104
ортадан нивелирлеу əдісінде ни-
велир мен рейкалардың арақа
шық-
тықтығы тең болмаса да,
жұмыс
істей беруге болады. Бұл ерек шелік
құрылыс алаңдарында, құрылыс
құрамабітімдерін (констру цияларын)
жəне технологиялық жабдықтарды
монтаждау кездерінде өте қолайлы.
НС
типті нивелирлердің тексе-
рулері. Бұл типтегі нивелирлердің
тексерулері келесі шарттарды қамтиды.
1. Цилиндрлік деңгейлердің осі, нивелирдің айналу осіне
пер
пендикуляр болуы керек.
Бұл тексеруді НТ нивелирінің
тексеруіндегідей іске асырады.
Екінші деңгейдің көпіршігін
түзету бұрандалары арқылы бірінші деңгейге қарап түзетеді.
2. Жіп торы дұрыс орнатылуы керек
. Бұл тексеру НВ-1, Н3
нивелиріндегі түзету жолдарымен іске асады.
3. Көздеу сызығы жазық жазықтықта жатуы керек.
Бұл
негізгі тексеру екі қайталап нивелирлеу əдісімен НВ-1, Н3
нивелирлеріндегідей орындалады.
Мұндай өздігінен көздеу осьтері қалыпты жағдайға келетін
нивелирлерге шетел аспаптарын да жатқызуға болады, олар –
Германия фирмалары «Карл Цейсс», «Иена» шығаратын Сопi 007
жəне Ni 025 нивелирлері.
Сопi 007 нивелирінде көздеу осьтері қалыпты жағдайға ±
10 минуттық көлбеулік шамада, маятникті
компенсатор арқылы
келтіріледі. Көру дүрбісі – перископтық, тура бейнелі. Нивелирдің
шыны лимбі бар, одан есеп окулярдың астына орналасқан
микроскоп арқылы алынады.
Ni 025 нивелирінде көздеу осьтері
қалыпты жағдайға оптико-
механикалық компенсатор арқылы жазық жағдайға келтіріледі.
Компенсатор, линзалар жүйесі ретінде жасалған, бір линза
корпусқа бекітілген, ал екі тік бұрышты призмалар екі-екіден
бір-бірімен айқасқан сым-темірге ілінген жəне
ауалы демфермен
жабдықталған.
Компенсаторлы нивелирлерді Япония, Швеция, Чехия сияқты
елдерде де шығарады.
Достарыңызбен бөлісу: