«Педагогика, дефектология» кафедрасы


Нақты кәсіби жағдайдың талдау әдісі



бет51/64
Дата05.12.2022
өлшемі1,31 Mb.
#161228
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   64
Байланысты:
ЖОО психол ОӘК 21-22
42 сабақ 1 курс үй жұмысы, Психология 11 апта 2 тапсырма, Еңбек психологиясы (2), 5 бжб 3 т
Нақты кәсіби жағдайдың талдау әдісі дегеніміз – оқытушының студентке психолог іс-әрекетінің белгілі бір аспектісін сипаттайтын шынайы бір жағдайды ұсынуын білдіреді.
Содан соң бірлесіп талдау барысында қарама-қарсы шешімдер үлгіленіп, олардың ішінен қолайлы келетіндері талданады.
Мақсаты – төменде берілген міндеттерді шешуді қамтамасыз ететін кәсіби білімді меңгеру:
1. Кәсіби жағдайды суреттеу;
2. Оның мәнін түсіну (мәселенің туындау себебі, қатысушылар мінез-құлқының мотивациясы т.б.).
3.Шешім қабылдау дағдысын қалыптастыру. Мұндай ойын жағдайларына жататындар:
- «Шиеленіс» жағдайы, оның мақсаты – кеңесшінің шиеленіс жағдайында шешім қабылдауына қатысты әрекеттерін өңдеу болып табылады;
- «Кеңес беру» үрдісі, кеңес беру үрдісінің сатыларын суреттеу мен меңгеруге арналған;
- «Жанұядағы ұрыс» жағдайы, мақсаты – конструктивті және конструктивті емес ұрыс арасындағы айырмашылықты анықтау
Менеджмент психологиясы мамандығы үшін:

  • «Жарнама» жағдайы, жарнаманың сапасына арналған;

  • «Жұмысқа қабылдау» жағдайы, мақсаты – қалауды және диагностикалау әдістерін анықтау.

Клиникалық психология мамандығы үшін:

  • «Клиникадағы әңгімелесу», мақсаты - әдісті, оның ерекшеліктерін және психолог мінез-құлқын көрсету.

  • «Дәрігердің қабылдауындағы» жағдай. Пациенттің сөзімен галлюцинация суреттеледі. Мақсаты – елестер түрін меңгеру;

  • «Диагноз» жағдайы (артикуляцияның бұзылуы). Мақсаты – зақымданулар белгілерін анықтау (Каган, 1999, 666 бет).

Рөлдік ойындар


Рөлдік ойында тұлға: шынайы және шартты (ойындық) сияқты екі жоспарда болады.
Студент рөлдік ойын көмегімен кәсіби және әлеуметтік қатынастарды ойнайды, өз бетінше шешім қабылдауға үйренеді.
Әдетте, бұл орындауына аз уақыт кететін, желісі қарапайым және қатысатын адамдар саны аз ойын.
Практик психолог кәсібіне сәйкес келетін ойындар:

  1. «Кеңесші қабылдауында». Рөлдер – клиент, кеңесші (қалғандары – студенттер көрермен рөлінде);

  2. «Жанұялық терапия сеансы». Рөлдер - жанұя (2,3,4,5адам);

  3. « Ата-анасы ішімдікке әуес жанұя» Рөлдер – анасы, әкесі, балалар (белгілі бір қорғаныста).

Осындай рөлдік ойындарды әрбір оқытушы өзінің сабағына арнап құрастыруларына болады. Бұл жерде әдетте, психотерапевтік тәсілдер мен тренингтердің көрнісі кеңінен қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет