Оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде) 1-тарау. Жалпы ережелер


Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9 сыныптарына арналған



бет272/294
Дата25.04.2024
өлшемі2,8 Mb.
#201338
түріБағдарламасы
1   ...   268   269   270   271   272   273   274   275   ...   294
Байланысты:
65 - 132 › AK H0

Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9 сыныптарына арналған
«Жаһандық құзыреттіліктер» курсының үлгілік оқу бағдарламасы
1. Жалпы ережелер

  1. Оқу бағдарламасы «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген).

  2. «Жаһандық құзыреттіліктер» курсы білім алушылардың әлемдегі өз орнын анықтау үшін қажетті құндылық бағдарларын, коммуникативтік дағдыларын, әдеплық нормалары мен мінез-құлық ұстанымдарын қалыптастыруға ықпал етеді.

  3. Курстың мақсаты: жаһандық азаматтық құзыреттерге ие бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру.

Курстың міндеттері:
1) білім алушыларды қазіргі заманның жаһандық сын-тегеуріндерімен таныстыру;
2) тұлғаның тұрақты даму мәдениетін қалыптастыру;
3) білім алушыларда жергілікті, өңірлік, ұлттық, жаһандық оқиғалар, олардың себептері мен салдарлары туралы талдамалық бағалау түсінігін дамыту;
4) эмпатия жағдайында басқа адамдардың қажеттіліктері мен құқықтарына тәрбиелеу;
5) мазмұнды және шығармашылық оқыту дағдыларын қалыптастыру.
«Жаһандық құзыреттіліктер» курсы бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
5 - сыныпта-аптасына 0,5 сағат, оқу жылында 18 сағат;
6 - сыныпта-аптасына 0,5 сағат, оқу жылында 18 сағат;
7 - сыныпта-аптасына 0,5 сағат, оқу жылында 18 сағат;
8 - сыныпта-аптасына 0,5 сағат, оқу жылында 18 сағат;
9 - сыныпта-аптасына 1 сағат, оқу жылында 36 сағат.
2. Оқу курсының базалық мазмұны
6. Курс бағдарламасы білім алушылардың жас ерекшеліктері мен қызығушылықтарын ескере отырып әзірленген алты бөлімнен тұрады.
«Парасаттылық және әдеп» юниті білім алушылардың бойында әдептілік, тілектестік, адалдық, толеранттылық, өз іс-әрекеттері үшін жауапкершілік, ұжымда жұмыс істей білу және мінез-құлық мәдениетінің жоғары стандарттарын білдіретін жеке қасиеттерін дамытуға ықпал етеді.
«Азаматтылық және патриотизм» юниті қазақстандық қоғамның бірдей кодын және мемлекеттілікті құрметтеуді, азаматтық ұстаным мен жауапкершілікті қалыптастыруды, адамдардың қоғамдағы өзара қарым-қатынасын, отбасындағы өзара көмекті, халықаралық сананы қалыптастыруды насихаттайды.
«Медиа және қаржылық сауаттылық» юнитінде медиакеңістік және қаржылық сауаттылықтың негізгі ұғымдарымен және заңдылықтарымен танысады. Қоғамда белсенді өмір сүріп, әлеуметтену үшін қажетті дағды түрлерін қарастырып, ақпаратты талдау, бағалауды дамытады. Білім алушылар ақпаратпен жұмыс істеуге, материалдарды бағалауға, талдауға, жалған мәлімет пен насихатты ажырата білуге үйренеді. Қаржылық сауаттылық туралы білімдері кеңейіп, сауаттылық неден басталатыны, еңбегі арқылы жетістікке жеткен адамдар туралы ақпарат жинақтап, отбасылық бюджетті қалай үнемдеуге болатыны туралы өмірмен байланысты білімдерін дамытады. Білім алушылар қаржылық сауаттылықты жеке қаржылық әл-ауқатқа жету құралы ретінде пайдалану арқылы әлемдік экономикалық кеңістікке кірігеді.
«Өмір қауіпсіздігі» юниті адам өмірі мен денсаулық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, даралықты, жеке өмірге қол сұқпау және құпиялық құқығын сақтауға, қорқыту мен зорлық-зомбылықтан қорғану, адам өмірін сақтап қалу жолдарымен танысуға бағытталған.
«Экологиялық мәдениет» юнитінде білім алушылар экологияның негізгі заңдылықтарымен танысады. Өз денсаулығына, айналасындағы адамдарға және табиғатқа жағымды көзқараста болып, ұқыппен қарауды үйренеді. Табиғатты пайдаланудың моральдық-құқықтық принциптерін сақтайды. Қоршаған ортаны қорғау іс-шараларын белсенді жүргізетін, биосферадағы байланыстарды бұзушыларға қарсы, сондай-ақ экологиялық санасы дамыған әлеуметтік-бағдарлы тұлғаны қалыптастырады.
«Зайырлылық және дінтану» юниті (9-сынып) білім алушылардың құқықтық және діни сауаттылығын қалыптастыруға, зайырлылық қағидатын құндылық ретінде түсінуге, діннің қоғам өміріндегі орнын, әлемдік діндердің, жалған діни және деструктивті діни ағымдардың тарихы мен қазіргі жағдайын зерделеуге бағытталған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   268   269   270   271   272   273   274   275   ...   294




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет