Оқытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі



бет533/679
Дата05.02.2022
өлшемі27,72 Mb.
#5259
1   ...   529   530   531   532   533   534   535   536   ...   679
Әдебиеттер

  1. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. – Астана, 2010

  2. Мирсейтова С. Успехи и вызовы. - Алматы, 2004

ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ САТЫЛАЙ КЕШЕНДІ ОҚЫТУДЫҢ МАҢЫЗЫ


Каримуллина Р.К. (Батыс Қазақстан облысы)

Ертеңгі келер күннің бүгінгіден нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын – білім.


Қазіргі жағдайда еліміздің білім беру жүйелерінде жаңа адамды қалыптастыру бағытында сан алуан жұмыстар жүргізілуде. Оның ең бастыларының бірі де бірегейі – білім мазмұнын ұлттық негізде жетілдіре отырып, білім мен тәрбиені ұлттық рухта әлемдік жүйеге жақындастыру. Сондықтан оқу-ағарту саласының оқу үрдісіне жаңа технологияларды кең көлемде енгізу талап етіледі.
Қазіргі білім беру саласында оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Осындай тиімді технологияның бірі – Н.А. Оразахынованың «Сатылай кешенді талдау технологиясы».
Сатылай кешенді талдау технологиясы дегеніміз – оқыту мақсаты, міндеттері, әдіс-тәсілдері, өзіндік ерекшелігі бар және оқушыларға білімді ғылыми негізде сатылай, жүйелі, кешенді меңгертіп, оларға ұлттық құндылықтарды бағалай, қолдана білуге машықтандыратын оқыту. Сатылай кешенді талдау оқушыларға қазақ тілі ғылымының мазмұны мен жүйесін, оның сөздік құрамы мен грамматикалық құрылысын, сөйлеу тілінің байлығын және әдеби тіл нормасын үйретіп, дұрыс сөйлеу, сауатты жазу дағдысын қалыптастырады. Бұл технологияның маңызды тағы бір ерекшелігі – оқушыларды жақсы, жаман, орташа деп бөлмей, тек материалды өте жылдам, жылдам, баяу қабылдауына қарай тапсырманы он деңгейге икемдеп, барлық баланың дамуы үшін қолайлы жағдай туғызуды мақсат тұтады.
Сатылай кешенді талдау – қазақ тілінің технологиясы дейтін себебіміз ол – біріншіден, технологияның теориялық негізі ретінде А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, Т.Шонанов т.б. ғалымдардың ғылыми-әдістемелік тұжырым-дарын басшылыққа алады; екіншіден, Ыбырай, Абай, Шоқан тағы басқалардың ағартушылық ұстанымдарын негіз етеді; үшіншіден, теория мен практиканы ұштастыруда ғалым-әдіскер Ф.Ш.Оразбаеваның тілдік қатынас (оқылым, жазылым, тыңдалым, айтылым, тілдесім) теориясына негізделеді; төртіншіден, ұрпақтың тілін дамытуға ұлттық құндылықтарды бағалай білуге, құрметтеуге үйрету үшін ауыз әдебиетінің бай мұрасынан бастап бүгінгі күнгі сөз зергерлерінің әдеби ой-толғамдарын жаттату, мәтін, тіл дамыту, тіл ұстарту жаттығуларына материал етіп пайдаланылады; бесіншіден, белгілі педагог-ғалым Г.К.Селевконың педагогикалық технологияларды топтастыра отырып жасаған “Педагогикалық технологиялар классификациясы” талаптарына сүйенеді.
«Сатылай кешенді талдау» технологиясы – бұл қазақ ұлтының төл туындысы деп айта аламыз. Себебі, ұлттық төл технология дегеніміз – қазақ тілін оқытудан бастау алып, халқымыздың әдебиетін, тарихын, жағрафиясын, т.б. пәндердің жиынтығын құрап, оқушыларға жан-жақты білім беретін, оларды өз елінде, өз жерінде ұлтының биік тұлғалы азаматы етіп қалыптастыра алатын оқыту. Бұл технологияның мақсаты – қазақ тілінде ойын жеткізе алатын, өз ана тілінде дітін орындата алатын, қазақтың тарихы мен мәдениетін меңгерген жан-жақты білімді, мәдени ұлттық тұлға қалыптастыру.
Осы мақсаттың орындалуы үшін төмендегідей міндеттер басшылыққа алынады.

  • Қазақ тілінің сөз байлығын терең игерту арқылы, әр сөздің ішкі мағынасы мен қолданыстағы ерекшелігін, сөз сырына бойлату арқылы оқушының танымдық дүниесін қалыптастыру.

  • Кез келген шаршы топта өз ойын шешен де шебер жеткізе білуге машықтандыру. Сол арқылы әр оқушының өз ана тілінің құдіретін басқаларға таныта, бағалай білуге баулу.

  • Жазба жұмыстарын сауатты, жоғары деңгейде, шығармашылықпен орындай білуге төселдіру.

  • Қазақ тілі өзге пәндердің негізін түсініп, терең меңгеруге басты құрал екенін саналы түрде түсінуге бағыт-бағдар беру.

  • Түрлі шығармашылық жұмыстар жүргізу арқылы оқушыларды іскерлікке, тапқырлыққа баулу.

  • Ана тілі негізінде екінші, үшінші тілдерді меңгерудің негізін қалау.

  • Пәнаралық байланысты жүзеге асыру.

  • Сатылай кешенді талдау арқылы теориялық материалды тілдік қатынасым теориясы (жазылым, айтылым, тыңдалым, сөйлесім) арқылы практикалық тұрғыдан талдап, тұжырым жасап, оны өмірде қолдана білуге машықтандыру.

  • Әр пәннің табиғатын танытуда оқушының жеке мүмкіндігін ашуға ықпал ету.

  • Пәндердің мазмұнын, ішкі мағынасы мен қолданыстағы ерекшелігін және тақырып мазмұнын ашу арқылы танымдық дүниесін қалыптастыру.

  • Кез келген шаршы топта өз көзқарасын дәлелдей отырып, шешен де шебер жеткізе білуге машықтандыру. Сол арқылы әр оқушының өз ана тілін, ұлттық құндылықтарын басқаларға таныта, бағалай білуге баулу.

  • Оқушылардың логикалық ойлау жүйесін дамыту мақсатында әртүрлі пәндердің мазмұнына сай түрлі сөзжұмбақтар, танымдық, ұлттық ойындар үлгілерін кеңінен қолдану және ондай ойындарды олардың өзіне құрастырып, жасауына бағыт-бағдар беру.

Осы мақсаттар мен міндеттерді басшылыққа алып, ең алдымен, қазақ тілінің тіл бірліктерін бастауыш сыныптардан бастап терең меңгертіп, оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеріп, жаттығулар мен тапсырмалар арқылы білімді бекітуде алынған мысалдар, нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар мен жұмбақтар және хронологиясын сақтай отырып, жыраулар шығармаларынан, калассикалық туындылардан үзінділер алып, ана сүтімен дарыған туған тілінің қыр-сырын меңгертумен қатар, оны сақтай білу, құрмейттеу, өзгелерге қадірлете алу сияқты елжандылық сезімдерін нығайту – өзекті мәселе.
Сатылай кешенді талдаудың өзегі – тірек сызбалар. Тіл білімінің барлық салаларынан өтілетін материалдардың негізгілері, ең басты теориялық мағлұматтар сызбаға жүйелеп орналастырылған. Әр саты бір-бірімен үндесіп, бір-біріне сілтеме жасап, бірін-бірі толықтырып, тұтас кешенді береді.
Сатылай кешенді талдау технологиясының деңгейлік ұстанымы он деңгейден тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   529   530   531   532   533   534   535   536   ...   679




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет