84
■
Электр сигналдары айтарлықтай қашықтыққа тез жетуі мүмкін, ал
датчиктер технологиялық құрылғының кез келген қол жетімі қиын
жеріне орналастырыла береді;
■
Электр сигналдары мың есеге жылдам арта алады, яғни,
технологиялық параметр мәнін
өлшегіш аппаратурасының
сезгіштігін мәң есеге арттыруға болады;
■
Электр дабылдары аз инерцияны иеленген, бұл оған уақыт
кезеңіндегі жылдам өзгеріп отыратын
парметрлерді қадағалап
отыруға және шынайы өмірде автоматты жүйе жұмысының жоғары
жылдамдығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді;
■
Электр дабылдары кең таралған технологиялық құралдырдың
көпшілігімен жұмыс жасауға ыңғайлы, олар: күшейткіштер,
коммутаторлар, электр қозғалтқыштары, электрмагнитті реле және
басқалары.
Электрлі емес параметрлерді электр қозғаушы күшке
айналдыратын (ЭҚК)
датчиктер, электр кернеуі немесе токтар
генератор
немесе
белсенділер
деп аталады. Олар өздерінің жұмыстары
үшін сыртқы электр энергиясы көзін қажет етпейді,
себебі бұл
энергияны олардың өздері шығарады, нақтырақ айтқанда,
шығыс
дабылдарын жасау үшін құрылғының немесе процестің энергиясын
пайдаланады және параметрлерін сигналдарға айналдырады. Бұл
дачиктармен электр энергиясына айналған механикалық, жарық, жылу
немесе басқа да энергиялар болуы мүмкін.
Басқа датчиктерде электрлік емес энергияның өзгеруі сол датчиктің
өзінің қандай да бір электр параметрлерінің өзгеруіне алып келеді
(
оның
кедергісі, электр сыйымдылығы, индуктивтілігі және т.б.).
мұндай датчиктер
параметрлік
немесе
пассивті
деп аталады. Олар
электр энергиясының сыртқы көзінде шығыс дабылын жасау үшін
керек.
Датчиктердің қандай да бір мақсатқа
жарамдылығын анықтайтын
негізгі сипаттамасы болатындар:
■
түрлену функциясы;
■
сезімталдық;
■
қателік;
■
сызықты еместік;
■
инерциялығы және басқалары.
Датчикке тек шектеулі диапазонда ықпал жасайтын кез келген
сипаттамалар жарамды (мысалы, температура датчигі ыстықтан өзінің
еріп кетуі мүмкін жағдайда қалыпты жұмыс жасай алмайды)
85
Датчик үшін сипаттамасының мәні кепілдендірілген түрленген
параметрлердің өзгеріс диапазоны датчиктің
Достарыңызбен бөлісу: