Использованная литература:
1.«Государственная программа развития образования Республики Казахстан на 2011-2020 годы»
2.Гузеев «Планирование результатов образования и образовательнаятехнология».М. «Народное образование»
3. «Русский язык в казахстанской школе» 2010г.№5,2008г.№3, 2009г. .№1
БІЛІМ БЕРУДЕГІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҮРДІС: ТЕОРИЯ МЕН ТӘЖІРИБЕ
Губайдуллина Ә.К. (Ақтөбе)
Мүмкін сіз сәтсіздікке душар болғаныңыз үшін көңіліңіз қалған болар,
бірақ одан шығуға әрекет етпесеңіз-өз өміріңізге балта шапқаныңыз.
Беверли Силлз.
«Білекке сенген заманда – ешкімге есе бермедік, білімге сенген заманда, қапы қалып жүрмелік», - деген Абылай ханның сөзінен ұрпақтарына қазақтың білекті, жүректі ғана емес, білімді болуын насихаттап айтып кетуі, келер ұрпақтың көзі ашық, көңілі ояу болуы үшін біздерге, яғни ұстаздар қауымына зор жауапкершілік артып кеткен сияқты. Абылай алты алаштың басын қосып жерді қорғап аманаттаса, ал біздер, мына ұстаздар қауымы сол ұлан байтақ жердің иесі жас ұрпақтың бойына ұлтжандылықпен қатар, білім нәрін себу үшін бірлесіп әрекет етуіміз керек. Сондықтан ғылым мен техникасы жоғары дәрежеде дамыған мемлекеттердің ұрпақтарына білім беріп жатқан оқыту жүйесі мен оқу тәртібін өзімізге лайықтап тәжірибемізден өткізіп көрсек еш ұтылмаймыз.
Мектеп – бұл керемет мекеме, онсыз өмір қызық болмас еді. Егер білім берудің құраушылары жаңаланып, инновацияға негізделсе, білім беру жүйесі нығайланып отырады.
Білім берудегі енгізілген инновация адамның кәсіптік қызметінің бәріне тән болғандықтан, ол табиғи түрде зерттеудің, талдаудың және тәжірибеге енгізудің нысанына айналды. Инновация өздігінен пайда болмайды.Ол ғылыми ізденістердің, жекелеген мүғаімдер мен түтас ұжымның озық педагогикалық тәжірибесі. Бұл процесс стихиялы дамымайтындықтан ол басқаруды қажет етеді.
Қазіргі заманғы ғылыми - техникалық үрдістің қарқынды білім беру жүйесінің алдына жаңа міндеттер қойып отыр. Ол өз жұмыс орнында және бүкіл техникалық тізбекте технологияның үздіксіз өзгерістеріне, жаңалықтарына бейімделе алатын орындаушының тұлғасын қалыптастыру. Егеменді еліміздің болашағы білім беру жүйесі мен мектептерге байланысты. Заман талабына сай қазіргі мектептерде білім мазмұнын, оның құрылымдық жүйесін жаңарту - білім реформасының жүзеге асуының басты шарты. Осы талапқа сай оқушылардың белсенділігі мен танымдық іс-әрекеттері арқылы оқушылар шығармаларын дамыту, қажетті жағдайда айрықша шешім қабылдай алатын жеке тұлғаны дамыту,осыған орай оқытудың жаңа технологияларын енгізе отырып, білім беру мен тәрбиелеу-мұғалімдер алдындағы басты міндет.
Тұтас педагогикалық процестің инновациялық стратегиясында жаңашылдық процестерді тікелей алға апарушылар ретінде мүғалімдер, тәрбиешілер, мектеп директоры үлкен рөль атқарады. Оқыту процесінің көп түрлілігіне қарамастан дидактикалык, компьютерлік, проблемалық, модульдық және басқа жетекші педагогикалық қызметті іске асыру мүғалімнің еншісінде қалып отыр. Мұғалімнің кәсіптік қызметі арнаулы, пәндік білімдермен ғана шектелмей, педагогика мен психологияның оқыту мен тәрбие технологиясы салаларының қазіргі заманғы білімдерін де қамтитын болғандықтан мұғалімнен арнайы психологиялық-педагогикалық дайындық талап етіледі. Осы негізінде ғана педагогикалық инновацияны қабылдау, бағалау және іске асыруға дайындық қалыптасады.
Инновация – бұл жаңалық, жаңа өзгеріс деген ұғымды білдіреді. Педагогикалық процесте инновация оқыту мен тәрбиенің тәсілдері, түрлері мақсаты мен мазмүнына, мүғалім мен оқушының бірлескен қызметін ұйымдастыруға жаңалық енгізуді білдіреді.
Оқыту түрлерін, әдістері мен құралдарын одан әрі жетілдіріп, тиімді тәсілдерді нәтижелі қолданудың жолдарын іздестірулері қажет.
Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерде іс жүзінде анықталып табылған оқыту үрдісінің нәтижесін көтеретін әдіс-тәсілдері, түрлері көбінде жаңашыл, инновациялық деп атайды.
Инновация дегеніміз білім беру, тәрбиелеу жүмысына жаңалықты енгізу, яғни жаңа әдіс - тәсілдерді, амалдарды, қүралдарды, жаңа концепцияларды жасап, оларды қолдану деп анықталған.
Қазіргі заманғы мектепте нақты педагогикалық қызметке ісқе асыруға болатын орасан зор педагогикалық тәжірибе жинақталған, бірақ олардың бәрі бірдей қолданыла бермейді, өйткені көптеген мүғалімдер мен басшыларда ол тәжірибені зерттеу және қолдану қажеттілігі қалыптаспаған, сол сияқты ол тәжірибелерді таңдау мен талдаудың дагдысы мен іскерлігі жетісе бермейді. Мұғалім қызметінің иннойациялық бағыттылыгының екінші қүрамды бөлігі –психологиялық - педагогикалық зертеулердің нәтижесін педагогикалық қызметтің практикасына ендіру.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының жобасында "Жоғарғы білімді дамытудың негізгі үрдісі мамандар даярлау сапасын арттыру, қарқынды ғылыми-зерттеу қызметімен ықпалдастырылған инновациялық білімді дамыту, жоғары оқу орындары зерттеулерінің әлеуметтік сала мен экономиканың қажеттіліктерімен тығыз байланысы, білім беру және ақпараттық технологияларды жетілдіру болып табылады". Қазіргі білім беру саласындағы басты мәселе әлеуметтік-педагогикалық ұйымдастыру тұрғысынан білім мазмүнына жаңалық енгізудің тиімді жаңа әдістерін іздестіру мен оларды жүзеге асыра алатын болашақ мамандарды даярлау болып отыр.
Жаңа дәуір ұлттық бәсеке, мәліметтік сайыс, психологиялық өзгерістер сияқты көріністермен белең алады. Сондықтан сол кезеңге сай интелектуалды, ой - өрісі жоғары дамыған, дені сау азаматты қалыптастыру - мемлекеттің бүгінгі күнгі ең өзекті мәселесі.
Қазіргі мектеп жағдайларындағы білім берудің үлттық моделіне өту оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс - тәсілдерін, инновациялық педагогикалық технологияны игерген, психологиялық - педагогикалық диогностиканы қабылдай алатын, педагогикалық жұмыста қалыптасқан бұрынғы "баршаға білім беру" ескі сүрлеуінен тез арада арылып, жаңаша білім беру мазмұнына "әркімге таңдау бойынша білім беруге" көшуге қабілетті және нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді, шығармашылықпен ізденушілікпен жүмыс істейтік зерттеуші болашақ мүғалімдерді даярлауды қажет етеді.
Сонымен айтатын болсақ: өмірлік тәжірибе ойды қозғайды, ой ғылымды туғызады, ол ғылымның дамуы зерттеуді талап етеді. Қазіргі нарық кезінде озат тәжірибені дұрыс басқару үшін орнымен бақылау, жоспарлау, болашақты болжау - дұрыс бағдарлама жасауға жол сілтейді. Бұның бәрі, сайып келгенде, болашақта жақсы маман даярлауға мүмкіншілік береді.
Қазіргі кезде әлемдік экономика жаңа сапалық деңгейге - білімге негізделген экономикаға өзгеруде. Білімге негізделген салалардағы экономикалық өсу өткен жиырма жылда жалпы экономикалық өсудің қарқынынан тұрақты түрде асып отырады. Алайда осы орайда ақпарат легінің артуы және оның одан әрі шектеусіз өсу преспективасы адамзат жинақтаған білімді жай игеріп қою нәтижесіз мақсат екенін көрсетеді.
Әлемнің көптеген алдыңғы қатарлы елдерінің білім беру жүйесі осындай сын-тегеуріндерге білім берудің құрылымын,мақсаттарын, мазмұны мен технологиясын түбегейлі өзгертумен болды. Білімді білік - дағдыларды механикалық түрде беру емес, ақпараттық - зияткерлік ресурстарды өз бетінше тауып талдап және пайдалана білетін идеялардың қуат көзі болатын, жедел өзгеріп отыратын әлем жағдайында дамитын және өзін-өзі ашық көрсете алатын жеке тұлғаны қалыптастыру басымдық болып табылады.
«45 жыл мұғалім болсаңда, 45 минуттық сабағыңа дайындал»,- деген ұлы ұстаз А.Байтұрсыновтың сөзін өзіме өсиет тұтып, қоғам алдындағы жауапкершілігімнің зор екенін сезініп, әр сабағыма үлкен дайындықпен келуімді ұстаздық парызым санаймын. Ол үшін жан-жақты ізденістің нәтижесінде білім беру саласында жаңа педагогикалық технологияларды игеріп, шеберлігімді шыңдауды мақсат етемін. Сөзімнің түйіндесем, адамгершілікке арналған үш сауал бар: шөлге құдық қазған бір сауап, өзенге көпір салған бір сауап, жолға ағаш екен бір сауап, мен айтар едім оқушыны білімді қылсаң бір сауап деп.
Болашақта төмендегі жоспарымды инновациялық тұрғыда іске асырамын:
осы оқушылардың бойындағы жетістік пен ынта-жігерді, ерекшеліктерді жойып алмау мақсатында одан ары ізденемін;
әрбір оқушылардың сыни ойлауына жағдай туғызамын;
оқушыларға әр сабақтың кезеңдеріндегі қойылатын сұрақтардың мәртебелі деңгейде болуын алдын-ала анықтап, оқушылардың дамуына ықпал етемін;
оқушылардың шығармашыл қабілетіне, бағдар беремін;
оқушылардың идеясымен бөлісе отырып, оларды жауапкершілікке үйретемін;
жұмыс түрлері мен әдіс-тәсілдердін түрлендіріп орынды,тиімді пайдалану жолдарын зерттеймін.
Қоғамға әлеуметтік сыртқы факторларын көрсетпеуіне баулимын.
Достарыңызбен бөлісу: |