50 жаттығу. Жаттығу шағын топтарда – «үштікте» өткізіледі.
Нұсқаулық: «Жаттығуды орындау барысында екі адам әңгімелеседі, ал үшінші адам «бақылаушы» ролінде болады. Үш әңгімелесу өткізілетін болады: үшеуі бір-бірімен әңгімелеседі және әрқайысысы кезекпен бақылаушы ролінде болады. Әрбір әңгіме 8-9 минут ауқымына есептелген. Мен уақытты қадағалаймын және қашан ролдерді ауыстыру керек екендігін хабарлап тұрамын. Жұппен әңгімелесу барысында келесі ережені ұстаныңыз: талқылаған мәселе бойынша өз пікіріңізді білдірере алдында, алдыңғы серігіңіз айтқанды қайталап айтыңыз. Қайталауды: «Сенің ойыңша....», Сенің айтуыңша....», деген сөздермен бастауға болады. Бақылаушы ереженің сақталуын қадағалап тұрады және әңгімелесушілер ережені сақтамаған сәтте әңгімеге араласуға құқығы бар».
Әңгіменің тақырыбын жаттықтырушы ұсынады, және топтың құрамына байланысты болады. Мәселен, басқарушы қызметтегілерден құралған топқа: «Басқарушы жұмысының нәтижелі болуы үшін оның бойына қажетті үш негізгі қасиетті атау» деген тақырыпты беруге болады.
Жаттығуды ақтағаннан кейін топта: «Әңгімеге серігіңіздің сөзін қайталау қандай әсер берді?» деген сұрақты талқылау орынды болады. Негізінен, талқылау барысында төмендегідей ойлар ортаға салынады:
бұл менің серігімді дұрыс түсіне алғанымды тексеруге мүмкіндік берді;
әңгіменің тақырыбынан ауытқымауға, талқылаудың ағымында болуға, серігің айтқанды айтуға мүмкіндік берді;
қайталау барысында серігіңнің ойын нақтылай түсу көрініс алды;
серігіңнің айтқанын жақсылап жадыңда сақтауға септігін тигізді;
эмоционалдық байланысты жақсартты (сені тыңдағаны, түсінгенін сезіну ұнады);
Сенің сөздеріңді басқа біреудің айтуынан есту арқылы өзіңді жақсырақ түсіне бастайсың, талқыланған мәселенің жаңа қырларын байқайсың және т.с.с.
Достарыңызбен бөлісу: |