Жетінші деңгей –уақытқа талдау:
а) өте жылдам – 3 минутта;
ә) жылдам – 5 минутта;
б) баяу – 7минутта.
Тез әрі қатесіз талдап үйренген бала уақытқа талдау кезін қызыға орындайды.
Сегізінші деңгей – компьютерлік талдау.
Тоғызыншы деңгей – ашық тест. Мұнда оқушылардың игерген білімін тексеру мен бағалау.
Оныншы деңгей – шығармашылық жұмыс.
«Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту мақсатында бес жылдық ұлттық жоспарды қабылдау міндеті қойылды.
Осы міндетті жүзеге асыру барысында оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған Ұлттық жоспары жасалып, оның мақсаты, міндеттері айқындалды.
Ұлттық жоспардың мақсаты – Қазақстан Республикасындағы мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту үшін жағдай жасау. Ол үшін төмендегідей міндеттер қойылды:
Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытудың отандық және халықаралық практикасын зерделеу.
Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша шаралар жүйесін іске асырудың тетіктерін анықтау.
Білім мазмұнын жаңғыртуды қамтамасыз ету: стандарттар, оқу жоспарлары мен бағдарламаларды ұлттық сипатқа сай жасау.
Білім беру үрдісін оқу-әдістемелік жағынан қамтамасыз етуді әзірлеу.
Мектеп оқушыларының білім сапасын бағалау және мониторинг жүргізу жүйесін дамыту.
Мектептің және қосымша білім беру жүйесі ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту.
Осыған орай Ұлттық жоспарда функционалдық сауаттылықтың негізгі жеті тетігін (механизмдерін) бөліп көрсетеді.
Оның алғашқысы – оқыту методологиясы мен мазмұнын түбегейлі жаңарту. Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жалпы білім беретін орта мектептің Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын (МЖБС) жаңартудан бастау алуға тиіс. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты еңбегінде оқулық мәселесіне ерекше тоқталған болатын.
Сондықтан оқулықтың мақсаты, міндеті, мазмұны, құрылымы функционалдық сауаттылықтың талаптарына сай жазылуы тиіс.
Функционалдық сауаттылықты жүзеге асырудың екінші тетігі (механизмі) – оқыту нысандары мен әдістері. Тәуелсіз қазақ елінің оқулықтарының мазмұны ұлттық құндылықтарды басшылыққа ала отырып жазылып, оны оқыту мен жүзеге асырудың жаңа әдістері, яғни білім беру технологияларын мақсатты түрде оқу үрдісіне енгізу арқылы жаңа бағытта жұмыс жасауға міндеттіміз.
Ұлттық жоспарда көрсетілген функционалдық сауаттылықтың үшінші тетігі (механизмі) – оқу нәтижелерінің бағалау жүйесін өзгерту. Яғни бағалау жүйесі функциональдық сауаттылықта сырттай бағалау және іштей бағалау болып бөлінеді. Іштей бағалау – оқу пәні бойынша оқыту сапасын диагностикалау және мемлекеттік жалпыға білім беру стандарты өлшеміне сәйкес, ал сырттай бағалау – әрбір деңгейді аяқтау бойынша білім алушының оқу жетістіктерінің нәтижелеріне сәйкес (ҰБТ, ОЖСБ және т.б.), сондай-ақ халықаралық зерттеулерге (ТIMSS, PISA және PIRLS) қатысуы арқылы жүзеге асырылады. Біздің тәжірибемізде, осы аталған білім алушының бағалау жүйесі ұлттық төл технологиямыз «Сатылай кешенді оқыту» қолданылып келеді.
Ал, функционалдық сауаттылықтың төртінші тетігіне (механизміне) тоқталар болсақ, оған қосымша білім және мектептен тыс сабақтармен қамтуды жатқызады.
... Балаларға туған жердің табиғатын, туған елдің әдет-ғұрпын, мінезін үйреніп, әкімшілік, әлеумет мекемелерімен, олардың қызметтерімен, сауда кәсібімен, қатынасу жолдарымен таныстырып, жергілікті тарихи ескерткіштердің қатынасын түсіндіріп, балаларды бұрын білмейтін, жат нәрсемен яғни әлеумет ғылымымен таныс қыламыз»,– деп бүгінгі заманауи білім беру талабына сай функционалдық сауаттылық мәселесіне, дәл осы терминмен айтпаса да, терең талдау жасап, нанымды тұжырым айтқан. Егер де біз қосымша білім беру және мектептен тыс сабақтарда осы қағидаларды басшылыққа ала отырып, бағдарламалар түзіп, қосымша әдебиеттер ұсынатын болсақ, онда функционалдық сауаттылықтың төртінші механизмі өз дәрежесінде жүзеге асады.
Достарыңызбен бөлісу: |