Нәжмединова Н. Б, Сәдібек А. 6В09110- ветеринарлық медицина мамандығының студенттеріне арналған



бет20/21
Дата06.09.2023
өлшемі1,58 Mb.
#180326
түріСабақ
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Байланысты:
Í?æìåäèíîâà Í. Á, Ñ?ä³áåê À. 6Â09110- âåòåðèíàðëû? ìåäèöèíà ìàìà
марксизм, абай, мұхтар Әуезов, Тәрбие сағаты Қазақстан мәдениеті, тыңдаушының жұмыс дәптері (3).docxРинат
14 - зертханалық жұмыс. Зертханалық жануарларға ауру жұқтыру

Сабақтың мақсаты: Студенттерді зертханалық жануарлармен таныстыру және оларды зертханалық зерттеулерде қолдану тәсілдерін үйрету.


Жабдықтар мен материалдар: Лабораториялық жануарлар /ақ тышқандар, теңіз шошқалары, үй қояндары/, залалсыздандырылған шприцтер, жұқтыруға арналған микробтар культурасы, залалсыздандырылған анжы /мақта/, спирт.
Құрал-саймандар /қайшы, скальпель, пинциттер/, заттық әйнектер, қоректік орталар.

Зертханада өсіру үшін биологиялық белсенді жүйелерді қолданады: табиғи қабілеттілігі жоғары зертханалық жануарлар және дамып келе жатқан тауық эмбрионында, клетка және ұлпа өсінділерінде өсіруге болады. Вирустардың көпшілігі бір-бірінен зертханалық жануарлардың түрі мен жасына, патогендігіне байланысты ерекшеленеді.


Зертханада биосынама қою үшін қолданылатын зертханалық жануарлар: ақ тышқан, атжалман, теңіз шошқасы, қояндар, мысық, иттер, құстар, маймыл және т.с.с.
Зертханалық жануарлар мынадай талаптарға сай болуы керек:
1) дені сау және инфекциялық ауруға шалдықпаған болуы керек;
2) анықталған вирусқа сезімтал боуы керек (түрлі вирустарға) көбіне жануарлардың бір түрінің өкілдерін алған дұрыс.
3) жасы, жынысы, дене салмағы және түрлері бірдей болуға тиіс;
Жануарлардың нашар жағдайы, түктерінің түсуі, дем алуының нашарлауы, тамаққа тәбетінің болмауы, іш өту және басқа да өзгерістер жануардың ауруға шалдыққанының белгілері болып табылады.
Виварийлерде жануарларды арнайы жабдықталған бөлек бөлмелерде ұстайды:
1) таза, яғни дені сау жануарлар үшін;
2) залалданған яғни, ауруға шалдыққан жануарлар үшін;
Зертханалық жануарларды азықтандыру рационға сәйкес қадағаланып, күтіп-бағуы зоогигиеналық талаптарға сай болуы керек.
Зертханалық жануарларды пайдаланады:
1) зерттелетін материалдан басалқы вирусты бөліп алу үшін;
2) идентификация үшін, яғни вирустық ауруды дауалауда бөлінген вирустың түрін анықтау үшін;
3) вирустарды шоғырландыру, яғни қоздырғыштық биологиялық қасиетін зерттеу үшін және биопрепараттар дайындау үшін, құрамында вирусы бар материалды көп мөлшерде алу үшін;
4) Вирустарды жаңарту және өміршеңдігін анықтау үшін;
5) титрлеу, яғни саны мен белсенділігін анықтау үшін;
Зертханалық жануарларды аурумен залалдау алдында оларды түрлі әдістермен белгілейді:
1) қояндардың арқа және мойын жүндерін қырқып, құлақ терісін тесіп, биркалар қадайды.
2) теңіз шошқаларын дақтары мен бояуларымен ажыратады, арқа жүнін қырқады.
3) құстардың қанаттарына бирка тағады, ал аяқ сүйектеріне нөмірленген сақиналар тағады.
4) тышқандар мен атжалмандардың терілік жабынын бояп, нөмірмен сәйкестендіреді.
Лабораториялық жануарлардың биологиялық көрсеткіштері.



Көрсеткіштер

Тышқандар

Теңіз
шошқалары

Үй қояндары

Туған кездегі салмағы

1 – 1,5 г

45 – 140/60/г

50 – 60

Денесінің температурасы

37,9-39,2

37,3-39,5

38,3-39,9º

1 минуттағы дем алу жиілігі

136-216

100-150

50-152

1 минуттағы пульстің жиілігі

570-780

130-190

120-150

Жыныстық ке-мелге келу жасы

5-8 жұма

8-12 жұма

5-12 ай

Ересек жануар-лардың салмағы

20 – 25

800 – 1000 г

2500 – 3500 г

Шағылысу маусымы

бүкіл жыл бойына

бүкіл жыл бойына

мамыр-мизам

Жыл ішіндегі ұяластары

4 - 5

3 - 5

2 – 4

Жүктілік мерзімі

18 – 24 күн

58 – 72 күн

28 – 36 күн

Балаларының саны

4 – 12/6-8/

1 – 5

3 – 12

әр аналықтан бір жылда алынатын балалары

35

12 – 15

8 – 12

Тіршілік ұзақтығы

2 – 3,5 жыл

7 – 8 жыл

8 жыл

Ауылшаруашылық малдары мен құстардың вирустық ауруларын балауда биологиялық сынама ретінде зертханалық жануарларды қолдану





Малдың түрі, вирусқа бейімділігі

Егу тәсілдері

Вирустың көбею белгілері

КроликтерҚұтыру
Аусыл (жаңа туылған төлдер)

Ауески ауруы


Қойдың контагиозды
эктимасы
Кролик миксомасы
Теңіз шошқасы Құтыру

Аусыл (жаңа туылған төлдер)


Везикулярлы стоматит
Жылқы ринопневмониясы
Ет қоректілер обасы
Ақ атжалмандар
Ауески ауруы
Ақ тышқандар Құтыру
Аусыл (жаңа туылған төлдер)

Ауески ауруы


Везикулярлы
стоматит
Жылқы тұмауы
Шошқа тұмауы
Бүтінтұяқтылардың
африкалық обасы

Интрацеребраль-
ды, ет ішіне

Тері астына


Тері ішіне, тері астына


Теріні, кілегей қабықты скарификациялау
Тері ішіне, тері астына
Интрацеребральдыо

Тері ішіне


-
Құрсақ ішіне
Тері асты, ауыз қуысы арқылы,
мұрын ішіне

Тері асты,


мұрын ішіне

Интрацеребраль-


ды, тері асты

Интрацеребральды


Тері асты, ин-


трацеребральды

Құрсақ ішіне


Интрацеребраль-ды
ды

Мұрын ішіне


Мұрын ішіне
Интрацереб-
ральды

Салдану, өлу
Салдану, өлу

Энцефалиттік, қышыну ,


менингиальды формасы, өлу

Егілген жерде күлдіректер


пайда болуы
Бас, гениталий аймағында
ісіну пайда болуы

Салдану, өлім


Егілген жерде афталардың


пайда болуы

Күлдіреуіктер, бүйрек пен бауырдың зақымдануы


Түсік тастау


Температура көтерілуі
Тыныс алу органдарының зақымдану белгілері, өлім

Салдану, өлім


Салдану, өлім
Спастикалық параплегия,
салдану, өлім
Салдану, өлім
Энцефалит белгілері,
өлім
Конъюнктивит,
пневмония белгілері, өлім

Конъюнктивит,


пневмония белгілері, өлім

Энцефалит белгілері, өлім



Зертханалық малдарға егілетін вирустық материалдың максимальды өлшемі, мл





Егу тәсілі



Кроликтер

Теңіз шошқасы

Ақ атжалман

Ақ тышқандар

Тері ішіне

0,1

0,1

0,05

0,02

Тері астына

5,0

3,0

3,0

0,5

Ет ішіне

5,0

2,0

1,0

0,3

Құрсақ ішіне

10,0

5,0

2,0

1,0

Вена ішіне

5,0

2,0

2,0

1,0

Интрацеребральды

1,0

0,3

0,1

0,03

Мұрын ішіне

0,3

0,05

0,03

0,02

Вирусология тәжірибесінде көбірек пайдаланатын жануарлар: ақ тышқандар, егеуқұйрықтар, теңіз шошқалары, қояндар, атжалмандар, иттер, маймылдар, балапандар. Қолданылатын мал әр вирусқа сай тандалады. Әр малдың өмір жасы өзгеше болады. Ақ тышқандар 1,5-2 жыл, қортышқандар 2-2,5 жыл, теңіз шошкалар 6-8 жыл, қояндар 4-9 жыл өмір сүреді.
Жануарларды күту. Зертханалық жануарлар виварийда күтіледі. Виварийде мал тұратын, ыдыс жуатын, азық әзірлейтін, қызметкерлер отыратын бөлмелер және қойма болады. Мал тұратын бөлмелер жарық, іші де, ауасы да өте таза, қабырғалары мен едендері жеңіл дезинфекцияланатын жағдайда болулары керек. Әртүрлі вирустармен жұқтырылған малдар бөлек бөлмелерде ұсталады. Су мен жем беретін ыдыстар күнде 3% хлорамин ертіндісімен тазаланып, сумен жуылып отыруы кажет. Бөлмелсрді 1% ащы натриймен жуады.
Виварийде мал ұстау үшін барлық зоогигиена ережелерін орындау қажет: әр бөлмеде термометр, гигрометр болады. Виварийдағы ұсақ малдар темір торларда немесе шыны сауыттарда ұсталады.
Зертханалық жануарларды жемдеу. Әрбір түрлі малға тиісті бір күндік норма жасалады. Онда белок, көмірсулар, витамин және микроэлементтердің мөлшері есептелінеді. Кейінгі кезде күрделі (сбалансированные) жемдер қолданылып жүр. Олар таблетка тәрізді, мөлшерлеуге де өте ыңғайлы және арзан.
Вирусологиялык зерттеулерде бір еске алатын жағдай – тәжірибе малда-рының жасырын вирус сақтай алатындығын ескеру, өйткені оларды арнайы вируспен әдейі зақымдағанда жасырын вирустар қозып кетуі мүмкін. Тіпті қарама-қарсы иммунитеттің әсерінен серологиялық зерттеулерде қателіктер кетуі ыктимал. Осыған орай кейбір зерттеулерде гнотобиоттар пайдаланған жөн. Гнотобиот деген микробсыз таза (стерильді), вирустарға өте сезімтал зертханалық жануарлар. Оларды ешканлай микробсыз, стерильді бөлмелерде өсіреді, сонда күтеді. Ауа, су, жей – бәрі түгелдсй стерильды болуы керек. Гнотобиоттар арасында аса құндылары - организмінде патогендік микробтар жоқтары. Кейбір елдерде олардан асыл тұқымды жұқпалы ауру қоздырушылары жоқ мал фермалары ұйымдастырылған.
Вирусологияда зертханалық жануарлар әртүрлі зерттеулерде қолданылады. Көпшілік вирустар тек бір түрлі малда ғана немесе соның ұрпақтарында ғана өсіп-өне алады. Бұл қасиет вирустарды текшелеу жолында пайдалыналады. Осыған орай жануарлар да тексергелі отырған вирустардың түріне қарап таңдалады. Аурудың қандай вируспен байланысты екені белгісіз болған жағдайда, бірнеше түрлі жануарларды зақымдау әдісі қолданылады. Бұл әдіс тексеріп отырған ауруды қоздыратын вирустың қасиеттерін тексеріп, оны басқалардан ажыратуға мүмкіндік береді. Зертханалық жануарлардың ішінде вирусологияда жиі қолданылатындары: ақ тышқандар, атжалмандар, егеу құйрықтар, қояндар, теңіз шошқалары, балапаңдар.
Зертханалык жануарларды тандау. Бір топтағы барлық жануарлардың салмағы, жасы, физиологиялық күйі, дене қызуы бір-біріне өте жақын болуы керек.
Сондықтан жануарларды ең алдымен топ-топқа бөледі. Оларды дұрыстап таңдау - вирустарды табысты зерттеудің бір үлкен кепілі. Ауру жұқтыру үшін алатын жануарлардың саны жұп болуы керек. Бұлай ету вирустың тәжірибеге алынған жанаурлардың 50% ауырту (ИД50) немесе өлтіру (ЛД50 ) мөлшерлерін (дозаларын) анықтау үшін өте қажет.
Вирустарға тропизм, яғни белгілі бір ұлпа және жасушаларда ғана көбею қабілеті тән. Негізінде зертханалақ жануарда вирусты бөліп алу үшін жұқпалы материалды енгізу жолын анықтайды.
Жүйкелік вирустарды бөліп алу үшін жануарлардың миын зақымдайды, ал респираторлық вирусты бөліп алу үшін мұрын ішін зақымдайды Вирустары бар материалдарды енгізу үшін ингаляциялық, тері асты, терілік, ауыз арқылы, ректальды, тері ішілік, мұрын ішіне, өкпе ішіне, бұлшықет асты, жүрек ішіне, құрсақ ішіне және тамыр ішіне жіберу әдістері қолданылады.
Лабораториялық жануарларды бекіту

Ақ тышқанды қолмен немесе пинцетпен құйрығанан ұстап бекітеді. Бас бармақ және сұқ саусақпен құлағынан және желке терісінен ұстайды. Сонда жануардың тыпыршуана жол бермейтін тері бүрмесі пайда болады.


Теңіз шошқасын арқасынан сипап, қолды кеудесіне қарай ығыстырып, басымен жоғары ұстап, екінші қолмен денесінің артынан көтермелеп тұрады.
Үй қоянын құлағынан ұстап басып тұрып бекітеді. Үй қояндарын кейбір жағдайда бет орамалмен немесе арнаулы станокта бекітуге болады.

Лабораториялық жануарларға ауру жұқтыру


Тері астына ауру жұқтыру үшін жотаны /теңіз шошқасы, үй қояндары, ақ тышқандар/, бүйір, құрсақ, тізе қатпарын белгілеп алады. Дәрі жіберетін жерді /инфекция/ спиртпен өңдейді.


Ж ұқпалы материалды денесіне паралелль етіп терінің қатпары астына жібереді. Содан соң денеге жіберген материал кейін шығып кетпес үшін инені 45º бұрыш жасай шығарып алады.

Ет ішіне ендіру – инені сан етіне сұғады. Тері ішіне ендіру – теріні аздап тартып, оның қаптарына сүйір бұрыш жасай инені сұғады. Сонда иненің тесігі терінің беткі қабатында болуы тиіс. Иньекция әсерінен тері кішкентай көпіршік сияқтанып ісініп шығуы керек.


Вена ішіне ендіру – тышқандардың құйрықта, ал үй өояндарының құлақта орналасқан веналарына жіберу арқылы түзеге асырылады.

М атериал ендіретін жердің жүнін қырқып, тазартып спиртпен өңдейді. Қан толық толуы үшін қан тамырларын қолмен қысады да, спиртпен өңдейді. Тышқан құйрығын жылы сумен малып қояды. Жіңішке инемен қанның ағысына қарай инені ендіреді де, ол жерге материалды жібереді. Содан соң инені шығарып алып, ол жерді спиртпен ылғалданған мақта үзімімен майлайды.


Құрсақ ішіне енгізгенде жануарларды басын төмен қаратып, артқы аяғынан ұстап көтереді, сонда ішек-қарын кеуде қуысының диафрагмасына қарай ауысады. Осылай жасағанда іш қуысы босайды, ішек-қарынды зақымдамай инені оңай енгізуге мүмкіндік туады. Ине сұққан жер кіндік пен шаптың арасындағы ақ сызықтан шеттеу болып көрініп тұрады.





Ми ішіне /интрацеребральные/ ендіру – тышқандарды желке аймағына басты қыса батырып бекітеді. Иньекция жасайтын жерді спиртпен ысып, инені шаншиды. Инені 2 мм тереңге сұғып, материалды сол жерге жібереді. Инені енгізгеннен кейін иньекция орнын спиртпен ылғанданған мақтамен өңдейді.


СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗ БЕТІМЕН ІСТЕЙТІН ЖҰМЫСТАРЫ
Жұмысқа 2-3 студент бірігіп кіріседі. Біреуі бір ақ тышқан ұстайды, екіншісі оны егеді. Содан соң студенттер орын алмасады. Тышқандарды тері астына, етке, құрсақ қуысына, миға және құйрық тамырына егіп үйренеді. Егетін материал мөлшері егу жолына сәйкес әртүрлі /0,1-0,5мм/ болуы керек.
Теңіз тышқандарына жүрекке егеді /0,3мл-ден 1,0 мл-ге дейін/.
Қоянға құлақ сыртындағы тамырына /0,5-1,0 мл/ егеді.
Тауықтың өтіне /0,3-1,0 мл/ егеді. Егілген малдарға белгі салады. Лаборатория малдарының әртүрлі вирустарға былдағыштағы келтірген таблицаны оқып танысады.
Бақылау сұрақтары:
1. Клетка өсінділерінің түрлері.
2. Алғашқы - трипсинделген клетка өсіндісін алу әдісі.
3. Тұрақты клетка өсіңдісінің сипаттамасы және алғашқы-трипсиндел-ген торша өсіндісінен айырмашылығы.
4. Табиғи қоректік клетка ортаны жасанды қоректік ортадан айыр-машылығы.
5. Тауық эмбриондарын қандай әдістермен зақымдайды?
6. Вирусты тауық эмбриондарында өсіргенде қандай аспаптар, құрал-саймандар қолданылады?

15-зертханалық жұмыс Зертханалық жануарлардың өлекселерін сою.


Сабақтың мақсаты: Студенттерді зертханалық жануарлардың өлік денесін ашу және құрамында вирусы бар ұлпалар мен органдарды алу әдістерімен таныстыру.


Керекті құрал - жабдықтар : ақ тышқан, наркоз үшін эфир сыйымдылығы 0,5л қақпағы бар банка, воскты кюветалар ( түбі парафинді) стерильденген құрал-жабдықтары бар стерилизатор (қысқыш, қайшы) мақта, спирт, зат шынысы және фильтр қағазы, стерильденген пробиркалар және Петри табақшасы.
Зертханалық жануарлардың өлік денелерін ашу және құрамында вирусы бар материал алу
Өлген жануарды сақтамай дереу сою қажет. Өткені өлімтікте бөтен микроорганизмдер оңай өседі де, зерттеуден алатын деректер өзгеріп кетеді. Егер онжай жануарды қолма-қол союға жағдай болмаса, оны тоңазытып қойған жөн.
Жануарларды сойған асептика мен антисептика ережелерін және қауіпсіздік сақтау жолдарын міндетті түрде орындау қажет.
Жануарды союға стерильді саймандар ғана қолданылады. Олар: скальпелдер, әртүрлі қайшылар, сүйек кесетін қайшылар, хирургия мен анатомияда қолданатын қысқыштар. Зерттеуші жұмысты халат, қалпақ, хирургиялық қолғап, ал кейде маска мен қорғаныш көзілдірігін киіп істейді.
Жануарды сою алдында оны шалқасынан жатқызып байлайды. Ұсақ жануарларды /тышқан, егеуқұйрық, теңіз шошқасы, балапан т.б/ парафин жағылған тақтайға инемен қадайды. Кейде малды арнайы столға байлайды.
Ірілеу жан-жануарды /қоян, ит, тауық т.б./ табақшаға /кювет/, пластинкаға, тақтайға сұйық ақпайтындай етіп бекітеді.
Жануарларды сойғанда мынадай ережелер сақталады. өлікті тек қысқышпен, немесе резина қолғабын киіп қана ұстауға болады. Союды мынадай тәртіппен жүргізеді:

  1. Малдың кеудесі мен құрсағын спиртпен дезинфекциялайды.

  2. Тазаланған жердің дәл ортасынан теріні тура тіледі, ірейді және оны жан-жаққа қайырады. Қолтықтағы және тізедегі бездерді ашады.

  3. Құрсақ қуысын ашу. Ол үшін төстің ұшынан бастап төмен қарай ептеп /асқазан мен ішектерге тиіп кетпейтіндей етіп/ қуысты ашады. Әртүрлі қысқыштарды қолдана отырып ішектерді бір жаққа итереді де, бүйрек, бауыр және көк бауырды стерильді инструментпен кесіп алады. Алған материалдар 10-20 г. кем болмауы керек. Оларды стерильденген пробиркаларға не басқаша ыдыстарға салып, аузын жабады.

  4. Көкірек қуысын ашу. Тас сүйекті қабырғамен бірге қайшымен қиып, жоғары көтереді, стерильденген саймандармен жүректі, өкпені және қан алады.

  5. Бас сүйектерін ашып, миды алу. Жануары арнайы тақтайға етбетінен байлайды. Сол қолдағы қысқышпен малды желкесінен мықтап ұстайды да, оң қолындағы қайшымен бас терісін /көздің және құлақтың айналасынан бастап/ кесіп, арқасына қарай сылады. Бас сүйекті аздап спиртпен сүртіп күйдіреді. Содан соң басқа таза қайшымен бас сүйекті ашады, миын алады, оны Петри аяқшасына салып, бетін жабады. Бұл жұмыста өте абай болу қажет. Керек болса екі жақтың арасындағы етті кесіп, зерттеу үшін ауыз қуысын ашады. Тұмсықты, кеңсірікті және миды қажет болған жағдайларда алады /мысалы, жүйке клеткасындағы өсіп-өнетін вирустар іздегенде/. Кейде буындар мен қара еттерді де тексереді. Алатын материалдардың түрі малдың ауру түріне сәйкес болады. Өлік денесне татап кеткен бөтен бактериялардан вирустарды сақтау үшін, алынған материалдарды антибиотик ерітіндімінде сақтайды. Ол үшін әртүрлі антибиотиктер қолданады: пенцилин – 200-1000 ЕД/мл, стрептомицин – 200-100 мг/мл, нистатин – 50-100 ЕД/мл.



Лабораториялық жануарларды сою тәртібі


Вирусологиялық зерттеулер бастағанға дейін тексеруге алынған материалдарды – 20-70°С көрсететін тоңазытқыштарда сақтауға болады. Үй тоңазытқыштарында олар 1-2 ғана күн сақталады. Суыққа қатырудың орнына химиялық консерванттар қолдануға болады, олардың ең қолайлысы – 50 глицерин.
Тексеруге арналған материалдар өте тиянақты түрде белгіленіп қойылады. Ол үшін салынған ыдысқа лейкопластырь жапсырып, қара қарындашпен қай малдан, қашан және не алынғанын жазып қояды.
Жұмыс біткесін барлық саймандарды / стерильдейді/, өлімтікті, астына салған төсенішті, мал жеген жемнің қалдығын өртеп жібереді. Тәжірбие жасалған жануарлар тұрған клеткаларды дезинфекциялайды немесе автоклавта стерильдейді.

1 -трахея


2-өңеш
3-жүрек
4-өкпе
5-асқазан
6-соқырішек
7- бауыр
8-көкбауыр
9-ашішек
10-ұйқы безі
11-бүйрек
12-тоқішек
13-аналық
14-жатыр
15-аналық жол
16-қуық

Себу және препараттарды даярлау


Органдардан Пастер пипеткасымен материал алады да, спиртовка жалынында қоректік ортаға себеді. Себілген пробиркаларға белгі салады. Органдардан заттық әйнекте препарат-сілем даярлайды. Бояйды. Микроскоппен қарайды.
Союға пайдаланған құралдарды дещинфекциялаушы ерітіндіге батырады.
Бактериогиялық зерттеу үшін қолданылатын жануарлар: ақ тышқандыр, теңіз шошқалары, үй қояндары, көр тышқандар, күшіктер, мысық балалары, көгершіндер. Көбінесе қолданылатындар – ақ тышқандар, теңіз шошқалары, үй қояндары. Лабораториялық жануарлар мен оларды зақымдау тәсілдері жорамалдаған аурулардың түріне байланысты. Жұқтырудың мынадай тәсілдері бар: ауыз арқылы интранозалды, тері асты, тері іші, ет ішіне, вена тамырға, құрсақ ішіне, интрацеребральды /миға/.
Кеуде қуысын ашу. Кеуде қуысын қабырғамен қоса кесіп, жоғары қарай ығыстырып қояды.
Өлген немесе эксперименттен кейін өлтірілген жануарларды сойып тексереді. Тірі жануарларды өлтіру үшін хлорофомдау, ауа эмболиясын тудыру (үй қояндары мен иттерге шприц арқылы ауаны құлақ венасына еңгізеді), электр тоғын қолдану (тоқ сымдарына инелерді бекітіп оның біреуін құйрық түбіне, екіншісін шүйде тұсына тері астына еңгізеді де тоқты қосады. Жануарлар біден өледі) әдістерін қолданады.
Ұсақ жануарлардың өлекселерін сояр алдында зарарсыздандыратын ертіндіге салып алады. Ондағы мақсат: тоғышарларды өлтіру және жүнін ылғалдау. Үлкендеу жануарлардың жүнін сулы тампон арқылы ылғалдауға болады. Содан кейін терісін сыпырады немесе бөлшектейді. Өлексені шірімей тұрғанда, өле салысымен сойған жөн.
Жануарларды сою үшін қаңылтырмен қапталған, сұйықтың ағуына жағдай жасалған столдар пайдаланылады. Егеуқұйрық, тышқан, теңіз шошқаларын түбінде балауызы бар шыны банкада сойған қолайлы.
Бактериялық зерттеу үшін союды зарарсыздандырылған инструменттермен жүргізеді. Қоректік орта, Пастер пипеткасы, металл шпатель, жұғынды шынысы, спиртовка, сіріңке, мақта, ступка, пестик, банка, консервация сұйығы т.б. керекті заттар алдын ала дайындалып койылады. Жануарларды сою белгілі тәртіп бойынша жүргізіледі.
Аршылған жүрек пен өкпелерден қоректік ортаға себу жасалады, шыныларға жұғын істейді, қажет болғанда пастер пипеткасына қан жинап оны дәнекерлеп тастайды. Содан кейін іш жақты сойып ондағы ағзалардан да сондай әрекеттер істеледі. Бактериологиялық зерттеуге тіндерден кесінділер алынып, олар 30 %-ды зарарсыздандырылған глицерин ертіндісіне орналастырылады. Тексерудің аяғында басқа да ағзалардан гистологиялық т.б. зерттеулер үшін материалдар алынады.
Зерттеу нәтижелері толық хаттамаға жазылады. Зерттеуге қолданылған өлексе және оның бөлшектері пешке жағылады. Өе қауіпті індетті аурумен ауырған жануарларды сойғанда аса сақтық керек.
Тәжірибеге қолданылған барлық жануарлар ерекше жұрналға тіркеледі. Онда ол жануарлардың қалай жойылғаны, уақыты, жойған кісінің аты-жөні көрсетіледі.

СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗ БЕТІМЕН ІСТЕЙТІН ЖҰМЫСТАРЫ


Жұмысқа 2-3 студент бірігіп кіріседі. Біреуі бір ақ тышқан ұстайды, екіншісі оны егеді. Содан соң студенттер орын алмасады. Тышқандарды тері астына, етке, құрсақ қуысына, миға және құйрық тамырына егіп үйренеді. Егетін материал мөлшері егу жолына сәйкес әртүрлі /0,1-0,5мм/ болуы керек.
Теңіз тышқандарына жүрекке егеді /0,3мл-ден 1,0 мл-ге дейін/.
Қоянға құлақ сыртындағы тамырына /0,5-1,0 мл/ егеді.
Тауықтың өтіне /0,3-1,0 мл/ егеді. Егілген малдарға белгі салады. Лаборатория малдарының әртүрлі вирустарға былдағыштағы келтірген таблицаны оқып танысады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет