Психологиялық жаттығулар жинағы І. ӘРіптестік қарым -қатынас тренингі психологиялық тренинг: ТҮсінігі, тарихы, міндеттері, Ұстанымдары


өзгерту. Топ шеңбер құрап отырады. Нұсқаулық



бет65/201
Дата23.05.2020
өлшемі1,93 Mb.
#70829
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   201
Байланысты:
Жігітбекова Б.Д.

1 өзгерту. Топ шеңбер құрап отырады.

Нұсқаулық: «Біз жұмысымызды аяқтаймыз. Біздің әрқайысымыздың топтың кез- келген мүшесінен сізге қарым- қатынас жасауға көмектесетін қасиет пен кедергі жасайтын бір-бір қасиетті атауын өтініп сұрау мүмкіндігі беріледі. Сұрақ қойылған қатысушылар біраз уақыт ойланады да, одан кейін кезекпен өз ойларын ортаға салады.

Жаттықтырушы жаттығуға қатыса алады, бірақ ол топ мүшелері онымен жұмыс аяқталғаннан кейінде сөйлесе алатындығын ұмытпағаны жөн.


2 өзгерту Топ шеңбер құрап отырады.

Нұсқаулық: «Біз жұмысымызды аяқтаймыз. Қазір әрқайысыңыз кезекпен өзінің алдына мына орындықты қояды (жаттықтырушы орындықты шеңбердің ортасына қояды). Топтың барлық мүшелері, сізге ыңғайлы кезекпен қасыңызға келеді де орындыққа отырады да оның ойы бойынша сіздің бойыңыздағы қарым- қатынас жасауға көмектесетін және кедергі жасайтын бір қасиетті атайды. Ескеретін бір жағдай, топтың жұмысы барысында көрінген және коррекциялауға жажатын қасиеттерді ғана атау қажет. Барлығы өзінің пікірін айтып болғаннан кейін, келесі қатысушы орындықты өз алдына қояды. Жаттығу жалғасады және т.с.с».
54 жаттығу Барлық қатысушылар шеңбер құрап отырады.

Нұсқаулық: «Бүгінгі күнді бір-бірімізге назар аударумен, бір- біріміз туралы ойлаумен бастайық және оны төмендегідей жасаймыз: көзімізді жұмамыз (жаттықтырушы үзіліс жасайды, топтың барлық мүшелері көздерін жұмғанша күтеді) және ойымызда шеңбер бойымен жүріп өтіп, топтың әрбір мүшесінің алдында тоқтап оның бойында қандай жақсы қасиеттер бар екенін, қай жағынана мықты екенін ойлайық».

Жаттықтырушыда қатысады, бұл негізінен барлығы тапсырманы орындап үлгеру үшін және ойымен әрбірінің қасына баруына қанша уақыт керектігін анықтауға көмектеседі.



«Көзімізді ашамыз. Енді сіздердің біріңіз өзі таңдаған топ мүшесіне доп лақтырады да, ол адамның бойында қандай жақсы қасиеттер бар немесе қай жағынан мықты деп ойлайтынын айтады. Допты тосып алған адам өз кезегінде келесі адамға допты лақтырып оның бойындағы жақсы қасиеттер мен мықты жағын айтады және ары қарай т.с.с. доп әрқайысымыздың қолымызға тигенге дейін. Әркім өзінің мықты жағын білуі тиіс».

Тапсырма аяқталғаннан кейін, жаттықтырушы допты топтың өзі қалаған адамына бергісі келген бірақта, ол адамға басқалар назар аударғаннан кейін бере алмаған адамына бергісі келгендер бар ма екенін оларға мүмкіндік берілетінін айтады. Ондай адамдар қатары бірнеше болуы мүмкін.

Талқылау барысында: «Сіз енді өзіңізді қалай сезінесіз?» деп сұрап, осы жаттығуды орындау барысында пайда болған позитивті сезімдер мен эмоцияларды жазып отырады.

Бірақта, бұл сұраққа жауап бергенде топтың кейбір мүшелері басқа адамға оның жақсы қасиеттері туралы айтқан сәтте орын алаған қолайсыздықтар мен қиындықтар туралы айтуы мүмкін. Мұндай жауаптар терең әрі мағыналы талқылауды қажет етеді. Мұндай талқылауды (егер машықтықтың тақырыбына сай болса, мысалы: «Келісім, жағымды кері байланыс») тақырыбымен жұмыс істеу керек болса) «Сіз басқа біреудің жеке қасиетін айтқанда және сіздің жеке қасиеттеріңізді айтқанда қандай күйде болдыңыз?» деген арнайы сұрақ қою арқылы тудыруға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   201




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет