116
Əртүрлі масштабты қолданылатын себебі, трасса бойының ұсақ
ойлы-қырлы жерлері жəне трасса бойындағы құрылымдар анық
көрініп, көрнекі болуын арттырады. Үлгі үшін канали зацияның бір
бөлігі,
58
-құдықпен
А
нүктесі арасындағы
ұзына бойлық профилін
қалай салатындығын қарастырып көрейік (57-сурет).
Миллиметрлік қағаздың төменгі жағынан жоғары қарай
6 – 7
см
қалдырып, қара түсті, жуан емес сызық жүргізеді.
Осы сызыққа параллель, əртүрлі енді жеті сызық сызады, бұл
сызықтарға керекті жазулар жазылады.
1-жолаққа (строка), трассаның канализациялық коллекторға
қай жерде қосылатыны көрсетілген құдықтың тəсімі салына-
ды. 2-жолаққа, канализациялық құдықтардың типтері,
яғни не-
ден жасалғанына жəне жалғасу тəсіміне байланысты бір-бірінен
конструкциялық ерекшеліктері көрсетіледі. 3-жолаққа канали-
зация трассасының бекеттерін көрсетеді. Мұнда сонымен бірге
қысқартылған («рубленные») бекеттер, яғни 100
м
жетпейтін
нүктелер көрсетілуі мүмкін. Мұндай бекетті профиль үстіне мас-
штабсыз салады, себебі басқа бекеттердің орналасу реті өзгеріп
кетеді. Дегенмен, профиль үстінде
қысқа бекетке, бүтін бекет-
тер сияқты 100 метрлік арақашықтық беріледі. Ал оның нақты
ұзындығын профиль үстінде көрсетеді.
4-жолаққа, құдықтар арасындағы жəне айтулы нүктелердің
қашықтықтарын көрсетеді. Бұл арақашықтардың қосындысы
тексеріс ретінде 100
м
тең болуы керек. 5-жолаққа, нивелирлеу
нəтижесінде табылған жер бетінің биіктіктері («қара биіктіктер»),
бекеттердің жəне плюстік нүктелердің биіктіктері өз тұстарына
жазылады. Бұл биіктіктерді, нивелирлеу
журналынан метрдің
жүздік шамасына дейін дөңгелектеп көшіреді. Профильдің тік мас-
штабында биіктіктерді салу үшін, əр бекет, əр плюстік нүктелері,
сонымен бірге құдықтардың центрі арқылы ұзынабойлық профил-
дің жазық сызықтарына перпендикуляр сызық жүргізеді. Мұнда
соңғы сызықтан (шартты деңгей сызығынан) бастап, берілген
тік масштабта, əр нүктенің биіктіктерін (5-жолақтағы) шаншып,
белгілейді (немесе қаламмен). Əрі қарай осы нүктелерді қосса,
трассаның профильі шығады. 6-жолаққа, жаңа канализациялық
трассаны жобалау кезінде керекті
немесе жұмыс істеп тұрған
құбырдың профилін салу үшін, құбыр ішінің су ағар биіктігін (от-
метка лотка трубы) жазып отырады.
117
7-жолаққа, трассаның көлбеулігін метрдің мыңдық шамасын-
да (про-милмен) көрсетеді. Мұнда көлбеуліктің өзгеруі трасса-
ның кез келген жерінде емес, құдықтар арасында ғана болады.
Ұзынабойлық профильдің 1– 7-жолақтары қосымша сипатта-
малармен толықтырылып отырады: құбыр қандай материалдан
жасалған, диаметрі, құбырдың
басқа жер асты тораптарымен
(коммуникациялармен), авто жолдарымен жəне т.б. қиылысулары;
профиль сызбасы əртүрлі ескертулермен, шартты белгілермен
жəне басқа да берілімдермен қоса беріледі.
Профильге жобалық сызықты салу
. Профиль үстінде жо-
балық сызықты, берілген көлбеулікте қызыл түспен жүргізеді.
Көлбеулікті есептеу кезінде трасса бойындағы қазып алыну-
шы жер көлемімен, толтырылмақшы
жер көлемі жобамен тең
болғанын еске ала отырып жобалайды. Есептеудің реті төменде
берілген.
Айталық, ПК 5 пен ПК 7 арасында (57-сурет) автомобиль жо-
лының трассасы бар.
NQ
жобалық көлбеу сызығын профильге
салу үшін, бастапқы нүктенің биіктігін (қызыл биіктігін) жəне
жобалық көлбеуліктің шамасын білуіміз керек. Айталық, ПК 5
қызыл биіктігі 42,04
м
жəне ПК 5-тен ПК 7 дейінгі көлбеулік
i
=
0.02. Онда ПК 6 қызыл биіктігі төмендегідей есептеледі:
Н
6
=Н
5
+ h = Н
5
+ d·tqγ = Н
5
+ di.
(101)
(100) формулаға мəндерін қойсақ,
Н
6
=
42,04+(100·0,02)
=
44,04
м.
Достарыңызбен бөлісу: