93
VIII тарау
ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ НИВЕЛИРЛЕУ
§ 8.1 Нивелирлеу туралы түсінік. Нивелирлеу түрлері
Нивелирлеу деп өлшеу нəтижесінде екі немесе бірнеше нүк-
телердің бір-бірінен өсімшелерін (биіктігін немесе төмендігін)
анықтауды айтады. Бір нүктенің абсолюттік биіктігі (деңгей
беттен биіктігі) белгілі болса, сол арқылы басқа нүктелердің
абсолютті биіктіктерін нивелирлеу (нивелир аспабын пайдалана
отырып) арқылы оңай табуға болады. ТМД елдерінде абсолюттік
биіктік ретінде Кронштадт футштогінің нөлі алынған. Бұл нөлдік
шама көп жылғы бақылау нəтижесінде белгіленген.
Осыған дейін сызықтық жəне бұрыштық өлшемдер арқылы
нүктелердің пландық (жазықтықтағы) орындарын анықтау сұ-
рақтары қаралды. Бірақ та инженерлік құрылыстарды жобалау
немесе құрылыс-монтаждау жұмыстарын
геодезиялық жұмыс-
тармен қамтамасыз етуде нүктелердің пландық орындарын ғана
анықтау (білу) жеткіліксіз. Ұзынабойлық трассаның (темір жəне
авто жолдар, əртүрлі каналдар, электр, байланыс желілері, т.т.)
профиліндегі нүктелердің өсімшелері арқылы ғана, сол трассаны
көзге елестетуге болады, яғни трассанының сипаттамасын, онда
істелетін, істелген жұмыс көлемін көрнекі түрде байқай аласыз.
Сондықтан нивелирлеу жұмысы
ғимараттар мен құрылыстарды
жобалау жəне салу кездерінде, олардан ажыратуға болмайтын
маңызды геодезиялық жұмыс түріне жатады.
Биіктік өсімшесінің қандай əдіспен анықталуына байланыс-
ты, нивелирлеу бірнеше түрге бөлінеді: геометриялық, три-
гоно
метриялық, физикалық, механикалық жəне стерофо
тограм-
метриялық нивелирлеу əдістері.
Геометриялық нивелирлеу
. Геометриялық
нивелирлеу жақын
екі нүктенің бір-бірінен биіктігін, аспаптың жазық көздеу осі
арқылы анықтау болып саналады. Барлық нивелирлеу түрлеріне
қарағанда геометриялық нивелирлеу ең дəлірегі. Бұл нивелирлеу
түрі жер бетін тік жазықтықта түсіруде, ізденіс жұмыстарында,
жобалауда жəне əртүрлі инженерлік құрылыстарды салуда, құ-
94
рылыс конструкцияларын, технологиялық жабдықтарды, с.с. мон-
таждау (құрастыру) кездерінде кеңінен қолданылады.
Тригонометриялық (геодезиялық) нивелирлеу.
Бір-бірінен
биіктігі анықталмақшы екі нүкте, арақашықтықты жəне
осы екі
нүкте арасындағы көлбеу бұрышты өлшеу арқылы, сол екі нүкте
арасындағы өсімшені анықтау болып табылады. Тригонометрялық
нивелирлеу жер бетінің бедерін (рельефін) түсіру үшін, сол
аймақтағы биіктік түсіру негіздерін құру кездерінде пайдаланы-
лады. Сонымен бірге тригонометриялық нивелирлеудің дəлдігі,
құрылыс-монтаждау жұмыстарын геодезиялық жұмыстармен
қамтамасыз етуге де жарайды.
Физикалық нивелирлеу
барометрлік, гидростикалық жəне
радиолокациондық болып үш түрге бөлінеді.
Барометрлік нивелирлеу
кезінде нүктенің абсолюттік биіктігін,
атмосфераның қысымын əртүрлі
барометр аспаптарымен өлшеу
арқылы табады. Барометрлік нивелирлеу дəлдігі жағынан геоме-
триялық, тригонометриялық нивелирлеулерден төмен (нивелир-
леу қатесі 1–2
м
жетуі мүмкін). Сондықтан барометрлік нивелир-
леу əртүрлі шолу, бақылау (рекогносировка) жұмыстары кезінде
қолданылады.
Гидростатикалық нивелирлеу
бір-біріне жалғасқан екі түтік
(құбыр) ішіндегі сұйық деңгейлерінің айырмасын анықтауға
негізделген. Арнаулы жабдықпен жəне ыңғайлы жағдай туғызған
кезде гидростатикалық нивелирлеу үлкен дəлдікті береді. Техно-
логиялық
жабдықтарды орнату, əртүрлі ғимараттардың шөгуін
анықтау кездерінде гидростатикалық əдіс жұмысты анағұрлым
тездетуі мүмкін.
Радилокациондық нивелирлеу
кезінде нүктелердің абсолюттік
биіктіктерін ұшу аппаратарының (ұшақ, тік ұшақ, жер серігі, ауа
шарлары, т.т.) ішінде орналасқан радиолокациондық аспаптардың
көмегімен анықтайды.
Бұл нивелирлеуді
аэрорадионивелирлеу
деп атайды. Нивелирлеу дəлдігі жоғары емес, орташа ойлы-қырлы
жерлерді нивелирлеуде ± 5 – 10
м
қателік жіберуі мүмкін.
Механикалық нивелирлеу
кезінде арнаулы аспаптың көмегімен
жер бетінің профилін механикалық əдіспен салып отырады. Бұл
аспапты велосипедте, автомобилде, жəне сондай көліктерде ор-
натылуы мүмкін.
Көлікті жылжыту кезінде, оған орнатылған
аспап арақашықтықты, биіктікті есепке ала отырып, жер беті-
95
нің профилін қағазға түсіреді. Бұл нивелирлеу түрі көбінесе
ізденіс жұмыстарында жəне темір жолдарды тексеру кездерінде
қолданылады. Нивелирлеу дəлдігі 1
шқ
жүріске ± 0,2 – 0,3
м
.
Стереофотграмметриялық нивелирлеу
кезінде жер бетінің
аспаннан немесе жер бетінен түсірілген
егіз екі суреті арқылы
жазық координаталарымен бірге салыстырмалы биіктіктерін
анықтайды. Бұл нивелирлеу түрі аэрофото жəне фототеодолиттік
түсіріс нəтижелері негізінде топографиялық пландар жəне карта-
ларды жасауда кеңінен қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: