Педагогикалық анимация технологиясының негіздері. Жоспар



бет11/12
Дата07.02.2022
өлшемі53,93 Kb.
#95259
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
1-2 лекц

5.Анимациялык қызмет түрлері, әдістері мен құралдарының жалпы сипаттамасы

Аниматор топтың мүшесі болып, топтың өміріне қатысады. Ол топтың әлеуметтік және мәдени жетілуіне жауапты болып табылады. Оның міндеті балалардың мәдениетке деген ұмтылысына жағдай жасайды, топта жақсы қарым-қатынас орнатуға көмектеседі, балалардың шығармашылыққа деген жігерін артгырады.


Аниматор іс-әрекеті жан-жақты болуы мүмкін, немесе нақты арнайы бағытта болуы мүмкін. (шығармашылық техникасы).
Бірінші жағдайда, жетекші жаппы ұжым жетекшілерімен, ұжымның мүмкін қажеттіліктерін ескере отырып, бағыттаушылық қызмет атқарады.
Екінші жағдайда, жетекші нақты техникалық немесе басқа біліктілік, мамандық ала алады. ¥жым іс-әрекеті мөлтек аудан, ауыл, қалаға ашық болуы мүмкін. «Анимация» термині француз педагогикасында топтың динамикалық мәселесінде және бос уақыт тәрбиесінде пайда болды. Педагогикалық анимация тұлғаның топта және топтың жеке және автономды өзін-өзі аныктауына сәйкес келеді. Француз педагогтарының ойынша соның ішінде Р. Торай педагогикалық анимация тек іс-әрекеттті қамтымайды, сонымен қатар оқу-тәрбиелік процеске белсенді түрде енгізіледі, өйткені оның мақсаты тереңірек. Педагогикалық анимация индевитте өзінің күшіне деген сенімін және мүмкіндіктерін, қарым-қатынас процесін белсендіреді, өзі-өзі тану, өзін-өзі мойындау, адами қарым-қатынаста жаңа стиль қалыптастырады.Адамның барлық іс-әрекетінде шығармашылық қажетгіліктерін қанағаттандырады.
Анимациялық қызмет түрлері мен қолданылатын әдістері және құралдарыныңжиынтығы әдістеменің құрамдас бөліктері.
Адамдардың сана сезімінде идеялық-экономикалық әсер ету аспаптары мен құралдарын жұмыс құралы деп айтуымызға болады. Қойылған мақсатқа қол жеткізу барысында қолданылатын барлық нәрсе құрал болып есептелінеді. Құралдар қатарына ауыз екі сөз, мерзімді баспа сөз , теледидар, насихат құралдары,дыбыс жазғыш, дыбыс шығарғыш, дыбыс күшейткіш аппаратуралар, көлік, музыкалық аспаптар, костюмдер жатады.Әрбір құралды пайдаланған кезде оның әрқайсысының, мүмкіндіктерін жете білу қажет, оны өз жұмысында тиімді қолданудың әдістемесін білу керек.Негізгі қойылатын талаптар мынадай; әсер ету құралын қанша жеке дара, оның әсер ету обьектісіне қарай таңдайды.Мысалы; жасөспірім, зейнеткер, дінге сенуші,үй шаруасындағы әиел- осы адамдарға ннемесе топтарға әсер етудің өзіне лайық идеялық-эмоционалдық құралдары болуы тиіс; құралдарды іріктеу іс-шараның мақсатына ғана байланысты; әсер етудің таңдалған құралдарының сапасы мен саны көркемдік қойылым міндеттеріне сай болуы керек. Құралдарды іріктеп алған кезде анимациялық ұйымдастырушы оны пайдалану әдістемесін жете білу керек.
Әдіс ұғымы негізденген, белгілі бір қызметтің орындалуына төселген тәсілі деген ұғымды білдіреді.
Жұмыстың әдісі, педагогика және психология заңдылықтарына сүйене отырып анимациялық қызметті басқару болып табылады.
Әдістердің төмендегідей түрлері бар;
- ақпараттық.
- эвристикалық\ жаңа ұғым, түсінік беру\
- зерттеу әдісі
- бағалы-бағдарлық әдіс
- шығармашылық ұйымдастыру және оған ықпал жасау әдісі
- рекреакциялық-гедонистикалық әдіс
- анимациялық қызметінде адамдардың жүріс-тұрысына ықпал ету әдісі.
Ағарту әдістеріне;
- баяндау,факт,идея,ауызша түрде баяндау.
- демонстрация.
- жаттығулар. Алған білімді түсіндіруге арналған арнайы бағытталған қабылдау мүмкіншіліктерің арттыру жатады.
Тәрбиелеу әдістері бұл көпқырлы, педагогикалық процестің барлық қырын қамтитын әдіс. Анимациялық қызметіне төмендегідей тәрбиелеу әдістері; дәлелдеу, мадақтау, бетке басып айту әдістері жатады.
Шығармашылық қажырлылыққа жағдай жасау әдісіне;шығармашылық міндетті алға қою, іскерлік ойындар, шығармашылық қабілет пен мүмкіндікті жетілдіруге арналған жаттығулар,шығармашылық бірлестік мүшелерінің даму және қабілет деңгейлеріне сәйкес шығармашылық ынтымвқтастықты ұйымдастыру, ұжым арасында және бюасқа да жерлерде шығармашылық сайыс, бәсекелер ұйымдастыру жатады.
Демалыс пен ойын-сауықты ұйымдастырудағы қолданылатын әдістерге мұндай қызметті басқарудың қиындығына байланысты: сауықтық шаралар,өзін өзі қалпына келтіру\ шараларға тарту, ығыстырып,ауыстыру,ойын сауықтардың ұйымдастыру әдістері жатады.
Анимациялық мекемелеріне келушілер мен жұмысты ұйымдастыруда,жұмыстың түрлері бұқаралық, топтық және жеке дара болып бөлінеді.
Анимациялық қызмет тұрі екі жақты тұжырымдалды. Біріншіден, адамдарды бірлескен іс-әрекетке жұмылдыру әдісі ретінде ұйымдастыру түрі-жеке, топтық, бұқаралық болып келеді, екіншіден, идеялық- эмоционалдық материалдық өзін ұйымдастыру тәсілі ретінде әдістемелік түрлері ауызша, басылымдық, насихаттық, кешендік, театрландырылған болып тұжырымдалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет