Н. Дауенов ДӘСТҮрлі қазақ этнографиясы



бет75/93
Дата15.12.2021
өлшемі1,96 Mb.
#101400
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   93
Байланысты:
574 artikhbaev j.o. sabdanbekova a.a. elemesov a.kh. dauenov e.n. dasturli khazakh etnografiyasi
9 с 4саб, 574 artikhbaev j.o. sabdanbekova a.a. elemesov a.kh. dauenov e.n. dasturli khazakh etnografiyasi, ессе Айгерім, Сыйынар ем ана деген тәңірге
Жарапазан. Жарапазан — қазақ ауыз әдебиетіндегі тұрмыс-салт негізіне байланысты туындап, кең тараған өлең түрінің бірі, Ораза ұсталатын рамазан айында ғана орындалады. Жарапазанды еркектер де, балалар да айта береді. Негізгі шарты ораза басталып, ауыз бекіткеннен кейін кешке қарай ауыз ашып, ел тамақ ішіп көңілдері жадырайды. Сол мезгілде жарапазакшылар үй-үйді немесе ауыл-ауылды аралап, жарапазан өленін әнге қосып айтады.

Жарапазан айту мерзімінің де өзіндік тәртібі бар. Ораза ұсталатын отыз күн бойы үздіксіз айтылмайды. Ең алдымен оразаның бас кезінде үш күн жарапазан айтылады. Жарапазан өлеңдері адамгершілікті, имандылықты насихаттайды:

Меккеде бір ағаш бар басын иген,

Жайқалып жапырағы жерге тиген.

Береді бәсіресін бізге сақтап,

Осы үйде бір жеңгем бар кұдай сүйген.

Айтамыз жарапазан есігіңе,

Ұл берсін пайғамбардай бесігіңе.

Наурыз көктемімен ырыс келсін,

Молшылық ала келсін несібіне.

Мекеде бір ағаш бар іші қуыс

Намаз бен ораза да — үлкен жұмыс.

Ұстасаң оразаны, жұмағыңа

Шашылар жемістері уыс-уыс.

Айтқанмен жарапазан тоямыз ба,

Санатын сахабаның қоямыз ба?

Санатын сахабаның қойып кетсек

Барғанда ақыретке оңамыз ба?

Бай Мұхаммет үмбетіне жарапазан,

Оразаң қабыл болсын, ұстаған жан.



Бата. Бата-арабша фатиха, халықпен бірге жасап келе жатқан салттың бірі. Ертеден келе жатқан тамаша салт-дәстүріміздің ішіне кіретін сөз өнерінің бірі. Бата беру дәстүрі шығыс халқы арасында, соның ішінде қазақтарда кең тараған. Әдетте бата ауылдың үлкен қария ақсақалдарының, жолы үлкен адамның, құдайы қонақтың үлесіне тиген. Бата қандай жағдайда берілмесін ол адамды кісілікке, имаңдылыққа, мейірімділікке тәрбиелейді. Ата-бабаларымыз "Жаңбырменен жер көгереді, батаменен ер көгереді" деп жақсы киелі адамдардың батасын алып, кейінгі ұрпаққа да ықылас білдіріп, бата беріп, тілек тілеуді дәстүрге айналдырган. Міне, бүгінгі күнге дейін жақсы дәстүріміздің жалғасын тауып келе жатқаны баршамызды қуантады. Жақсы сөз, жарым ырыс демекші, отбасы, ошақ қасына амашпылық тілеп бар жақсылықты басыңа үйіп-төгіп бата беріп жатса, оның несі айып. Қайта мұндай тамаша дәстүрлеріміздің көзін ашып марапаттау — біздің тікелей міндетіміз. Салт-санамызды, дәстүрімізді қайта жаңғыртып жатқан бүгінгі күнде бата туралы неше түрлі нұсқасы жеке кітап болып басылып шығып та жатыр. Олай болса, біз де батаның әр салаға арналған бір-екі нұсқаларын оқырмандар назарына ұсынуды жөн көрдік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   93




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет