Н. Дауенов ДӘСТҮрлі қазақ этнографиясы



бет71/93
Дата15.12.2021
өлшемі1,96 Mb.
#101400
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   93
Байланысты:
574 artikhbaev j.o. sabdanbekova a.a. elemesov a.kh. dauenov e.n. dasturli khazakh etnografiyasi
9 с 4саб, 574 artikhbaev j.o. sabdanbekova a.a. elemesov a.kh. dauenov e.n. dasturli khazakh etnografiyasi, ессе Айгерім, Сыйынар ем ана деген тәңірге
Бақташылық жырлары. Бір кездері жабайы аңдарды ұстап, үй түлігіне айналдырған шаруаларды халық төрт түлік малдың «пірі» деп ұғынып, солар жайында түрліше аңыздар тудырып отырған. Сол кезеңнен бастап бақташылық жырлары туса керек. Бұрын жабайы аңдарга сыйынғап халық енді төрт түлік малды құт санап, олардың Шопан ата, Шекшек ата, Жылқышы ата, Ойсыл қара, Зеңгі баба деген иелеріне табынған. Ел ұғымыпда Шопан ата — қойдың, Жылқышы ата — жылқының, Ойсыл қара — түйенің, Зеңгі баба – сиырдың, Шекшек ата — ешкінің пірі. Олар малды құт деп біліп, аязды қыстан, жұтаған жұттан, аш бөрілерден аман алып шығудың жолдарын айтқан. Мысалы. Шопан ата қойларын күні-түні бақса да тойғыза алмай, қарнына асасын тығып алыпты. Содаи қойдың бір бүйірі шұқыр болыпты-мыс дейтін аңыз бар. Шекшек ата болса есі кеткен ешкі жинайды» деп, оның сүтті өсімтал түлік екенін айтады. Қазақ халқы үшін жылқы мен түйе етті, сүтті, көшсе — көлік, мінсе — ат болып төзімді түлік-деп таныған. Түйені қазақ шөл кемесі десе, жылқыны ер серігі деп таныған. Сиыр өзінің иесімен айтысқанда: «Қысқа әзірлегеп шөбің нәрсіз, кәдең дәмсіз, өзің жарсыз жалқаусың» деп сынайды. Мұндай жырларда әр түліктің өз тұтынушыларына қоятын шарттары да айтылады. Бұл туралы ел аузында сиыр «қоры үзілген қуға». қой «жүн жеп, жабағы тышқан насқа», жылқы «найза ұстаған ерге», түйе ел ішіндегі зорға бітемін. деген ұғымдар бар.

Төрт түлік мал жайындағы жырлардыд өзі тілек-бата түрінде айтылады.

Шаруаның бір түлік пірі — Шопап.

Келтірмей қу, пір ата, қойға топан.

Қойды аңдыған пәленің бәрін құртып,

Бықпырт тиіп, үні өшсін қасқыр апан


Мал бағу қамынан туған бұл жырлардың енді бір үлгісі жыр формасыпда айтылған.

Мен бір тілек тілейін, Ойбай салып маңыраған,

Ай мүйізді, шоқпақтай, Қозысымен жамыраған,

Шүйделері тоқпақтай, Қозысынан айрылса.

Тегене құйрық қошқарлы, Қара тұтып маңыраған.

Малды берсең қойды бер! Аппақ қана сүті бар,

Ұлды берсең бойлы бер. Шағаладай құрты бар.

Ақылы артық ойлы бер. Шопан ата баласы,

Ақсағаннан ақсаған, Қойлар бассын үйінді.

Қозысы өлсе қақсаған, Қойлар басса үйінді,

Үй төбенің түбінде, Қоймай бассың үйіңді.

Халық жылқының етін, түйенің күшін, сиырдың сүтін дәріптеген. Кейде шөпке тоймайтын сиырды, қой мен ешкінің айтысын тудырып, «қойдың жегені — жайтақ, құйрығы жалпақ, ешкінің жегені — ошаған, құйрығы шошайған» деп күлдіргі өлеңдер де шығаратын болған.

Халық төрт түлік малдың төлін анасы қалай сүйсе, адам да солай сүйе білуге тиіс деп, қозы, лақ, құлын, торпақ, ботақан, қойшы, құс жөнінде түрлі өлеңдер тудырып келген. Қойды қасқырға бермеу үшін қойшының көлігі, құралы сайлы болуга тиіс. Кейбір өлеңдер қасқырды да сөйлетеді.

Атты қойшы. ашуы қатты қойшы.

Түйелі қойшы — тұрған қойшы,

Төбесінен ұрған қойшы.

Өгізді қойшы — өлген қойшы

Жем болғанда көрген қойшы.

Халық мал бағудың қызығы мен қиындығы көп, соның үдесінен шыға білу керек деп ойлаған.

Ешкі бақтым — едірен бақтым.

Қой бақтым — қоңырау тақтым.

Сиыр бақтым -- сидаң қақтым,

Жылқы бақтым — жорғалаттым.

Түйе бақтым — түйме тақтым,—

деген өлең жолдары жас буынды еңбекке, шаруашылыққа шақырған. Төрт түлік мал жөнінде мақал-мәтелдер, аңыз-ертгегілер де өте көп. Мал төлден өседі .



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   93




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет