Бірінші деңгей – тілдік материалдарды толық жазылым бойынша сатылай кешенді талдау. Мұғалім де, оқушы да жазады, дауыстап айтады, естиді, көзімен көреді, естіген нәрсені есінде ұзақ сақтайды.
Екінші деңгей – тілдік материалдарды қысқаша жазылым бойынша талдап, айтылым бойынша толық ауызша сатылай кешенді талдау.
Үшінші деңгей – тілдік материалдарды жазылым бойынша ықшамдау принципімен өрнектеу, айтылым бойынша ауызша толық сатылай кешенді талдау.
Төртінші деңгей – тілдік бірліктерді жазылым бойынша символдар арқылы ықшамдау принципімен өрнектеу, айтылым бойынша ауызша толық талдау.
Бесінші деңгей – диалог арқылы талдау.
Алтыншы деңгей – жат жазу. Өлеңді жатқа жаздырту біріншіден, оқушылардың өлеңді жадында ұзақ сақтауы үшін; екіншіден, орфографиялық қателерді жібермеуге төселдіру үшін; үшіншіден, тыныс белгіні дұрыс қою және қандай жағдайда қай тыныс белгіні қою керектігін саналы түрде меңгерту үшін.
Достарыңызбен бөлісу: |