4.Анимациялык қызмет әдістемесінің заңдылықтары
Анимациялық қызмет әдістемесінің заңдылықтары түсінігі анимациялықтың педагогикалық процестердің әдістемелік құрылымдағы жалпы және озық үлгілерің қамтиды. Анимациялық қызмет әдістемесінің заңдылықтары әдістемелік принциптермен ережелермен байланыса отырып жекелей әдістердің тиімділігін айқындайды. Принцип- бұл заңдылықтар мен айқындалатын жалпы міндетті талап, бұл қысқаша түрде белгіленген заңдылық. Ереже-көпқырлы, оларды қолдану аясы белгілі мақсат пен жағдайға байланысты шектеулі болып келеді. Әдіс –бұл кішкене ғана міндетті шешуге, кіші гірім мақсатқа жетіп отыру үшін қолданылатын шара.
Анимациялық қызмет әдістемесінің негізгі заңдылықтарына тоқталайық.
Басты заңдылық негізінен әлеуметтік және де педагогикалық міндеттердің байланысы. Бұл заңдылық мазмұнының түріне сәикес жалпы әдістемелік принциптермен байланысты болып келеді. Осы тұста ереже бойынша тұжырымдалуы мүмкін. Іс- шараны ұйымдастыруға кіріспес бұрын мақсаты ойластырылып,алдымен идеясын айқындап, сонан кейін формасын қарастырылады.
әдістеменің екінші заңдылығы Анимациялық шараларындағы адамдардың белсенді қимыл әрекеті.Бұл заңдылық аудитория белсенділігін арттыру принциптерін эмоционалды жағдайды алмастыруды қажет ететін, барынша күрделі әрекетке тартатын, аудитория назарын өзіне тартып, баурап алар ережелерді туғызады.
Келесі заңдылық тәжірибенің, өзара тәрбиелеу және өзін-өзі тәрбиелеудің үйлесімділігі- бұл обьекті мен субьектінің бірлігі және өзара әрекеті принциптерін қарастырады.
Анимациялық қызметінің келесі заңдылығы адамдар арасындағы байланыс, қарым-қатынас мәдениеті. Бұдан келіп адамдар арасындағы өзара қарым қатынас мәдениеті принципі туындайды. Бұған бірнеше әдістемелік ережелер; адамның қарым қатынасқа деген ұмтылысына, қарым қатынастық жағдай жасауға сүйенеді.
Анимациялық педагогикасындағы жеке дара ықпал етудің мәні күрделірек болып келеді. Мектеп пен мектептен тыс мекемелердегі Анимациялық қызметті зерттей келіп, оның жеке дара ықпал етудің төмендегідей жолдарын айқындауға болады.
Жас ерекшелігіне байланысты, . Мектеп пен мектептен тыс мекемелердегі мектеп жасына дейінгі, бастауыш, ортанғы және жоғары сынып оқушыларының жастарына қарай педагогикалық ықпалдың өзіндік ерекшелігін айқындау.
Оқу орнының түріне қарай жалпы білім беретін мектеп оқушысы, кәсіптік техникалық училище, техникум, интернат, балалар үйі және т.б. орындарының оқушысы тәрбиеленушісі болуына сәйкес ондағы тәрбиелік әрекеттің ұйымдастырылуының әртүрлі ерекшеліктеріне байланысты болады.
Жыныстық жас ерекшелігіне қатысты жасөспірімдер мен бойжеткендер арасындағы жүргізілетін анимациялық жұмыстың ерекшеліктеріне қатысты болады.
«қиын»,есі кеш кірген сондай ақ құлықтық нормадан жиі ауытқуыбар балалар мен жасөспірімдер арасындағы жұмыстарға байланысты педагогикалық ықпалдың мақсатты болуы.
Өмір сүру ортасы мен дамып жетілудің өзіндік ерекшкліктері балалардың оқу және анимациялық әрекеттеріне,қаладағы өзара қарым-қатынасына, құнды бағдарларына әрекеттеріне белгілі бір ықпалын тигізіп отырады.
Балалар мен жасөспірімдердің бос уақыттағы қызығушылықтарына байланысты. Бұл ретте ғылыми-техникалық, спорттық қызығушылық әрекетіне қарай балаларды топтастыруды айтуға болады.Бұл топтардың әрқайсысы ұйымдастырудың ерекше түрін қажет етеді.
Жеке дара ықпал етудің жолдарын білу және анимациялық шараларға қатысушылардың нақты құрамының барлық мүмкіндіктерін аша білу басты педагогикалық міндет.
Сонымен анимациялық қызметіндегі жеке дара ықпал ету педагогикалық нәтижеге төмендегідей мүмкіндіктер ықпал ету педагогикалық нәтижеге төмендегідей мүмкіндіктер арқылы жетуге болатындығын айқындайды; шұғылданмпаздылық қатысушылардың топтарын анықтау; осы топтың мектеп пен мектептен тыс мекемелердің өзіндік ерекшеліктеріне қатысты, салыстырмалы түрдегі әлеуметтік психологиялық ерекшеліктерін білу ,есепке алу; анимациялық әрекеттегі қарым қатынастың мақсатын білдіретін проблемаларды айқындау;
Әдістеменің заңдылықтарына сондай ақ анимациялық қызметінің дамушы қалпына келтіруші факторлардың бірігуі жатады.Бұл заңдылық анимациялық қызметтік бос уақытта ұйымдастырылуына қатысты. Бұдан кейін анимациялық қызмет демалыспен босаңсуды қамтамасыз ететін әрекетке деген сұранымды танымдық мақсаттағы сауықты ұйымдастыруды қажет етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |