Оқулық Алматы, 013 Əож 528 (075. 8) Кбж 26. 12 я73 и 59



Pdf көрінісі
бет37/153
Дата26.09.2022
өлшемі2,19 Mb.
#150820
түріОқулық
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   153
Байланысты:
tuiakbaev-injenerlik-geodezia

44-сурет.
Дробышев сызғышы
Тік төртбұрыш төбесінен бастап олардың қабырғалары бойы-
мен 10 
см
кесінділерді белгілейді де, оларды келесі беттегі қарсы 
нүктелерімен қоссақ, координаталар торының жүйесі шығады. 
Əр тор қабырғаларының, диагональдарының ұзындықтарын бір-
бірімен салыстыра отырып, өлшегіш циркуль жəне масштабтық 
сызғыштың көмегімен тексереді.
Координаталық торды Ф. В. Дробышев сызғышы арқылы 
құру
. Металдан жасалған Ф. В. Дробышев сызғышы іс жүзінде көп 
қолданылады. Бұл сызғыштың екі түрі бар: үлкенінің ұзындығы 
100 
см
жəне кішісі 70,711 
см
. Біріншісі қабырғалары 80х60 
см
шаршы құруға, ал екіншісі 50х50 
см
координаттық шаршы тор 
құруға арналған.Үлкен сызғышты құру 60

+ 80
2
= 100
2
см
, ал 
кішісі – 50
2
+50
2
= 70,711
2
см
қатынастарына негізделген.
Дробышевтің кіші сызғышының құрылысын қарастырайық 
(44-сурет). Сызғыштың шеттері қиғаш кесілген алты төртбұрыш 
тесігі бар, əр төртбұрыштың арасы 10 
см
. Бірінші тесіктің шеті 
түзу кесілген де, қалғандарының шеттері, радиустары 10, 20, 
30,…,70,71 
см
шеңбер доғасы іспеттес қиғаш кесілген.
АВСD
тік бұрышын құру жəне əрі қарай қабырғалары 10 
см
шаршыға бөлу үшін сызғышты қағаз үстіне, шетінен 3-5 
см
кейінірек салып, қағаз шетіне параллель 
АD
түзуін қаламмен 
жүргізеді (45-сурет). Осы сызық үстіне қиғаш кесілген тесік орта-
сын сəйкестіріп салады да, əр тесіктің шетін доға бойымен қысқа 
үзік сызықтармен жүргізеді, сонда доғалар 
А, 1, 2, 3
жəне 
D
пайда 
болады. Сызықтың қысқа үзік сызықтармен қиылысқан тұстарын 
жайлап шаншып белгілейді. Əрі қарай сызғышты 
АD
сызығына 
перпендикуляр 
АВ
жағдайына қояды жəне нөлдік индекс штри-
хын көлденең сызықтың нөлдік штрих индексімен дəл келтіру 


92
керек.
Тесіктердің қиғаш кесілген доғасымен 
штрихтар жүргізеді, сонда 
А, I, II,
жəне 
В
штрихтары пайда болады. Осыдан кейін 
сызғышты 
ВD
гипотенуза бойымен, 
яғни бірінші тесіктің нөлдің штрихы 
В
штрихымен, ал бесінші тесіктің шеті 
D
штрихымен дəл келулері керек. Осы 
жағдайда 
В
жəне 
D
доғаларын сызады. 
Нəтижесінде 
А
нүктесінде тік бұрышты 
үшбұрыш 
ВАD
құрылады. Осын-
дай ретпен 
ВD
гипотенузасы жəне екінші 
С
нүктесі үстінде тік 
бұрышты 
ВСD
пайда болады. Қарсы беттегі өзіне сəйкес штрих-
тарды түзу сызықтармен қоссақ, дециметрлік координаталар торы 
құрылады. Əр шаршының диагональдарын өлшеп, оның дұрыс 
құрылғандығына (салынғанын тексереді) көз жеткізеді. 
Нүктелерді координаталары арқылы планға салу.
Керекті шар-
шы ішінде, берілген масштабата 
х
мəнін шаршының екі жағынан 
өлшеп, белгі салады; əрі қарай 
у
мəнін шаршының төменгі 
жəне жоғарғы негіздері (табандары) үстінде белгілейді. Шаршы 
қабырғаларындағы белгіленген нүктелерді қосқан сызықтардың 
қиылысқан нүктесі, іздеп отырған нүктенің орны болып санала-
ды. Салыну дұрыстығын, іргелес нүктелердің арақашықтықтары 
арқылы тексеріп отырады. Теодолиттік жүріс төбелерінің орында-
рын жеңіл шаншып белгілеп, қаламмен айналдыра дөңгелектейді 
(радиусы 1,5 
мм
).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   153




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет