51
в)
Плаундар
г) Қырықбуындар
7. Õлорофилл көмегімен жарықтан энергия алуға қабілетті ағзалар
а) Зең саңырауқұлақтары
ә)
Қалпақшалы саңырауқұлақтар
б) Буынаяқтылар
в) Басаяқтылар
г) Қырықжапырақтәріздестер
8. Эукариоттардың ең кіші систематикалық категориясы
а) Түр
ә) Отряд
б) Тұқымдас
в) Туыс
г) Тип
9. Өсімдіктер систематикасының категориясына жатпайды
а) Дүние
ә) Бөлім
б) Класс
в) қатар
е) Отряд
10. Дихотомиялық тірек сөздерді ұсынған ғалым
а) Ж.Б.Ламарк
ә) Д.Рей
б) К.Линней
в) Р.Гук
е) А.В.Левенгук
52
36-сурет.
Өсімдік жасушасының құрылысы
Қабықша
саңылауы
Ядро
Жасуша
қабықшасы
Хлоропластар
Вакуоль
Плазмалық
мембрана
Цитоплазма
4-бөлім
.
ЖАСУШАЛЫҚ БИОЛОГИЯ
§11. Жасуша – ағза құрылысының негізгі бөлшегі
Ұсақ ағзалар – прокариоттар мен протистердің бір жасушадан ғана
тұратынын білесіңдер. Ал барлық көпжасушалы ағзалар көптеген
жасушалардан тұрады. «Жасуша» деген түсінікті ең алғаш Р. Гук
қолданған. Ғалым ағаш қабығының ішкі қабатының қимасын қарап,
оның жеке ұяшықтардан – жасушалардан тұратынын байқаған. Содан
бері жасуша – биологиядағы негізгі түсініктердің бірі, себебі барлық
тірі ағзалар жасушадан тұрады.
Ғалымдар жасушадан тыс тіршілік болмайтынын, яғни өсу, көбею,
қоректену, қоршаған ортамен зат және энергия алмасу үдерістері тек
тірі жасуша ішінде ғана жүзеге асатынын анықтаған.
Жасушаның құрылысы.
Барлық өсімдіктер, саңырауқұлақтар мен
жануарлардың барлық жасушасы міндетті түрде үш бөліктен: қабықша,
цитоплазма мен ядродан тұрады (36-сурет).
Кейбір көпжасушалы ағзаларда ядросыз жасушалар түзіледі, олар ешқашан
көбеймейді, өз қызметін атқарған соң тіршілігін жояды.
Қабықша
– жасушаны қоршаған ортадан бөлетін, қорғайтын және
қажет заттардың жасушаға енуіне мүмкіндік беретін бөлігі.
53
Цитоплазма
– жасушаны толтыратын тұтқыр сұйықтық, оның
ішкі ортасы. Цитоплазмада ядро, жасушаның басқа ұсақ бөлшектері
мен құрылымдары болады.
Ядро
– жасушаның маңызды бөлігі; ядросыз көбею жүзеге аспайды.
Ядро көбеюге мүмкіндік беріп қана қоймайды, ол жасуша тіршілігін
басқарады.
Ұлпа түсінігі.
Біздің ғаламшарымызда бірінші рет ең қарапайым
жануарлар: ядросыз прокариоттар – бактериялар пайда болды. Ұзақ
уақыт ішінде біртіндеп едәуір жоғары құрылымды прокариоттардан
қарапайым біржасушалы эукариоттар – протистер түзілді. Біржасушалы
эукариоттардан көпжасушалы ағзалар (өсімдіктер, жануарлар және
саңырауқұлақтар) түзілді. Айналамыздан көретін барлық тірі ағзалар –
бұлар көпжасушалы эукариоттар.
Эволюция барысында миллиардтаған жыл ішінде көпжасушалы
ағзалардың біртипті жасушалары
ұлпа
түзеді. Ұлпа (ткань) – құрылысы,
шығу тегі және атқаратын қызметі бойынша ұқсас, тарихи қалыптасқан
жасушалар мен жасушааралық заттар жиынтығы. Ұлпадағы барлық
жасушалар бір типті, бірдей тіршілік әрекеті үдерістеріне қабілетті
(35-сурет). Бұл оларға бірыңғай қызмет атқаруға және әсерге бірдей
реакция көрсетуге мүмкіндік береді.
Жасушадан мүшеге.
Жануарлар ағзасында жеке мүшелер бар.
Тек жануарларда ғана емес, өсімдіктерде де мүшелер бар. Өсімдік
мүшелеріне сабақ, тамыр, жапырақ, гүл, жеміс және тұқым жатады.
Мүше
– тұрақты орны, құрылысы бар және белгілі бір қызмет атқаратын
ағза бөлігі. Өсімдік және жануар мүшелері ұлпалардан тұрады (36-су-
рет).
Мүшелер атқаратын қызметтері бойынша
мүшелер жүйелеріне
бірігеді. Мысалы, ми жұлынмен және бүкіл денеде орналасқан
жүйкелермен бірге
жүйке жүйесіне
бірігеді. Ал ауыз қуысы тіс, асқазан,
37-сурет.
Адам организміндегі жасушалардың түрлері
Тері
жасушалары
Қан жасушалары
Май жасушалары
55
Синтез:
1. Кесте сызып, өсімдіктер мен жануарлардың ұлпаларын салыстырыңдар.
2. Қосымша материалды пайдаланып, кестені толтырыңдар:
Мүшелер жүйесі
Оның құрамындағы мүшелер
Бағалау:
1. Біржасушалылардан бастап көпжасушалыларға дейін ағзалардың даму
үдерісін сипаттаңдар.
2. Қалай ойлайсыңдар, неліктен тірі ағзалар біртұтас жүйе ретінде қызмет
атқарады?
Достарыңызбен бөлісу: