полюстерден экваторға дейін, тұщы және ащы суларда, тау өзендерінде және ыстық бұлақтарда, маржан рифтерінде және үңгірлерде кездеседі.
Сәулеқанаттылар – жоғарғы девоннан, ол қалқаншақанаттылар- төменгі девоннан белгілі.
-Асқорыту жүйесінде ішегі ұзарған және спиральды қатпар болмайды.
-Өзеннің дорсальды жағы бөлімінің өсіндісі ретінде торсылдақ пайда болған; кейбір түрлерінде өңештің вентральды қабырғасының өсіндісі түрінде өкпе пайда болған.
-Сәулеқанатты балықтар кластармағы екі отряд үстін біріктірген:
1.Отряд үсті – Гоноидтар. Бұларға 4 отряд біріктірілген.
2.Отряд үсті – Қылтанақты балықтар 36-40 отряд енген.
Бұл отряд өкілдеріне зертханалық жұмыстарда тоқталамыз. Бұл жерже отряд үстіне қысқа ғана сипаттама беріп, екі отряд үстінің өзара айырмашылықтарына тоқталамыз.
Гоноидтар отряд үсті: Қарапайымды белгілері бар балықтардың ерте заманнан бері қалыптасқандардан қалған осы замандағы азғана тобы. Бұлардың басты ерекшелігі сүйектілер мен шеміршектілердің аралық формасына тән қасиеттері қалыптасқан. Сондықтан, гоноидтарда екі түрлі белгілері сақталған. Сырт пішіні жағынан – акулаларға ұқсас (бекіре тұқымдастар): ростумдары бар,ауыз аппараттары басының құрсақ бетіне денесіне көлденең орналасқан. Құйрық қанаттары – гетероцеркалді, жұп қанаттары акулалар қанатындай денесіне горизонтальды орналасқан, бас ми сауыты түгелдей шеміршекті, өстік қаңқасы – хорда сақталған, шегінде спиральды (бұрандалы) клапыны сақталған. Ж.үрегінде артериальды конусы сақталған.
Сүйекті балықтарға ұқсас белгілері
-Мисауытының үстінде жабынды сүйек элементтерінің болуы
-Денесінде 5 қатарлы (арқа,екі бүйір бетінде) шытыра төмпешік (пластиндері – жүрек)
-Жақ доғасы аралас, азды-көпті шеміршекті күйде қалған
-Сүйекті,желбезек қақпағы бар,бірақ желбезек қуысы толық жабылмайды, шеті қызарған желбезектері көрініп тұрады, лай суда төзімсіз.
-Торсылдағы бар,шекпен байланысты.
-Шағылысу мүшелері (акулалардағыдай) жоқ
-Ұрықтануы сырттай
-Көбеюге өзен (тұщы су) ағынына келеді
-өтпелі бекіре тектестер (сүйектен басқасы) күздік және жаздық нәсіл деп бөлінеді.
Гоноидтылар деп, айдар тағуының себебі, бұлардың ромба тәріздес гоноидты қабыршақтармен жабылған. Осы қабыршақтардың беткі құрамында г а н и о н органикалық затынан тұратын мықты эмальды қасиет береді. Екіншіден, бұл ганион заты ертеден қарапайымды құрылысы бар ескі дүние балықтарда сақталған. Қазбадан (Пермь) табылған гоноидты балықтардан:
Шеміршекті – сүйекті гоноидты және сүйекті гоноидты тобы байқалған.
Шеміршекті – сүйекті құрылысы жағынан, гоноидты қабыршағы жағынан осы гоноидты тобындағы балықтар ішінде бекіретекті отряды болып отыр. Қазіргі кезде көбірек таралғаны – 25 түрден, екі тұқымдасқа бөлінген:
1.Бекіретектестер тұқымдасы (Acipenseridae) 23 түрі (5 - шытырман)
2.Күректұмсықтылар тұқымдасы (Polyodontidae) 2 түрі (жоқ)
Қазақстанда – 8 түрі бекіретектілер тараған:
Орал өзені (орал касп.басс.) – қортпа (Husohuso)
- орыс бекіресі (A.guldenstatt)
- шоқыр (A.stellatus)
- кәдімгі Мекре (A.nudiventris)
- сүйрік (А.ruthenus)
- парсы бекресі (A.percicus)
Сібір бекіресі (Ертіс өзені) – сібір бекіресі (A.baeri)
Сырдария өзені - сырдария тасбекіресі (Pseudoscaphignhus fedtschenkoi)
Кәдімгі бекіре (Мекіре-Шип-Пілмай) – А.nudiventris
Сырдария тасбекіресі – Қазақстанның Қызыл кітабына (1996) тіркелген.