51 жаттығу. Топ мүшелері жұпқа бөлінеді.
Нұсқаулық: «Қазір серіктестердің әрқайысысы кезекпен өзін толғандырған қандай- да бір мәселені айтады. Екіншісінің міндеті – мәселенің негізін түсіну, қарым-қатынастың үндемей тыңдау,нақтылау, айтып беру, серігінің ойын ары қарай өрбіту сияқты нақты бір тәсілдерін ғана пайдаланып мәселені шешуі тиіс».
Жаттығу орташа есеппен 30 минутқа есептелген. Қарым- қатынасты және оның нәтижесін нақтылай түсу үшін, жаттығудың тиімділігі арттыру үшін тыңдаушы қатысушыға нұсқаулықта аталған тәсілдер жазылған текшелер беруге болады. Әңгімелесуді бастар алдында, ол өзінің серігіне өзі қолданамын деп таңдаған тәсілдердің аты жазылған текшелерді көрсетуі керек.
Жаттығуды «үштікте» өткізуге болады. Бұл жағдайда екеуі жоғарыда суреттелгендей әңгімелеседі де, үшінші адам «бақылаушының» ролінде болады, оның міндеті – жұптың бірінші мүшесінің әңгімесінен кейін, (яғни, өзін толғандырған мәселені айтушыдан кейін) екінші адамға серігіне жауап қайтаруда қолдануы тиіс тәсілдер жазылған текшелерді көрсетуі керек.
Талқылау барысында топқа: «Әңгіме барысында сізде қандай әсерлер туды?», «Қандай тәсілдерді жиы және қандайды сирек қолдандыңыз?», «Қандай тәсілдерді қолдану қиындық тудырды?», «Тәсілдерді қолдану қандай нәтиже берді?» деген сұрақтар қоюға болады.
Бұл жолмен, аталмыш жаттығу дәріске қатысушылардың басқа адамдарды қалай тыңдауға болатындығын түсініп, талдауға әрі осы жолда қандай қателіктер орын алады және неліктен екенін түсінуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ жаттығу тыңдай алу қабілеттін жаттықтыруға септігін тигізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |