ПОӘК 042-14-5-05. 02. 20. 22/2013 № басылым



бет1/6
Дата25.06.2017
өлшемі1,44 Mb.
#19993
  1   2   3   4   5   6

ПОӘК 042-14-5-05. 02.20.22/2013


_____№ ___ басылым

___беттің _______ беті





« Педагогика және психология » мамандықтарына арналған


«Педагогиканы оқыту әдістемесі» пәнінің

ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ




ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

СЕМЕЙ-2013


Мазмұны

1 Глоссарий..........................................................................................................

2 Дәрістер.............................................................................................................

3 Тәжірбиелік сабақтар....................................................................................

4 Курстық жұмыстар мен дипломдық жоба...............................................

5 Студенттердің өздік жұмысы........................................................................



1 ГЛОССАРИЙ

1.1 Ақпараттандыруғылымның дамуына байланысты пайда болатын, ақпараттық технологиялар мен жаңа телекоммуникация құралдарын педагогиканы оқыту үдерісі кезінде қолдану, педагогикалық білім беру мазмұнын жаңа ақпараттармен толықтыру.

Әдіс (грек. «methodos» - шындыққа жетудің жолы) ретке келтірілген іс-әрекеттің белгілі бір тұрғыда мақсатқа жету жолын білдіреді.

Бейнелік көрнекіліксабақта заттар, құбылыстар мен үдерістер бейнесін, олар туралы теориялық білімдерді көрсету. Бейнелеу көрнекілігінің өзі үш түрлі болады: көркем бейнелеу, символдық бейнелеу және мәтіндік бейнелеу.

Бекіту – екінші қайтара ұғу және оқылған материалды бірнеше рет еске түсіру үдерісінен тұрады. Білімнің беріктігі, пәрменділігі практика жүзінде тексеріледі.

Білім беру білім алушылардың білімдер жүйесін қалыптастырудағы білім, іскерлік пен дағдыларын меңгертудің үдерісі, олардың негізінде дүниетанымдық, адамгершілік және т.б. тұлға қасиеттері, адамға тән көзқарастардың қалыптасуы, шығармашылық күш пен қабілеттерінің дамуы.

Білім берудің жаһандануы білім берудің ашықтығына бағытталған, яғни білім алудың жалпыға қол жетімділігі, оны игерудің мол мүмкіндіктерінің болуы.

Вариативті компонент аймақтық және жергілікті әлеуметтік мәдениеттің ерекшеліктері мен дәстүрлерін ескеретін, білім алушылардың бейімділігі мен қызығушылығына байланысты жеке даму қасиеттерін қамтамасыз ететін типтік оқу жоспарының бөлігі.

Жинақтау – заттың немесе құбылыстың нақтылы ортақ белгілерін анықтау және жүйелеу, нақтылыдан абстрактіліге өту, пікірлер, ойлар қалыптастыру, өзіндік қорытындылар мен дәлелдеулерге өту үдерісі.

Заттық көрнекілік – нақтылы заттарды, құбылыстар мен үдерістерді демонстрациялау. Оқытушының басты міндеті – көрнекілік арқылы педагогиканы оқыту барысында арнайы феномендерді, заңдылықтарды көрсету. Бұл жақсы түсіну мен есте сақтауға негіз болады. Осы орайда «жүз рет естігенше, бір рет көрген артық» деген белгілі мәтел қолданылса керек.

Инвариантты компонент білім алушылардың жалпы адамзаттық идеалдар мен мәдени дәстүрге сәйкес тұлғалық қасиетінің қалыптасуын қамтасыз ететін және мемлекет аумағында білім берудің біртұтас кеңістігін құрайтын типтік оқу жоспарының түйіні.

Көркем бейнелік көрнекілік - бейнеленуші нысанды немесе жағдайды бөлшігесіне дейін қалдырмай бейнелейді. Бұған фотосуреттерді көрсету, суреттер, кино және бейнефильмдерді демонстрациялау жатады. Басқа жағдайларда сурет өнері мен суреттер де қолданылуы мүмкін. Фильмдердің өзін ғылыми-көпшілік және көркем фильмдер деп екі типке бөлеміз.

Мамандандыруеңбек пәні мен нақты іс-әрекетін ескере отырып жасалған, педагогикалық мамандықтардың шегінде педагогты нақты іс-әрекет түріне дайындауға бағытталған педагогикалық пәндерді іріктеу. Мысалы, педагогика пәнің оқытушысы, әлеуметтік педагог, педагог-дефектолог және т.б.

Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартытүлектерді кәсіби даярлаудағы міндетті түрдегі талаптар деңгейін анықтайтын және осы талаптарға сай оқыту мен бақылаудың мазмұнын, әдістерін, формаларын, құралдарын белгілейтін нормативті құжат. Жалпы педагогикалық білім беруді стандарттау түлектерді педагогикалық дайындаудың деңгейіне деген негізгі талаптарды анықтайды және сонымен қатар «норма», «үлгі» ретінде де қызмет атқарады.

Оқулық – қазіргі заманғы ғылым мен мәдениеттің жетістіктері деңгейінде белгілі бір жастағылар мен әлеуметтік топтарды оқыту мен тәрбиелеудің мақсаттары мен міндеттеріне жауап беретін, белгілі бір салада жүйелі түрде баяндалатын білім негіздері туралы кітап.

Оқыту – арнайы ұйымдастырылған, мақсатты бағытталған үдеріс, оның жүргізілу барысында білім алушылар белгілі бір көлемде білім, іскерлік пен дағдылар жүйесін игеріп, табиғи қабілеттері дамиды, әлеуметтік және тұлғалық мәнге ие қасиеттердің қалыптасуы жүзеге асады.

Оқыту әдісі дегеніміз оқытушы мен білім алушылардың ретке келтірілген өзара байланысты іс-әрекеттерінің оқу үдерісіндегі білім беру, тәрбиелеу және дамыту міндеттерді шешуге бағытталған іс-әрекет түрі.Оқыту әдістері – оқу-тәрбие үдерісінде үйретуші, дамытушы, тәрбиелеуші, ынталандырушы (мотивациялық) және бақылау-түзетушілік қызметтерді атқарады.

Оқыту құралдары (педагогикалық құралдар) – оқытушының оқу үдерісіне ықпал етуде қолданатын барлық материалдар жиынтығы. Оқыту құралдарына педагогикалық міндеттерді шешуде қолданылатын рухани және материалдық мәдениет заттары жатады.

Оқытудың белсенді әдістері – оқу материалын меңгеру үдерісіндегі студенттердің танымдық іс-әрекетін арттыруға негіз болатын оқыту тәсілдері.

Оқытудың жекеленген жүйе әдісі – білім алушылар өздігінен, жекелей оқу материалын оқу әдебиеттері, бейнефильмдер, юниталар, слайд-дәрістер, курстық кейстер арқылы меңгеретін оқыту тәсілі.

Пәнаралық интеграция – болашақ педагог даярлығының барлық кезеңіндегі білімдер мен практикалық іс-әрекеттер бірлігі.

Педагогика – педагогикалық үдерістің мақсатын, заңдылықтарын, принциптерін, әдістері мен құралдарын, формаларын, мазмұны мен технологиясын адам дамуының құралы мен факторы ретінде зерттейтін ғылым.

Педагогикалық пәндер интеграциясыпедагогикалық білімдер жүйесін бір тұтас бірлік ретінде меңгеруге әкелетін, педагогикалық дайындық жүйесі аясында өтетін үдеріс.

Принциптер – оқыту үдерісін ұйымдастыру мен өткізуге жетекшілік жасайтын нормативтік талаптар

Пікірталас әдісіоқу материалының дау тудыратын тақырыбын қарастыруға, талдауға бағытталған және білім алушылардың әр түрлі ұстанымдарын бір арнаға тоғыстыратын оқыту тәсілі.

Іскерлік ойындар әдісі – оқу-кәсіби міндеттердің ережелер бойынша ойын формасында шешілетін оқыту тәсілі. Білім алушылар кәсіби іс-әрекеттің үзінділерінен көрініс қоя отырып, түрлі рөлдер мен кәсіби іс-әрекет түрлерін орындайды.

Семинар (лат. seminarium – көшет), студенттердің оқу-танымдық іс-әрекеттерін ұйымдастыру формасы, ол бекітуге арналған, сонымен қатар өз бетімен алған білімдерді тексеру мен бағалау тәсілі.

Символдық (сызбалық) көрнекілік – заттардың немесе құбылыстардың белгісін, сипатын, байланысын көрсететін бейнелер. Оған кестелер, сызбалар, диаграммалар, графиктер жатады. Оларда теориялық ойлар беріп, құбылыстар құрылымы туралы білімдер жүйесі, белгілі бір параметрлер байланысы көрсетіледі. Символдық көрнекілік мәтіндік көрнекілікпен жақсы үйлесім табады.

Тәрбие – тұлғаның дамуына және қалыптасуына негізгі жағдайларды жасауға бағытталған мақсатты үдеріс.

Типтік оқу бағдарламасы – педагогика оқу пәні бойынша студенттер меңгеруге тиіс негізгі білім, іскерлік, дағды мен құзыреттіліктің шегі анықталатын және педагогиканы оқытудың ерекшеліктеріне тән әдістер, тәсілдер мен оқытудың құралдарының тізімдері көрсетілген әдістемелік сипаттағы нұсқаулықтары бар нормативті құжат.

Типтік оқу жоспары Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігімен бекітілген нормативтік құжат. Онда оқытылатын пәндердің тізімінен және оларды оқу семестрлеріне бөлетін және пәндерді әр оқыту сатысындағы оқыту көлемін анықтайтын, оқу сабақтарының формалары (дәрістер, семинарлар, практикалық сабақтар, өзіндік жұмыстар және т.б.), аралық және қорытынды бақылау түрлері (емтихан, курстық, дипломдық жұмыс) көрсетілген.Типтік оқу жоспарының құрылымындағы инвариантты және вариативті компоненттерді ерекшелеуге болады.

Түсіну – оқылатын пәннің (құбылыстың, үдерістің) арасындағы байланыс пен қарым-қатынастың алғашқы мәнін ашу, оның құрамын, қызмет ету себептері мен көздерін анықтайтын үдеріс.

Ұғыну – оқылатын ақпаратты талдау және жинақтау, салыстыру және салғастыру, топтау және жүйелеу үдерісі.

Ұйымдастырушылық-әдістемелік принциптер педагогиканы оқыту үдерісінің ұйымдастырушы формалары мен әдістерін анықтайтын ережелер.
Шеберлік – ол өте көп мағынада қолданылады. Мысалы: іскерлік, өнерпаз, іскер, ұста, білімпаз т.б. Шебердің қолы ортақ деуге болады.

Іскерлік ойын - әр түрлі жағдайларда берілген неме­се қатысушылардың өздері бекіткен ережелер бойынша басқаратын шешімдер қабылдауының еліктеушілік әдісі (имитация).
2 ДӘРІСТЕР



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет