Нәжмединова Н. Б, Сәдібек А. 6В09110- ветеринарлық медицина мамандығының студенттеріне арналған


Тақырыбы: Ертінділерді дайындау реті мен технологиясы. Ертінділердің концентрациясын анықтау



бет17/21
Дата06.09.2023
өлшемі1,58 Mb.
#180326
түріСабақ
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Байланысты:
Í?æìåäèíîâà Í. Á, Ñ?ä³áåê À. 6Â09110- âåòåðèíàðëû? ìåäèöèíà ìàìà
марксизм, абай, мұхтар Әуезов, Тәрбие сағаты Қазақстан мәдениеті, тыңдаушының жұмыс дәптері (3).docxРинат
11 Тақырыбы: Ертінділерді дайындау реті мен технологиясы. Ертінділердің концентрациясын анықтау.

Мақсаты: Ертінділердің құрамы, түрлерімен және оларды дайындау технологиясымен таныстыру.


Қажетті материалдар: әртүрлі еріткіштер, ерітілетін заттар, фиксанал, молярлы және қалыпты ертінділер және т.б.

Ертінділер туралы жалпы түсінік. Лабораторияларда көбінесе қатты заттардан ертінділер дайындалады. Әртүрлі заттар еріткіштерде әртүрлі мөлшерде ериді. Еріткіштерде ерітілетін заттар белгілі бір мөлшерде ғана ериді. Ол затты сол мөлшерден артық қанша қосқанда да ол ары қарай ерімейді. Осындай ертіндіні қаныққан ертінді деп атайды. Оның концентрациясы сол заттың ерітімділігі деп аталады. Ерітіндінің қанығуы белгілі бір жағдайға және алынған еріткіштің химиялық қасиетіне тікелей байланысты.


Көптеген жағдайларда ерітіндіні қыздыру арқылы оның ерігіштігін жоғарылатуға болады. Тек кейбір тұздар бұл ережеге бағынбайды. Олардың ерігіштігі температура көтерілген сайын төмендеуі немесе белгілі бір температураға жеткеннен кейін төмендеуі мүмкін.
Сусыз көмірқышқыл натрий әртүрлі температурада 100 мл қаныққан ерітіндіде төмендегідей мөлшерде ериді:

2-ші кесте



Температура º С

10


20


30


31,9


35,2


40


50


60


Көмірқышқыл натрий, г.

12,6


21,4


40,8


46,0


51,0


49,7


47,5


46,5


Кестеден көрінгендей сусыз көмірқышқыл натрий көп мөлшерде тек 35,2ºС-де ғана ериді екен. Әрбір температурада заттың белгілі бір мөлшері ғана ериді. Температура жоғарылаған сайын ерігіштігі де жоғарылайтын қаныққан ертіндідегі затты суытқанда од заттың артық мөлшері тұнбаға түседі де, ертінді сол суытылған температурада қаныққан түрінде сақталады. Бірақта, кейбір жағдайларда ертіндіні өте жәй суытқанда ерітілген зат тұнбаға түспейді. Ондай жағдайдағы ертінді артық қаныққан ертінді деп аталады. Ол ертінді тұрақты болмайды. Ондағы тұздың тұнбаға түсуі үшін қандай-да бір кристалликтің немесе шаң-тозаңның түсуі жеткілікті.


Ертіндінің тығыздығы еріткіштің тығыздығынан басқаша болады. «Таза» ертінді еріткішке қарағанда жоғарғы температурада қайнайды. Осы қасиеті тұзды банналардың негізіне алынған. Ал ертіндінің қату температурасы, керісінше, еріткіштен төмен болады.
Майлы заттарды еріту қыйынырақ болады. Себебі оларды ұнтақтауға келмейді. Оларды аз мөлшерде және ақырындап еріткішке қосу керек.
Газдардың ерігіштігі. Барлық газ тәрізді заттар белгілі бір мөлшерде суда немесе органикалық еріткіштерде ериді. Олардың ерігіштігі сыртқы қысым мен температураға байланысты болады. Газдың парциалды қысымы неғұрлым жоғары болса, ол солғұрлым көбірек ериді. Ал судың температурасы неғұрлым жоғары болса, газдың еруі солғұрлым төмен болады. Сондықтан да судағы газды шығару үшін оны қайнатады.
Сұйықтарды өзара еріткенде олардың өзара қатынастарында үш жағдай байқалады:

  1. Кейбір сұйықтар бір-бірінде ерімейді, оларды қосқанда бір-бірінен бөлініп тұрады. Мысал ретінде су мен майды келтіруге болады;

  2. Сұйықтар бір-бірінде белгілі бір мөлшерде ғана ериді. Мысалы, су мен эфирді қосып шайқағаннан кейін тұндыруға қойса, олар екі қабатқа бөлінеді. Үстіңгі жағында судың эфирдегі ертіндісі, ал төменгі жағында эфирдің судағы ертіндісі анықталады. Қаныққан ертіндідегі олардың концентрациясы белгілі бір температурада белгілі бір мөлшерде болады. Мысалы, 20ºС судың 100 көлемінде эфирдің 8,11 көлемі; ал эфирдің 100 көлемінде судың 2,93 көлемі еритін көрінеді.

  3. Сұйықтар бір-бірінде көп мөлшерде ери береді. Мысалы, су мен спирт бір-бірінде кез келген мөлшерде ери береді. Ондай қасиет көптеген қышқылдар мен суда да кездеседі.

Сұйықтарды бір-бірінде еріткенде қатты заттарды еріткендегідей немесе жылу бөлінеді, немесе жылу сіңіріледі.
Кейбір сұйықтарды бір-бірімен қосқанда қоспаның көлемі кішірейеді. Мысалы, 50 көлемді суды 50 көлемді спиртке қосқанда 100 көлемдегі қоспа алынбайды, ал ол көлем 96,3 – ке тең болады. Мұндай құбылыс – контракция құбылысы деп аталады.

Ертінділердің классификациясы және концентрациясы.


Еріткішіне қарай ертінді сулы және сусыз ертінділер деп бөлінеді. Сусыз ертіндіге жататында органикалық еріткіштерде – спирттерде, ацетонда, эфирлерде, бензолда және т.б. ерітілген ертінділер. Көптеген тұздардың, сілтілердің және қышқылдардың ертінділері негізінен суда дайындалады.
Нақтылы концентрациялары арқылы ертінділер жуықтап алынған, дәл және эмпириялық концентрациялы ертінділер деп бөлінеді.
Қатты заттардың, сұйықтардың және газдардың еру процесстерінің айырмаылықтары бар.
Ертінділердің концентрациясы.
Ертінділердің концентрациясы қалыпты жағдайда салмақтық және көлемдік процентпен, молмен немесе гармм-эквивалентпен белгіленеді. Сондай-ақ титр және молялдық (молон – моль/кг) бірліктер де бар.
Жуықтап алынған ертінділердің концентрациялары салмақтық (массалық) процентпен, дәл ертінділердікі – молмен, грамм-эквивалентпен немесе титрмен белгіленеді.
Концентрацияны салмақтық процентте бергенде 100 г ертіндідегі (100 мл ертіндідегі емес) еріген заттың мөлшерін көрсетеді. Мысалы, 10 %- ды ас тұзы дегеніміз 100 г ертіндіде (100 мл ертіндіде емес) 10 г ас тұзы және 90 г су бар ертінді.
Егер ертіндінің тығыздығы белгілі болса, онда салмақтық емес көлемдік процентті қолданған қолайлы. Ондай жағдайда қажетті көлемді формула арқылы анықтауға болады:
Салмақ
Көлем = ------------------- ;
Тығыздық
Біздің мысалда көлем V = 20 : 1,203 = 16,6 мл. Мұндай көрсеткіш тек концентрациялы ертінділерде қолданылады, ал сұйытылған ертінділерде (1 %-дан кем) кететін қателіктер өте аз болатындықтан, оны ескермеуге де болады.
1 литр ертіндінің (1 литр еріткіштің емес) молмен берілген концентрациясы оның молярлығы деп аталады. 1 литрінде 1 моль ерітілген зат бар ертінді бір молярлы немесе молярлы ертінді деп аталады. Қандай да бір заттың молі (грамм-молекуласы) деп оның граммен берілген молекулалық салмағын (массасын) айтады. 0,001 молді миллимоль деп атайды. Мысалы, күкірт қышқылының молі 98,08 граммға тең, сондықтан оның молярлық ертіндісі дегеніміз 1 литр ертіндіде (1 литр суда емес) 98,08 грамм күкірт қышқылы бар ертінді.
Егер бір литр ертіндінің концентрациясы грамм-эквиалент санымен берілсе, ондай концентрация қалыпты концентрация деп аталады. Бір литр ертіндіде бір грамм-эквивалент ерітілген зат болса ол ертінді қалыпты ертінді деп аталады.
Заттың грамм-эквиваленті дегеніміз реакцияда 1,008 г ( 1 г-атом) эквивалентті сутегін ығыстырып, өзі қосылған заттың граммен алынған мөлшері. Сол зат араласатын химиялық реакцияға байланысты бір заттың грамм-эквиваленті әртүрлі болуы мүмкін.
Орнын басатын реакцияларда грамм-эквивалентті (Е) сол заттың молекулярлық салмағын (М) қышқыл негізіне (Н) немесе ауысатын электронның санына (n) бөлу арқылы анықтайды:
Е = М : Н немесе Е = М : n;

Қалыпты ертінділердің көптеген жағдайларда анализ үшін концентрациялары жоғары болып келетіндіктен, оларды 0,5 қ., 0,1 қ. және т.б. сұйытылған түрде дайындайды.


Титр дегеніміз бір мл ертіндідегі граммен алынған заттың мөлшері. Мысалы, 1 литр ертіндіде 5,843 г күкірт қышқылы бар болса, онда ол ертіндінің титрі: Т = 5,843 : 1000 = 0,005843 –ке тең болады.
Молялды ертінді дегеніміз заттың бір молін бір кг еріткіште еріту арқылы дайындалған ертінді. Мысалы, ас тұзының бір молялды ертіндісін дайындау үшін ол тұздың 58,457 грамын 1 кг суда ерітеді. Мұндай жағдайда есеп мөлшері ертінді мөлшеріне емес 1 кг еріткіш мөлшеріне жүргізіледі.
Ертінділердің концентрациясын көлемдік процентпен беру бір-бірімен араластырғанда еритін сұйықтар үшін қолданылады.
Міне, біз ертінділердің концентрациясын көрсетудің тек негізгі, ең қажетті түрлерін ғана атап өттік. Ал арнайы зерттеулерде ертіндідегі заттардың мөлшерін көрсетудің басқа да бірліктерінің қолданылуы мүмкін.

Ертінділерді дайындау техникасы.


Дәлдігі жағынан қандай ертінді дайындалмаса да тек таза еріткіш қолданылуы керек. Егерде еріткіш ретінде су қолданылатын болса, онда дистілденген, минералсызданған; ал кейбір жағдайларда екі рет дистілденген немесе арнайы тазарталған суды қолданған дұрыс.
Алдын ала дайындалатын ертіндіні дайындау үшін қолданылатын, ары қарай оны сақтайтын белгілі бір көлемдегі ыдыстарды дайындайды. Ол таза болуы керек. Егерде ертінді ыдыстың ішкі қабатымен реакцияласатын қауіп болса, онда оның ішікі қабаты церезинмен, парафинмен немесе басқа қажетті химиялық тұрақты деген затпен қапталады.
Мысалы, егер 1 литр ертінді дайындау керек болса, онда сиымдылығы 1,5 литрден артық емес ыдысты қолданған жөн. Ал 10 литр ертіндіні дайындауға сиымдылығы 12-13 литр ыдысты пайдаланған дұрыс.
Ертіндіні дайындар алдында екі ыдыс дайындау керек. Оның бірінде ертіндіні дайындайды, ал екіншісінде оны сақтайды. Кейде дайындалған ертіндіні онда түзілген тұнбадан сүзу керек болуы да мүмкін.
Еріту үшін таза зат алынады, дайындалған ертінді міндетті түрде оның құрамындағы қажетті заттарға тексеріледі. Керек болған жағдайда түзету еңгізіледі, жетіспейтін заттың мөлшері немесе су қосылады.
Дайындалған ертіндіні шаң-тозаңнан, газдан қорғау керек. Себебі оның құрамындағы кейбір заттар олармен реакцияласуы мүмкін. Мысалы, сілтілерді көміртегінің қос тотығынан сақтау үшін оларды сақтайтын ыдысты натрий сілтісімен немесе аскаритпен толтырылған хлоркальций түтігімен жабдықтайды.
Ертіндіні дайындайтын және оларды сақтайтын ыдыстар белгілі бір тығынмен қамтамасыз етілуі тиіс.
Өте дәл және жауапты анализдерге дайындалатын ертінділерге қолданылатын шыны ыдыстардың сілтілермен реакцияласатынын еске ала отырып, кварц немесе ерекше дайындалған шыны ыдыстарды қолданады. Мысалы, борды, мыршты, алюминийді, қорғасынды және т.б. құрамында сол элементтер бар шыны ыдыстарда дайындауға болмайды.
Инертті газ азот немесе көміртегінің қос тотығы атмосферасында сақталатын ертінділерге арналған, арнайы титр жүргізуге бейімделген, ерекше бюреткалар болады. Мысалы, көміртегінің қос тотығының атмосферасында сақталатын ертіндінің ыдысының орта шеніндегі кеңейтілген бөлігіне мрамордың бөлшектерін салады да, үстіңгі шарын шыны талшықтарымен толтырады. Қабырғасындағы воронка арқылы приборға 1:2 қатынасында сұйытылған тұз қышқылының ертіндісін құяды. Егер ыдыстан тубус арқылы ондағы сұйықты ағызатын болса, онда сұйықтың үстіңгі жағында вакуум пайда болады да, тұз қышқылының ертіндісі орталық шарға ауысады. Осының салдарынан мрамормен реакция жүреді, көміртегінің қостотығы ыдысқа түседі. Ыдыста аздаған қысым пайда болғанда тұз қышқылы төменгі шарға ауысады да, газдың бөлінуі тоқтайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет