ПЕДАГОГТЕРДІҢ ӨЗДІГІНЕН БІЛІМ АЛУЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ӨЗІНДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Кабденова А.К., Әлжанова Г.К. (Петропавл)
Қазіргі таңда Қазақстандық білім беру жүйесінің әлемдік білім беру кеңістігіне енуі аясында педагогтің жеке тұлға ретіндегі бейнесі, оның кәсіби біліктілігі айрықша мәнге ие болуда. Себебі педагог білім беру үрдісін жаңартудағы басты тұлға болып келеді. Бұл жаңарудың бастамасы қаншалықты серпінді, шығармашыл болса, ол келіп құятын білім айдыны да сондай дәрежеде болатыны сөзсіз.
Елбасы Н.Назарбаевтың қазақстандық мұғалімдердің кәсіби дамуы саласындағы жаңа көзқарасы педагогтердің біліктілік арттыру жүйесіне оң өзгерістерді енгізуге мүмкіндік беріп, түбегейлі жаңғыруын шыңдай түсті.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы еліміздің білім беру жүйесін жаңа мақсаттар бағытында жетілдіруді қарастырады [1]. Бағдарламадағы міндеттерді шешу мақсатында «Өрлеу» БАҰО» Акционерлік Қоғамының негізгі стратегиялық бағыттарының бірі - педагог қызметкерлердің біліктілігін арттырудың мазмұнын әлемдік және отандық тәжірибе негізінде жаңарту жұмыстарын атқарып, оңтайлы мазмұнды істерді жүзеге асыру.
Заманауи кезеңде адамның білім беру жүйесінде өзіндік ойды шыңдауы, өздігінен жетіліп, өздігінен дамуы бағытындағы әрекеттік білім әрқашанда өз кәсібінде оңтайлы нәтиже береді деуге болады. Сондықтан педагог кәсіби біліктілігін арттыруда өз-өзін дамытудың жаңа сатысына көтерілуі тиіс.
Өздігінен білім алу - адам өз білімін әрі қарай дамытуға қабілетті болуы және саналы өзіндік танымдық әрекет үдерісті жүзеге асыруы болып табылады. Осы орайда өздігінен үздіксіз білімін жетілдіру барысында жеке тұлғаның өзі басқаратын мақсатты бағытталған таным әрекеті басымдылық танытады.
Білімдегі педагогикалық тәжірибе сол күйінде ендірілмейді, өзіндік идея ендіріледі. Бірақ педагогтердің өзіндік идеяларын білім беру жүйесіне енгізуде біршама кедергілер кездеседі. Атап айтар болсақ: педагог бойындағы өзіндік сенімсіздіктің басым болуы, мұғалімдердің ең жиі айтатын себептері – бұл уақыттың тапшылығы, ақпарат көзінің жетіспеушілігі, ынталантырудың болмауы және т.б. Бұл жағдайларда педагогтерге кез келген мәселе төңірегінде тұжырымдау, жоспар құру, өз қызметінің болашағын анықтау мәселелері бойынша әдістемелік жұмыстар атқарылуы тиіс. Бұл жұмыстар ұстаздардың біліктілігін арттыруға, кәсіби қажеттіліктерін қанағаттандыруға өз білімін жетілдіруге ынталандырады.
Біздің ойымша әр педагог: «менің қызметімнің сәттілігін не қамтамасыз етеді?», «оның нәтижесіне не әсер етеді?», «педагогикалық еңбегімнің мақсаты қандай? нәтижесі қандай болу керек? оны қалай өзгертіп, жетілдіре аламын?», «педагогикалық ойларды, міндеттерді тәжірибелік деңгейге қалай ауыстыру қажет» т.б. сұрақтар төңірегінде ойланып, әр қадам мазмұны мақсат-міндеттеріне қарай педагог тарапынан ойлау деңгейлері шыңдала түсері сөзсіз. Сондықтан ойлану әр кезеңде жүзеге асырылуы тиіс. Жалпы адамның ойлау деңгейлері бойынша әлемге танымал болған Б.Блум таксономиясы [2]. Ойды ұштау өзінің жоғары кәсіби әрекетін ұйымдастыру мәдениетін, өздігінен жетілуге тұрақты қажеттілікті сезініп, білімін үздіксіз шыңдауда талпынысын ұштай түсері сөзсіз. Осылайша өздігінен білім алу - әр кәсіптегі шығармашыл және жауапты адамның қажеттілігіне айналады десе болады. Сондай-ақ өз-өзін дамыту – жоғары деңгейдегі кәсіпқойлықтың белгісі.
Педагогтердің өздігінен білім алуын ұйымдастыру кезеңдерін келтіруге болады. Олар:
- нұсқаушы, өздік жұмысқа нақты икемдеуді қарастырады; мектептің ғылыми-әдістемелік тақырыптарынан жұмыс мақсатын таңдау; жеке дербес тақырып құру; өз әрекетінің жүйелілігін ұғыну;
– оқытушы, педагог психологиялық-педагогикалық және әдістемелік әдебиетпен танысады;
– тәжірибелік, педагогикалық фактілер жинақталады; олар іріктеліп, таңдалады; жұмыстың жаңа әдістері сарапталып, тәжірибелер қойылады;
– теоретияны ұғыну, жинақталған педагогикалық фактілерді талдау және жалпылау. Бұл кезеңде оқылған педагогикалық әдебиетті ұжыммен талқылауды, өздігінен білім алу барысы туралы әдістемелік отырыстарында шығармашылық есеп беруді, ашық сабақтарға талдай отырып қатысуды және т.б. ұйымдастырған дұрыс;
– қорытынды-бақылау, педагог өзінің өздік жұмысының қорытындысын шығарады, байқағандарын жалпылауға, нәтижесін рәсімдеуге тиіс. Осы орайда бастысы өткізілген жұмысты, белгіленген фактілерді сипаттау, оларды талдау, нәтижесін теориялық тұрғыда негіздеу, жалпы қорытынды қалыптастыру және жұмыстың келешегін анықтау болып табылады.
Осы кезеңдердің нәтижесінде педагогтің өздігінен білімін жетілдіруге мүмкіндік жасалады. Оқу үдерісі жаңа білім берілмейтін, тек «бағытталатын» және «өздігінен шешім қабылдап құрылатын» үдеріс ретінде құрылады десе болады. Бұл әрекеттер жаңа білімге, жаңа ойлар мен түсініктерге бұрады. Дәл осындай үдеріс өзіндік жұмыстың, өздігінен оқудың, өздігінен дамудың, өз-өзін тәрбиелеудің жұмысын жүргізе алады. Бұл рефлексия мен түсінік үдерістерінің негізі болады.
Қандайда бір әрекеттің нәтижесінде қандай да бір өнім жасалмаса немесе қандай да бір жетістік болмаса мәнсіз болады. Сондықтан мұғалімнің өздігінен білім алуының жеке жоспарында белгілі бір мерзімде қол жеткізілген нәтижелер тізімі болуы тиіс.
-Мұғалімдердің өздігінен білім алу нәтижесі қалай жүргізілуі керек? (өздігінен білім алу үздіксіз, бірақ оны кезең-кезеңмен жоспарлау қажет);
-сабақ беру сапасын арттыру (тиімділігі мен сапасы анықталатын көрсеткіштер көрсетіледі);
-дайындаған немесе басылып шыққан оқу құралдары, мақалалар, оқулықтар, бағдарламалар, зерттеулер;
-оқытудың жаңа түрлері, әдістері мен тәсілдерін білім үрдісіне енгізу;
-жаңа технологияларды қолдану бойынша әдістемелік ақпараттар әзірлеу;
-өзіндік, жаңашылдық бағыт бойынша ашық сабақтар дайындау және өткізу;
-педагогикалық талдамалар кешенін құру;
-тренингтер, семинарлар, конференциялар, шеберлік-сынып өткізу, зерттеліп жатқан мәселе бойынша тәжірибені жалпылау.
Біліктілік арттыру жүйесінің міндеті – мұғалімнің өздігінен білім алу қызметін қамтамасыз ететін, оған қоса табысқа қол жеткізуге уәждеуді қалыптастыруға мүмкіндік тудыратын жағдай жасау. Осындай құралдардың бірі өзара кәсіби тәжірибе алмасу болып табылады десе болады.
Педагогтердің өздігінен білім алуыүдеріс барысында педагогтің өзін дамыту және өздігінен даму қажеттілігі іске асырылса, педагог педагогикалық машықтың өзін-өзі тануы мен өздігінен талдау тәсілдерін игерсе, мұғалімнің педагогикалық тәжірибесі білім алу жағдайын өзгерту факторы болып табылады. Мұғалім өзінің кәсіби қызметінің оң және теріс сәттерін түсініп, әлі де болса жетілдіру жолдарын қарастырса, педагог өзінің кәсіби әрекетіне өзіндік баға беруге қабілетті болса, педагогикалық рефлексия мұғалімнің қажетті кәсіби тірегі болып табылады. Педагогикалық әрекеттерді талдаған кезде теориялық білім алу қажеттігі, өз әрекетін өзі сараптау, педагогикалық машықты талдауды тәжірибелік түрде игеру қажеттігі туындаса, мұғалімнің кәсіби дамуына зерттеу және іздену әрекеттерінің мүмкіндіктері енгізілсе, педагог шығармашылыққа дайын болса, жеке кәсіби дамудың және өз-өзін дамыту арасындағы өзара байланыс нәтижелі жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |