Оқулық Ѳнделген ж әне толықтырылған 2-басылым


VIII Тарау ПСИХИКАЛЫҚ БҰЗЫЛЫСТАР



Pdf көрінісі
бет53/343
Дата02.12.2023
өлшемі11,02 Mb.
#194683
түріОқулық
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   343
Байланысты:
Sarsembaev-K.T.-Kn.-Psihiatriya

VIII Тарау
ПСИХИКАЛЫҚ БҰЗЫЛЫСТАР 
СИМПТОМДАРЫ
ПСИХИКАЛЫҚ ҮРД ІСТЕРД ІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ 
ЖӘНЕ ОНЫҢ БҰЗЫ ЛЫ СЫ НЫ Ң БЕЛ ГІЛ ЕРІ ЖӨНІНДЕ 
ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР
.
Психикалық үрдістердің көмегімен біздің санамызда бізден тыс және бізге 
бағынышсыз обьективті шындық бейнеленеді — қоршаған орта мен біздер осы 
шындықтың бөлігі болып саналамыз. Психикалық үрдіс арқасында әлемді 
танимыз: сезім мүшелерінің көмегімен қабылдау акты бойынша заттар мен 
құбылыстарды санамызда бейнелейміз; ойлау үрдісі арқылы заттар мен 
құбылыстардың арасындағы байланыстарды, нақты заңдылықтарды білеміз; 
есте сақтау үрдісі арқылы осы ақпараттар бекітіледі, одан әрі таным дамуына 
ықпал етеді. Осылайша қабылдау, ойлау, есте сақтау 
таным урдістерін
құрайды. 
Сыртқы дүниеге және ондағы барлық өзгерістерге біздің көзқарасымыз — 
эмо­
ция
психикалық қызметтің бөлігі болып саналады. Психикаға ерікті құбылыстар 
жатады: зейін, тілек, әуестік, мимика, пантомимика, адамның жеке және толық 
іс-әрекеті. Күрделі психикалық үрдістердің құрылымдық элементтері және бір 
мезгілде әлемді бейнелеу сатылары да осындай.
Таным динамикасын сипаттайтын осы кезеңдерде психология ғылымында 
психикалық акт ретінде зерттелген категориялармен сәйкестікті табуға болады. 
Бұл, ең алдымен, қоршаған ортаны «шынайы пайымдау» немесе танымдық 
сезім заттар мен құбылыстарды ж анама немесе сезімдік тану, заттар мен 
құбылыстарды тікелей қабылдау; сонымен қатар, «абстрактылы ойлау» немесе 
айналадағыны рационалды тану; ең аяғында адам қызметі, таным дұрыстығы 
критерийі ретіндегі «тәжірибе» болып табылады.
Бейнелеудің ең жоғарғы формасы — 
сана
деп аталады.
Сана дегеніміз — адамның психикалық қызметінің арнайы формасы. Ол 
адамдар арасындағы қарым-қатынаспен, адамның әлеуметтік болмысымен 
детерминирленген.
Психикалық үрдістердің даму ерекшеліктері, олардың күші, қозғалғыштығы, 
бағыты әрбір адамның биологиялық қасиеті мен әлеуметтік тәжірибесімен 
анықталады. Адамдағы биологиялық ж әне әлеуметтік арақатынас біртұтас, 
қайталанбас жеке тұлғаны құрайды. Тұлға мінез-құлық, темперамент, қабілет, 
ұстанымдарды сипаттайды.
Қалыпты жағдайда психикалық дені сау адамның барлық психикалық 
үрдістері үйлесімді түрде байланысты, қорш аған ортаға адекватты ж әне


112
VIII Тарау. Психикалық бұзылыстар симптомдары
айналадағы болып жатқан оқиғаларды дұрыс бейнелейді. Психикалық ауру- 
ларда бұл байланыстылық бұзылады, жеке психикалық акт зардап шегеді не- 
месе патологиялық үрдіс психикалық қызметті түгел қамтиды. Өте ауыр 
психикалық аурулар адамның тұлғалық қасиетін бұзады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   343




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет