Кейске қойылатын басты талаптар: 1. анық , нақты, түсінікті мазмұндалуы керек;
2. мәселелігімен, оның ең басты “өзегін” мәнерлеп, айқын көрсету;
3. жағымды, жағымсыз жақтарында мысалмен көрсете білу керек;
4. керекті мазмұнын ақпараттарды жеткілікті беру;
5. проблемалық ситуацияның айқындылығы, оның біліктілігі. Кейс ситуацияның моделінжасауда ең маңызды орын алады. Сонымен қатар Кейс мәтінінде берілген мәселені шешуді ешқандайда жауабы берілмеуі керек.
Мультимедиялық оқу презентацияларға қойылатын талаптар: 1. Әлеуметтану пәнінен СӨЖ, СОӨЖ тапсырмаларында көрсетілген кез-келген тақырыпты таңдап, оған презентация жасаңыз. Тақырып таңдау барысында қиындықтар туындаса оқытушымен ақылдаса отырып, бір тақырыпты таңдаңыз.
2. Тақырып таңдалғаннан кейін материал жинауға кірісіңіз. Материал дегеніміз осы тақырыпқа қатысты деректер, мағлұматтар, қанатты сөздер және иллюстративті материал.
3. Тапқан материалыңызға сәйкес жоспарлы түрде бір жүйемен презентация жасауға кірісіңіз.
4. Жиналған материал бойынша презентацияны слайд-шоу түрінде жасаңыз. Слайдтар саны - 15-20-дан кем болмасын.
5. Презентацияны жасау барысында келесі техникалық талаптарды сақтаңыз: презентация жасау кезіндегі ең көп қолданылатын түс ақ және қара түс. Мәтіннің (текст) әріптерін Arial, Calibri, Tahoma әріптерін пайдалана отырып, 28 шрифтпен жасаңыз. Презентацияның тақырыбын және әрбір слайдтағы тақырыпшаларды 30-50 шрифті яғни барынша үлкен шрифті қолданыңыз.
Егер презентацияға кесте (таблица) салатын болсаңыз онда әріптерді кішірек шрифтпен жазған жөн. Презентацияның құрылымы: бастапқы бет, мазмұны, негізгі бөлім, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Тақырыптың мақсаты мен міндеті міндетті түрде көрсетілуі керек. Соңғы слайдқа «Назарларыңызға рахмет!» деп жазуды ұмытпаңыз.
ҚББТ бойынша оқитын студенттерге қойылатын жалпы талаптар:
Қашықтықтан оқитын студенттер Platonus білім беру платформасына жүктелген барлық тапсырмаларды жүйелі түрде бақылап, дер кезінде орындауы тиіс. Онда оқытушы тапсырманың мазмұнын, орындалу мерзімі мен бағалау критерийлерін көрсетеді;
Сұрақтар туындаған жағдайда, студент білім беру платформаларының бірін (Moodle / AИС Platonus) қолдана отырып, хабарлама жазу арқылы немесе байланыс ақпаратында көрсетілген телефон нөмірлері бойынша оқытушыға хабарласа алады;
тапсырмалар апта сайын беріледі, әр аптаның соңында оқытушы тапсырмаларды тексереді және бағасын электронды журналға қояды;
Әрбір академиялық кезеңнің 7 -ші және 15 -ші апталарында студент рейтингтік бақылау тапсырмаларын орындайды, бақылау тапсырмаларына қойылатын талаптарды әрбір оқытушы АИС Platonus-қа енгізеді;
Курстың соңында кафедра енгізген талап бойынша ауызша не жазбаша түрінде емтихан тапсырылады. Тест түрінде болатын емтихандар AIS Platonus немесе СДО Moodle білім беру платформалары арқылы тапсырылады.