§ 8.2 Геометриялық нивелирлеу əдістері Геометриялық нивелирлеу, көздеу осінің жазықтығын қамта-
масыз ететін нивелир аспабы жəне биіктігі анықталмақшы
нүктелердің үстіне тік орнатылған рейкалар арқылы іске асады.
Нивелир аспабымен рейканың бір-біріне қарағандағы орналасу-
ларына сəйкес, нивелирлеу екіге бөлінеді: «ортадан» жəне «алға»
нивелирлеу.
Ортадан нивелирлеу . Бұл жағдайда нивелир
А жəне
В нүкте-
лерінен бірдей қашықтықта, яғни екі нүктенің ортасына орнаты-
лады (46-сурет). Егер
А нүктесінің абсолюттік биіктігі белгілі бол-
са, соңғы
(З) жəне алдыңғы
(П) екі нүктенің үстіне орнатылған
рейкалардан алынған есептерді пайдалана отырып, төмендегідей
жазуға болады,
h = З – П; ⎫
⎬
⎭
(88)
Н В =Н А +h. Яғни,
екі нүкте арасындағы өсімше соңғы (З) жəне алдыңғы (П) рейкалардан алынған есептердің айырмасына тең болады. Өсімше
оң (+) жəне теріс (
– ) мəнді болып келеді. Мысалы,
В нүктесінен
А нүктесіне қарай бағытталған жүрісте
h теріс (
– ) мəнді.
Нүктелердің биіктігін аспап деңгейі (ГИ) арқылы анықтау
жиі кездеседі жəне де жеңілірек. Аспап деңгейі (ГИ) дегені-
міз – көздеу осінің деңгейлік беттен биіктігі, ол келесі формула-
мен анықталады,
ГИ = Н А +З; ⎫
⎬
⎭
(89)
Н А = ГИ – З.
96 Яғни,
аспап деңгейі (ГИ) соңғы нүктенің биіктігіне, осы нүктенің үстіне қойылған рейкадан алынған есепті қосқанға тең.