МЕКТЕП ЖАСЫ ЖӘНЕ БІЛІМ БЕРУДІҢ
ПСИХОГИГИЕНАЛЫҚ АСП ЕКТІСІ
Бұл жастағы балаларды тәрбиелеу мәселесінің маңыздылығы кішкентай
баланың тәрбиесінен кем түспейді. Бірінші орынға жүйелі білім беру қойылады,
сондықтан балаларды тәрбиелеу осы үрдіске қатысты болады. Білім беру пси
хогигиенасы мәселелерін оңтайлы шешу мынадай жағдайларды қажет етеді:
• баланың оқуға ынталы көзқарасы, оқитын материалына қызығуы және
жетістіктерге қол жеткізгендегі қанағаттану сезімі;
• оқудың жүйелілігі және үнемі жүргізілу сипаты;
54
IV Тарау. Психогигиена
• баланың психологиялық қабілетіне оқу жүктемесінің және талаптарының
сәйкес келуі;
• отбасында және мектепте психологиялық жайлылықтың болуы, балалар
мен оқытушылар арасындағы жақсы, формальды емес қарым-қатынас;
• қатаң күн тәртібі, біркелкі еңбек және демалыс режимі болу керек;
• оқушының психофизиологиялық ерекшелігін ескере отырып, оның ой
және физикалық жүктемесіне дұрыс болжам жасау қажет;
• ұйқы режимі дұрыс болуы қажет;
• темекі шегу, арақ және наркотиктерді пайдалану мүмкіндігін болдырмау;
• отбасы мен мектеп арасында тұрақты байланыс қажет.
Осы шарттарды ұстану психикалық үрдістің сәтті дамуына, тұлғаның
үйлесімді дамуына ықпал етеді.
ОТБАСЫ ЖӘНЕ ЖЫНЫСТЫҚ ӨМІР ПСИХОГИГИЕНАСЫ
Отбасы адамның шығармашылық мүмкіндігін ашады және қоғамға пайда-
лы іс-әрекетін күшейтеді немесе оның инициативасын тойтарып, моральды
түрде қажытуы мүмкін. Неке бақытты болу үшін рухани ж әне ф изикалық
жақындық үйлесімді бірлікте болуы керек. Социалистік қоғамдық және мем-
лекеттік құр^ілым жанұяның мықты және бақытты болуы үшін қолайлы жағдай
жасайды. Кейбір некеге отырғандар айырылысып кетуінің себебі олардың не-
кеге дайын еместігінен болады. Айырылысудың негізгі себебі — түсініспеушілік,
үй шаруашылығын жүргізе алмау, бос уақытты дұрыс ұйымдастырмау және
жұбайлардың бірінің маскүнемдігі, жыныс қатынасынан, білім жетіспеушілігінен
қанағаттану сезімінің болмауы, отбасында ж әне жыныстық қатынаста тең
құқылы болмау және т.б. болып табылады. Отбасындағы кикілжіңдер әсерінен
жұбайлардың өздері ғана емес, балалары да зардап шегеді. Соның әсерінен
балаларында невроз дамуы мүмкін.
Адамның денсаулығы мен әлеуметтік функция атқаруы үшін отбасындағы
жайлы психологиялық климаттың маңыздылығы, ажырасудың жиілеуі мен
отбасылық-жыныстық үйлесімділіктің бұзылуы салдарынан психикалық жарақат
нәтижесіндегі невроздармен және реактивті психоздармен зардап шегетіндер
саны ны ң артуы, осындай жағдайларда ғылыми негізделген медициналық
ұсыныстар берудің қажеттілігі отбасы және жыныстық өмір мәселелеріне аса
көңіл аударуға негіз болды.
Соңғы уақыттарда отбасылық және жыныстық қарым-қатынастарды мо-
дельдеуге, болжауға және дұрыстауға талпыныстар жасалды. 5 некелік фактор
арақатынасымен таныстырылған жұбайлар арасындағы әрқилы қарым-
қатынастар концепциясы құрылды, олар: физикалық фактор (ФФ), материалдық
фактор (МФ), мәдени фактор (МФ), жыныстық фактор (ЖФ), психологиялық
фактор (ПФ).
Нақты формула арқылы неке потенциалын анықтаймыз. Егер неке фактор-
лары отбасыны нығайтуға басым бағытталса, онда некелік потенциал оң көрініс
береді, кері жағдайда теріс болады. Теріс неке потенциалында отбасылық
байланыс және жыныстық қатынас бұзылады. Отбасылық қарым-қатынастың
Отбасы және жыныстық өмір психогигиенасы
55
үйлесімді дамуы үшін жетілген тұлға, ересек пікір және эмоционалды қатынас
қажет.
Үндестікте қалыптасқан отбасы уақыт өте келе берік шаңыраққа айналады,
ал үйлесімі бұзылған отбасы емдік көмексіз ажырайды. Ажырасуға әйел және
ер адамның табиғи, биологиялы қ детерминирленген ж ы ны сты қ сәйкес
келмеушілігі әкелуі мүмкін. Ер адамның сексуалдылығы қалыпта 30 жас ша-
масында тұрақталады, ал кешірек төмендейді. Әйелдердің сексуалдылығы бала
тууға қабілетті жаста үздіксіз көтеріледі, ал кейде оның соңына қарай қозады.
Эмоциялы қ тұрақсыз адамдарда осы тәрізді конфликтілі жағдайлар оның
психикалық жағдайына патогенді әсер етеді.
Осы сұрақтарды арнайы талдау нәтижесінде неке, некеге отыру ж әне
отбасылық қарым-қатынасты дамыту өте күрделі үрдіс екені анықталды. Осы
үрдістер — эпизодты түрде, кейде дисгамма жағдайында жүйелі түрде компе-
тентті мамандармен бірлесіп (сексопотологпен, психологпен, психиатрмен,
социологпен), жұбайлардың отбасылық мәселелерін түсіну дәрежесіне қарай
басқарылып отыруы қажет.
Отбасылық қақтығыстарды болдырмау үшін некеге алдын ала түпкілікті
дайындық қажет. Мұның қатарына жүкті әйелдің денсаулығын қорғау, жүктілік
кезіндегі патологиямен күрес, балалардың психофизиологиялық дұрыс даму-
ын ж әне тәрбиесін қамтамасыз ету, некеге тұрушыларды арнайы дайындау
жатады. Ф изикалық жарақаттар, уланулар, жүкті әйелдің соматикалық және
инфекциялық аурулары әсерінен ұрық мүшелерінің үйлесімділігі мен дамуы
бұзылады, соның әсерінен сексуалды патология және репродуктивті қызмет
бұзылысы бақылануы мүмкін. Болаш ақ баланың денсаулығы жүктіліктің
бары сы на байланысты. Босану кезіндегі ж арақаттар әсерін ен м иды ң
органикалық зақымдануы, инфантилизм, психопатизация, эндокринопатия
болуы мүмкін, осылардың барлығы некенің толыққанды дұрыс дамуына кері
әсер етеді.
Балаларды тәрбиелеу оның жыныстық рөлін ескере отырып жүргізілуі керек:
ұл балаларда еріктік қасиеттерді жоғарылату; ер адамға тән күш-жігер, батылдық,
ал қыз балаларда әйелге тән нәзіктік. Кері жағдайда психосексуалды даму
бұзылыстары орын алуы мүмкін.
Некеге тұруға дайындық, ең алдымен, міндетті түрде м едициналы қ
куәландыруды қажет етеді. Ол жүргізілмеген жағдайда неке тіркелгеннен кейін
интимді жақындықты және ұрпақ жалғастыруды мүмкін емес ететін анатомиялық,
физиологиялық туа пайда болған немесе жүре пайда болған ақаулар мен ано-
малиялар, әр түрлі соматикалық және психикалық аурулар анықталуы мүмкін.
Н еке құрушылар сексологтың, гинекологты ң ж ән е урологтың кеңесін
тыңдағандары дұрыс. Болашақ жұбайлардың неке мен отбасыға байланысты
мәселелері бойынша қандай да бір минималды сауаты болуы керек: қоғамдағы
отбасы рөлін, жыныстық өмір мен қатынастың гигиенасы жөнінде, балалар
күтімі мен тәрбиесі жөнінде, отбасында жайлы климат құру, үй шаруашылығын
жүргізу жөнінде және т.б. Біздің елде отбасы мен некеге байланысты сұрақтар
бойынша ғылыми негізделген ұсыныстар ғылыми зерттеу және емдеу мекемелері
тарапынан жасалады.
56
IV Тарау. Психогигиена
Невроздар мен психопатиялар кезінде психотерапияны кең қолдану және
оның психопрофилактикаға ж әне адамның әлеуметтік реадаптациясына
бағытталуы нәтижесінде отбасылық психотерапия ұғымы пайда болды.
Психотерапияның негізгі мақсаты — отбасындағы бұзылған қарым-қатынасты
дұрыстау. Отбасыішілік қарым-қатынас бұзылысы патологияның бір түрі ретінде
қарастырылады, ең алдымен, дұрыс квалификациялануы керек. Отбасылық
жыныстық дисгармонияны анықтау үш деңгейде іске асырылады: бейнелік,
генетикалық және динамикалық. Бейнелік деңгейде жанұялық патология сим-
птомдары анықталады (жыныстық сәйкессіздік, ұрыс-керіс, алкоголизм,
невроздық бұзылыстар, психосоматикалық бұзылыстар). Генетикалық деңгейде
жұбайлық қарым-қатынас эволюциясы қаралады, некенің бұзылуының себебі
анықталады (ерте некелесу, кездейсоқтық, некені өткен өмірінің конфликтілерін
ұмытуда қолдану). Динамикалық деңгейде ең негізгі конфликт анықталады,
оларды шешу тәсілдері анықталады, өзара бірін-бірі толықтыруға, жаңа
отбасылық рөлдерге бейімделуге қабілеттілік және қабілетсіздік анықталады.
Тексеру үрдісінде отбасының әр мүшесінің тұлға болып қалыптасу жағдай-
лары зерттеледі және отбасындағы келіспеушілік себептері толығынан ашыла-
ды, тәрбиелеу жұмысы, медико-педогогикалық түзетулер жүргізіледі. Қажет
болса, басқа да мамандар қатыстырылады, соматикалық, эндокринді, сексуал-
ды бұзылыстарды емдеу шаралары, психоформакологиялық және психикалық
бұзылыстардың қажетті емі жүргізіледі.
Қоғамның даму қарқынына қарай отбасылық қарым-қатынастар, отбасы
дәстүрі мен ұстанымдары, отбасыішілік байланыс түрі өзгереді. Қоғамда,
өндірісте әйелдердің рөлі айқын өзгерді. Әйелдер эмансипациясы оларды тең
құқ^ілы, тәуелсіз, белсенді және интеллектуалды етті. Бұл әйелдің отбасындағы
рөліне әсерін тигізді, отбасылық және жыныстық қарым-қатынастағы жұбайына
деген талаптың өсуіне алып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |